Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен


Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріңіз. Сөйлемдер құрастырыңыз



бет3/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3.Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріңіз. Сөйлемдер құрастырыңыз.

Ала жібін аттамау, егіз қозыдай, балдай тәтті, балаша мәз болу, желдей есу.


4. Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып қойыңыздар.

1.Тіл – адам ойының ... 2. Аңдамай сөйлеген ... ... 3. Ойнап сөйлесең де, ... ... 4. Тисе терекке, тимесе ... 5. Айтылған сөз - ... оқпен тең. 6. Бал тамған тілден ... тамар. 7. Көп сөз - ... 8. Көп сөз – күміс, аз сөз ... 9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... 10. Таза сөйлеу – биік ... 11. Көңілсіз ... – ойға олақ.

Керекті сөздер: 1.Құлақ. 2. Мылжың боласың. 3. Мәдениеттілік. 4. У. 5. Атылған. 6. Бос сөз. 7. Айнасы. 8. Ауырмай өледі. 9. Ойлап сөйле. 10. Алтын. 11. Бұтаққа.

5. 4 –тапсырмада берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар екенін түсіндіріңіз?

6. Тұрақты тіркестерді сурет арқылы көрсетіңіз.

Бауырына салған– усыновить

Кірпіктерінде қуаныш жасы бар еді– слезы радости на глазах

 Екі көзі оттай жанады– оживляется

 Көздің жауын алады – привлекает взоры 

 Қабағынан қар жауғандай – мрачен, туча – тучей

 Көзімен атып жіберердей – смотреть злым взглядом

 Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом

Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом

Жегені   желкесінен шықты - Ему это боком вышло


Екі иығына екі кісі мінгендей– очень широкоплечий

7. Төрт топқа бөлініп, берілген тақырып негізінде әңгіме құрастырыңыздар.

Нар тәуекел- ер ісі.(Риск-благородное дело)

Уәде-жанның азығы.(Уговор дороже денег)

Бірлік болмай, тірлік болмас (Без единения нет жизни).



Ырыс алды — ынтымақ (Счастья начало – согласие).

8.Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтып беріңіз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез,

Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық,

Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз!

Осы бір шырын –тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз

Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі.

Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз,

Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам бейілі.

(Ө.Тұрманжанов)



9. Тұрақты тіркестерді пайдаланып, бір-біріңізге тілек айтыңыздар.

Көп жаса– живи долго

Өркенің өссін– пусть множится твое потомство

Мерейлі бол– пусть всегда сопутствует тебе удача

Игіліктің   ерте-кеші жоқ - Никогда не поздно делать добро

Жұлдызың жансын- Пусть твоя звезда горит!

Құшақ жайып - С распростертыми объятиями

10. Қазыбек бидің өсиет- тілегін жаттаңыз

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма - 

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма,

Өскеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма - 

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға.

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!



6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

  1. Адамның жақсы мінезін атаңыз.

  2. Адам бойындағы жағымсыз қылықтарды айтыңыз

  3. Адамның сыртқы келбетіне байланысты сөз тіркестерін айтыңыз

  4. Кандай кешірім, реніш, жұбаныш сөздерін білесіз?.


1.Тақырып№6, аталуы: Замандас келбеті. Синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау.

2. Сабақтың мақсаты:тақырыпты түсінуі, өз көзқарасын қалыптастыру, ойын жаза білуге, ақпараттарды тыңдауына машықтандыру. Көпшілік ортада сөйлей алуы, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың қолдана білуге дағдыландыру

3. Оқытудың міндеттері:.

- Студент білу керек:

- көпшілік ортада сөйлей ала білуі

-синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардыңбілуі

- сұрақтарға дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- Студент істей білуі керек:

- жаттаған сөздіктерін пайдалана білуі керек;

- естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып айта білуі

-мәнерлеп өлең оқи білуі



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Замандас келбеті.

2. Адам мінезі.

3. Синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипаты.

4.Адам мінезіне қатысты мақал-мәтелдер.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: мақал-мәтелдермен жұмыс, жаттау, сурет бойынша жұмыс, сұрақ – жауап,баяндау, жазылым эссе жазу, , жаттау.

1.Мақал-мәтелдер антоним болатын сөздердің астын сызыңыз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

1. Ашу түбі тұңғиық батасын да  кетесін

Ақыл түбі жел қайық  мінесің де өтесің

2. Жомарттың бергенін көріп,

Сараңның іші күйер

3.Ақылдыға – сабақ,

Ақымаққа – таяқ.

4. Ашу арындайды

Ақыл артынан аяңдайды

5. Жақсы келін – келін

Жаман келін - өлім

6.Жақсыдан шарапат

Жаманнан кесепат

7. Дос жылатып айтады,

Дұшпал күлдіріп айтады

8. Адам аласы ішінде

Мал аласы сыртында

2.  Зат есім, сын есім, етістік және үстеуден болған синоним сөздерді топтап жазыңыз.

Зат есімнен

болған синонимдер



Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер













ел, келбетті, жұрт, ажарлы, көпшілік, кездесу, жолығу, алыс, қашық, жамағат, шалғай, сұлу ,дидарласу, ұшырасу, халық, әдемі, қиян, көрікті.

3. Омоним болатын сөздерді тауып, омонимдік қатарды беріңіз.

Үлгі: сыр — біреудің құпия ойы

сыр — бояу

Мені түртпектеп, ызаландырып сөйлетіп, құпия сырымды біліп алғысы келді (М.Мағауин).Шолпан көңілді көрінгенімен, Айман жүзінде абыржу аралас ойлы мұң бар (Қ.Мұхамеджанов). Біз көріспеген аз уақыттың ішінде генерал арықтап, жағасы мойнына кеңіп қалыпты (Б.Момышұлы). Айшаның көзі жасқа толып, тұла бойы қалтырап, тітіркеніп кетті (И.Салахов). Гүлжаһан атты бір қылықты қыз көптен бері көрші тұратын (Б.Әбдіразақов).



4. Сергіту сәті. «Менің замандасым қандай екен» Жаныңыздағы құрбыңызға төмендегі сауалдарды қойыңыз.

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолының бас бармағын сол қолының басбармағының үстіне қойса,  параққа «2» санын жазыңыз, егер сол қолы үстіде жатса - «1» деп жазыңыз.



2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзі ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзі ашық қалса - «2» санын жазыңыз.

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолының саусақтары оң қолының үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолы үстіде жатса - «2» санын жазыңыз.



4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолы үстіде болса - «1», егер оң қолы болса, онда «2» санын жазыңыз.



Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.

«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

5.Адамның мінезіне қатысты сөздерді жаттаңыз.


  1. Адал- добросовестный

  2. Ақкөңіл,қайырымды-добрый

  3. Ақылды-умный

  4. Аңқау-наивный

  5. Әдепті-вежливый

  6. Байсалды-уравновешенный

  7. Беделді-авторитетный

  8. Білімді-образованный

  9. Еңбекқор-трудолюбивый

  10. Ерке-избалованный

  11. Жомарт-щедрый

  12. Жұмсақ-мягкий

  13. Кеңпейіл-широкая натура

  14. Кішіпейіл-вежливый

  15. Көңілді-веселый

  16. Көпшіл-общительный

  17. Қайырымды-милосердный

  18. Қалжыңбас-щутник

  19. Қарапайым-скромный

  20. Парасатты-порядочный

  21. Салмақты-солидный

  22. Сезімтал-чувствительный

  23. Ұстамды-выдержанный

  24. Іскер-деловой

  25. Шешен-красноречивый

6. Адамның мінезіне қатысты сөздерді пайдаланып, «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбына ойтолғау жазыңыз.

7. Ән шырқайық ! «Армандастар » әнін жаттаңыз.

Армандастар



Сөзін  жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,


Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәріміз де жазылмаған дастан едік,
Армандастар – құрдастар!

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,


Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?


Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар – құрдастар!

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,


Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!

Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?!


Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,


Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Адамның мінезіне қатысты қандай сөздерді білесіз?

2.Қазіргі сіздің замандастарыңыз қандай болуы керек деп ойлайсыз?

3.Омоним дегніміз не?

4.Синоним дегеніміз не?

5.Антоним дегеніміз не?

6. Досыңыздың мінезін сипаттап беріңіз?

1. Тақырып №7, аталуы: Уақыт және адам. Уақыт алтыннан да қымбат. Студенттің бос уақыты. Дені саудың – жаны сау. Ауру – астан. Синоним,омоним, антонимдердің семантикалық ерекшеліктерін айыру.

2. Сабақтың мақсаты:студенттерді уақытты бағалауға үйрету, болашақ маман ретінде денсаулықты күтуге қатысты, дұрыс тамақтану бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері: көпшілік ортада уақыт туралы ойын жеткізе алуы ;


  • Студент білу керек:

- уақыттың қадірін;

- сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алу;

- үгіт-насихат жұмыстарының түрлерін білуі керек



  • Студент істей білуі керек:

- уақыттарын тиімді қолдана білуі

- мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуі керек;

- естігені бойынша мәліметті қорытып, өз ойын айта білуі керек.

- үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе білуі керек.

- дені саудың – жаны сау мәтініне байланысты сұрақтарға жауап беру,

сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Уақыт алтыннан да қымбат.

2. Студенттің бос уақыты.

3. Уақытты үнемдеу.

4. Әр нәрсе уақытымен қызықты.

5. Уақыттың пайдасы және жаулары.

6.Дені саудың – жаны сау.

7.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

8.Дұрыс тамақтану.

9.Сөз тіркестерінің валенттілігі.



5. Сабақ беру және оқыту әдістері: диаграммамен жұмыс, жазылым, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, эссе жазу.

1.Сіз өзіңіздің алтын уақытыңызды қалай өткізудесіз, диаграмма бойынша антонимдік тіркестермен беріңіз.

прямая соединительная линия 35прямая соединительная линия 36прямая соединительная линия 37прямая соединительная линия 33


овал 31прямая соединительная линия 34

прямая соединительная линия 30

прямая соединительная линия 27прямая соединительная линия 25прямая соединительная линия 26прямая соединительная линия 28прямая соединительная линия 29

2. Төмендегі сөз тіркестерін жаттап, сөйлем құраңыз.

Кісі бойы 1,70-1,75

Белуар(аяқтың басынан белдікке дейінгі мөлшер) 1м 35см

Кере құлаш(екі қол басының аралығы) 1м,70-75 см

Бір құлаш(жай созған екі қол басының арасы) 1,50-1,55м

Қарыс(бармақ пен ортан қолдың қарсы аралығы) 33-34 см

Бір сүйем(бармақ пен сұқ саусақтың керген аралығы) 21-22 см

Сынық сүйем(ортан буынан бүгіп кергендегі

сұқ саусақ пен бармақтың аралығы) 17-18 см

Төрт елі(қатар 4 саусақтың еніне тең) 8 см

Үш елі(үш саусақ еніне тең) 6 см

Екі елі(екі саусақ еніне тең) 4 см

Бір елі(бір саусақтың еніне тең) 2 см

Бармақ елі(бармақтыңеніне тең) 2,5 см

Шынашақ елі(шынашақтың еніне тең) 1-1,5 см

Тұтам(бармақ пен ортан қолдың түйісу аралығы) жуандық мөлшері

Адым(жай жүріспен бір басқан адымға тең) 60-62 см

Аттам(аттап басқан бір адымға тең) 70-72 см


3.Сурет бойынша халықтық өлшемдердің атын жазып, сұхбат құрастырыңыз.





4.Берілген сөйлемдерді негізге алып, шағын мәтін әзірлеңіз.

Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Қазақтарда баланың он үш жасқа толуы алғашқы «мүшел жасы» делінеді, ... ...



Балалық шақ

13 жасқа дейін: нәресте, бөбек, сәби, балдырған, бүлдіршін, жеткіншек, бала.



Жастық шақ

25 жасқа дейін: жасөспірім, бозбала, ересек, ұлан, жігіт (бойжеткен).



Кемел шақ

37 жасқа дейін: аға, жігіт ағасы, келіншек, әйел, ана, тәте, апа.



Есейген шақ

49 жасқа дейін: отағасы, ел ағасы, әке, көке, (ана).



Аталық шақ

61-73 жасқа дейін: ата, ақсақал, шал,(апа, әже, кемпір).



Қарттық шақ

85-97 жасқа дейін: қария, қарт, кейуана, баба.



5. Әр топ суреттегі уақыттың өтуін, қимыл-әрекеттің жылдамдығын білдіретін тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып, әңгіме құрастырыңыздар.





6.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ауру – астан

Қазақ «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының бас­ты кепілі – дұрыс тамақтану. Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. 

Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұй­қыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер жетіп артылады. Соның зар­дабы болар, тіпті, жасы отызға жетер-жетпесте қарын­дары шығып, демігіп қала­тын азаматтар мен келін­шек­тер көбейіп кетті. Бұл – жалғыз бізде емес, әлемнің біраз елде­рін­де қалыптасқан ахуал. Айталық, еуропа елдерін­де көпшілік жылдам дайын­­да­ла­тын «хот-дог», «гам­бур­герді» оқу орын­дары, мектептерде сатуға тыйым салды. Өйт­кені, жыл­дам ас жеу мен майлы тамақ­тан мектеп оқушыла­рының, жастардың арасын­да ша­ма­дан тыс сал­мақ қосып, семіздік ауруы­на шал­дық­қандар аз емес кө­рінеді. «Хот-дог» пен «гамбур­герлер», «твис­тер» не­­ме­се осы тақылет­тес дәм­­дер сататын орындар Аста­нада да жетіп артылады. Фаст-фудттарда иі­сін бұрқыратып, тез жасайтын дәмдердің құра­мын­да май, химиялық қоспа­­ларға қоса, түрлі дәм­­деуіш­­тер баршылық. Олар семіруге көп әсер етеді. Зерт­­теу­­шілердің ай­туы­на қара­ғанда, жер шары тұрғын­дарының 30-35 пайызы семіз­діктен зардап шегеді екен. Бұл – бір, екіншіден, қазір асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбейді. Мұндай сырқат­тардың себебі, асты жөнсіз көп әрі асығыс ішіп-жегеннен дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  дерек­тері  бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы  тамақ­тану факторына тіке­лей байланысты. Сондай-ақ, чипсы, сағыз, чупа-чупс, шоколад сынды тәттілерді ең көп жейтіндер – балалар мен жастар. Олар­дың да құрамында денсау­лыққа зиянды заттар баршы­лық. Әсіресе, балалар құ­мар­­та­тын «Nesquik», «Snikers», «Orbit», «Coca-cola»-ның құра­мын­да химиялық қоспалар өте көп. Солай бола тұра біздің дүкен­дерде көп сатылады, ата-аналар да осыларды сатып алып береді. Нәти­жесі белгілі, атын естімеген сырқаттар белең алды. Бабаларымыз айтқан «Ауру – астан» деген осы. Сосын балалардың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Адам тәулігіне 5 рет тамақтануы тиіс, – дейді диетолог-дәрігерлер. Әр тамақтанғанда ас мөлшері 200 грамнан аспай, яғни, адам ас ішкенде тоя жемей, тек қарынның ашқаны басылғандай мөлшерде ғана тамақтануы тиіс. Әрі кешкі сағат 6-7-ден кейін мүлде ас ішпеу керек. Соны­мен қатар, көп қимыл­дап, әсіресе, жаяу жү­ріп, жүгіріп, бір сөзбен айт­қанда, күн сайын бойда­ғы энергияны сыртқа шыға­рып отырған жөн. Ерте­ден бастап ата-бабала­ры­мыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасал­ған сүт, айран, құрт, май сияқ­ты өнім­дерді қолда­нып, төл сусынымыз шұбат пен қы­мызды ішкен. Бұл тағам­дардың пайда­сы жайлы айтпасақ та белгілі. Әйтпесе, бұрын-соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың мұндай белгісіз азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Сондықтан, дұрыс тамақтана білейік!

Сөздік


Ас – пища

Дұрыс тамақтану – правильное питание

Денсаулық – здоровье

Кепіл – залог

Ағза – организм

Дәрумен – витамин

Шымырлық – закаленность

Ұлану – отравиться

Дерт – болезнь

Химиялық өндеу – химическая обработка

Ас қорту жүйесі – пищеварительная система

Жылқы еті – конина

Әлеуметтік фактор – социальный фактор

Өмір – жизнь

Зиян – вредный

Дамиды – развивается

Күресу – бороться

Құбылыс – явление

Сау – здоровый

Ұрпақ – поколение

Байлық – богатство

Ерекше – особенный

Мәзір – меню

Дерт– болезнь




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет