Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен



бет6/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7. Бақылау:

  1. Абай шығармашылығында қандай ақын-жазушылардың туындылпрын үлгі етеді?

  2. Адам баласының өмір сүру мақсаты неде деп ойлайсыз?

  3. Мәтінде қандай жетілу түрлері туралы айтылады?

  4. Абай жастарды неге шақырады?

  5. Мәтінде қандай көп мағыналы сөздер қолданылады

  6. Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай шығармаларын білесіз?

7. Имандылық концепциясы дегеніміз не?

8. Шәкәрім Құдайбердіұлының « Иманым » атты жинағында не қамтылған ?

9.Ұлы адамдардың ата- аналары туралы не білесіздер ?

1.Тақырып №12, аталуы: Көркем сөз – көркем өнер. Мұхтар Әуезов суреткер.

2. Сабақтың мақсаты: Сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:


  • Студент білу керек:

  • Мұхтар Әуезов өмірбаянын, шығармаларын

  • Сөйлеудің прагматикалық ерекшеліктерін

  • көркем сөйлеу талаптарын

  • жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

  • М.Әуезов жайында айта алуы керек

-тақырып бойынша жаңа сөздерді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру,

әңгімелеу.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Көркем сөз – көркем өнер.

2.Мұхтар Әуезов суреткер.

3.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.



5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, мәтінмен жұмыс, аударма,сұрақ-жауап, мазмұндау, сөздік жұмысы, жазылым эссе жазу

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Көркем сөз – көркем өнер. М. Әуезов-суреткер.

Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Мұхтар Әуезов - бірден танылған тума талант. Дүниеге "Абай жолын" сыйлаған М. Әуезовтің шеберлігіне көзі қарақты мыңдаған, миллиондаған оқырмандар ғана емес, домалақ жер шарына танымал жазушылардың өздері таң-тамаша қалып, есімін ауыздан-ауызға таратып жатты ғой.

М. Әуезовтің ұлылығы сөз қолданудың әр тараптылығынан, әр сөйлемнен байқалып отырады. Демек, М. Әуезов туындыларында мағынасы көмескі сөздерді жаңарту да бар,жалпы қолданыстағы сөздердің былайғыларға біліне бермейтін сырын ашу да бар, синоним, антоним, >омонимдердің ішкі мазмұнын дәл тану да бар, тосын сөз тіркесі мен дағдыдан тысқары қосымша жалғау да бар, әр кейіпкердің аузынан айтылатын аңғал сөз де, ұлағатты ой да бар және осылардың бәрі өз орнында өте бір қисынмен жарасымын тауып отырады. Сөйтіп,Мұхтар Әуезов - көркемдік делбесін тең ұстаған ұлы сөз зергері.

М. Әуезов шығармаларында көпшілікке түсініксіздеу сөздер мен сөз тіркестерінің(зымғап барады, дүрк, қаржасу,қыңратқымау, серімастану т.б.) кездесіп отыруы – табиғи құбылыс: Байтаста үн жоқ, өз бетімен зымғап барады. letter-spacing:-Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті (Абай, I)әлде «ән» деп, "сән" деп, осы жаз бойы өзің серімастанып бүркеп отырмысың? (Абай жолы)

Троптарды (метафора, метонимия, теңеу, эпитет т.б.) >орайымен жұмсауда М. Әуезов алдына жан салмайды. Осылар тіркесе қоймас-ау деп күдік тудыратын сөздердің өздері Әуезов қаламына іліккенде, айрықша мәнге ие болып, кейіпкерлердің жан дүниелерін ашуға ерекше қызмет етеді. (өмір аязы; сұрғылт топ; жұқа толқындай бұғақ; тоны жібімейтін әке; мөлдір үн, ыстық ермек; жұтаң қыста күн райын баққан бақташыдай; шыныланған қар т.б.):Енді, міне,өмір аязының алдыңғы болып, Жампейіс арқылы, қойшылар арқылы келіп >жатқан сұм салқын сол ғой деп ұққан-ды (Абай, I). Өңшең тоң, шекпен киген сұрғылт топтың пішіні де қазіргі күзді күздіңсұрғылт, letter-spacing:жабырқау аспаны сияқты күңгірт. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана болып нәзік бұғақ білінеді. Мөлдір нәзік үнмен ақырын күлді. Қарлығаш қанатының ұшындай,-жендеттің жебесіндей(Абай, I)

Осылайша әлдебір заттарға қатысты салыстырмалы ұғымдарды адамға байланысты қолданып, табиғат құбылысында болып жататын қасиеттерді де адамдардың жан-дүниесін бейнелеу үшін пайдалану автордың көркем сурет салуына көп септігін тигізеді. Табиғат көрінісі мен жансыз деп есептелетін кейбір заттарға «жан бітіріп»,адам әрекетімен астастыра бейнелеуі жазушының тағы бір үлгілі жағын көрсетеді. Әдетте күн шығып жатады, көтеріліп жатады- мұның бәрін адам санасынан тысқары құбылыс делік. Бірақ жазушы оны «қинала» немесе қысыла, яғни, адамша әрекет жасағандай суреттейді: Таң атқанда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-қызыл екен. Қысылып, қиналып шыққандай (Абай, I).

,Жазушы Әуезовтің хас шебер ретінде бірден өзіне көпшіліктің назарын аудартқаны әдебиет сүйер қауымға жақсы мәлім. Өте сирек құбылыс болғанымен, бұл таңғажайып, ұлыларға ғана тән ерекше жай. Олай болуының табиғи заңдылығы бар: Мұқаң жас кезінен-ақ туған халқының фольклоры мен ауыз әдебиетін аса бір сүйіспеншілікпен оқып, үйренді; орыс, Европа, бүкіл әлемдік классикалық көркем дүниелердің барлығын дерлік тек бойға сіңіріп қоймай, зерделі ой елегінен өткізді; бұларға қоса, эстетика мен әдебиет теориясын, дүние жүзілік әдебиет тарихын еркін меңгерді. Сөйтіп, шығарма жазуға жан-жақты ізденістің, терең ғылыми толғаныстың нәтижесінде, мол дайындықпен кірісті.



2. Сөздерді жаттаңыз.

Әсерлі – впечатляющий

Даналық – мудрый

Сиқырлы – волшебный

Дәлдігі – точность

Құдіретті – всемогущий, могущественный

Қарапайым – скромность

Көзқарас қайшылығы – противоречие взглядов

Кезеңдік– переодический

2.Мәтінге сөздік құрастырыңыз.

3. Тіл туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттаңыз.

4.Өзіңіз ұнататын шығармасын мазмұндап айтыңыз.

5.« М. Әуезов-суреткер» тақырыбына эссе жазыңы.

6. Әдебиет:


  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Тақырып №13, аталуы: О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы. Сөйлеудің

прагматикалық ерекшеліктері



2. Сабақтың мақсаты: О.Бөкей туралы ақпараттар беру, сөздік қорын молайту, сөйлеу

мәдениетін қалыптастыру.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- О.Бөкей өмірбаянын, шығармаларын білуі;

  • Сөйлеудің прагматикалық ерекшеліктерін

  • Жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- О.Бөкей шығармаларын оқуы керек

- тақырып бойынша жаңа сөздерді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.О.Бөкей.

2.О.Бөкей шығармалары.

3.О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы



5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, мақал-

мәтелдер, мазмұндау, сұхбаттасу.



1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Оралхан Бөкеев – бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қайраткер қаламгер. Оның қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі де ерекше. Оралхан Бөкеев адамның ішкі әлемін ашып, оның жан – дүниесін үніле зерттеуге талаптанған романтик – жазушы. Оның қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы бірлігі." Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелер жазған.Оның алғашқы әңгіме – повестерінен – ақ («Қамшыгер», «Үркер», «Бура», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным») ешкімге ұқсамайтын өзінше сап саптамасы, асқақ мінезі, алғыр зерде – зейіні оқушысын бірден баураған болатын. «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Елең - алаңдағы» Зарлық, «Құм мінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан, «Өз отынды өшірмедегі» Дархан, «Сайтан көпірдегі» Аспан - өзіміз күнде араласып жүрген қарапайым замандастарымыз. "Кербұғы" - символ. Бұл әңгімеде аң дүниесі мен адам дүниесі жер мен көктей астасып, тұтасып кетеді. Кербұғы - өлімнің ақиық шыңына мойынсұну, өмірді қимастықты қиянатқа қимау; өмірді сүю өлімді мойындауға барып тірелетін қорқытшылдық идеяның мәңгілігі шығар. Әдебиетте аң бейнесін сомдау барлық жазушылардың асыл арманы, бірақ оны ұғыну оңай емес, аң бейнесін ашу тіптен қиын, хайуанаттар әлемінің өз философиясы мен таным-зердесі өткізбейтін асу тәрізді. Дүниежүзілік әдебиетте осы асудан өткен жазушылар нағыз суреткерлер. Оралхан Кербұғысына тіршілік философиясын салып жіберуге жаны құмартып, сол сүйіспеншілігінің арынын баса алмай алқынатынын оқырман жүрегі сезбей және қалмайды. Кербұғы - дүниедегі ең асыл қазына аң баласы үшін бостандық, еркіндік болса, автор сол бостандықтың да шектеулі, әншейін ашкөздіктің құрбандығына шалына беруге үкім етілген жалғандығына шағынады. Маралдардың мүйізін отап, қан қылып кесіп алатын адамдардың қылығы бұл әңгімеде астары терең символға ұласар еді. Сол «Кербұғыдағы" қат-қабат астарды адамзат қоғамына да телісе болады. Сонда ойлайсың, осы адам баласы қашан шын азат күйін бастан кешеді деп. Осы әңгімедегі маралдарды қоршау, Кербұғының қоршауды бұзып, қарғып өтіп табуы - ол нендей қоршау, жазушы онымен не айтқысы келеді? Осы әңгіме қоғамдық, әлеуметтік өмірге наразылық емес деп толық илана алар едік.



2.Мәтінге сөздік құрастырыңыз.

3.Табиғат туралы мақал-мәтелдер жазып, жаттаңыз.

4.Өзіңіз ұнататын табиғат мезгілін суреттеп жазыңыз.

5.Үзіндіден Табиғатқа байланысты тіркестерді теріп жазыңыз, мағынасын түсініңіз.

Алтайдың арайлы таңына шомылып, жазығының жазиралы келбетіне суйсінесің, одан балқарағай мен шайыр, иісі қоса аңқыған таңғы таза ауаны жұтып, Алтайдағы жайқалған жазды, қар аралас жаңбырлы күзді, Сібір аязын еске салатын тәкаппар қыс пен көсегесі биік көктемін көз алдынан өткізесің. Бәрі де сырлы, терең әрі шынайы сезіммен жазылған. Т.Тоқбергенов : «Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның осы кез келген шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су, орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес – шын құштарлық, перзенттік

сүйіспеншілік сезіледі.

6. «Қыстағы қар-жерге ырыс, Жердегі ылғал-елге ырыс» тақырыбына эссе жазыңы.

7. О.Бөкей шығармасын оқып, мазмұндап айтыңыз.
6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:



  1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева А. Қазақ тілі оқу құралы.-Алматы, 2008ж.

  2. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2009ж.

  3. www.til.gov.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). Астана, 2010ж.

  4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. – Алматы.

  5. Бектұров Ш., Бектұрова А. «Қазақ тілі» для начинающих. – Алматы, 1994ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.- Алматы: Сөздік, 2003.

  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі – Алматы, 2007.

  3. Адамбаева Ж.Д., Оңалбаева К.К. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  4. Ақбаева Қ. Қазақ тілі – Алматы, 1996.

  5. Нұрғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі – Алматы, 1995.

  6. Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі – Алматы, 2005.

  7. Сүлейменова Э.Д.,Қадашева Қ.,Аханова Д.Қазақ тілі:оқу кешені–Алматы, 1996.

13. Б.Ж. Доскеева «Қазақ тілі» (медициналық оқу орындарына арналған)

14. А.Ш. Бектұрова, Ш.К. Бектұров «Казахский язык для всех»



7. Бақылау:

1.Табиғат лирикасы туралы қандай әдеби, музыкалық туындыларды білесіз?

2.О.Бөкейдің қандай шығармаларын оқыдыңыз?

3.О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы қалай сипатталады, мысал келтіріңіз



1.Тақырып №14, аталуы: Адам және табиғат егіз.Қазақстанның экологиясы.

Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

2. Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, өзін табиғаттың бір бөлшегімін деп қабылдау сезімін ояту. Қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктерітуралы мәлімет беру.

Сөздік қорларын байыту, пайдалана білу.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • қазіргі экологиялық жағдайды

  • қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктерін

  • жаңа сөздерді,мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- сөйлем құрастыру,өз ойларын жеткізу

- тақырып бойынша сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Адам және табиғат егіз.

2.Қазақстанның экологиясы.

3.Қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері.

4. Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым мәтінді оқу, сұрақ-жауап, мазмұндау, жаттығу жұмыстары, сұхбаттасу, мақал-мәтелдерді жаттау

Қазақстан экологиясы

Мәтінді оқыңыз. Адамдардың араласуы мұң екен,

Жер шары тез қартая бастады.

К.Э.Циолковский

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн тонна шаң-тозаң, 5 млрд тонна көмір қышқыл газы, 1 млн тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

Мәтінді оқып, түсініңіздер.



  1. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

  2. Мәтінді әңгімелеңіздер.

  3. Экология нені зерттейді?

  4. Өздерің тұратын жерлердің экологиялық жағдайы қандай?

  5. Ауыз су мәселесі қалай, дұрыс шешімін тапқан ба?

  6. Арал, Семей қасіреттеріне қосар үніңіз.

1. Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

  1. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не?

  2. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

  3. Қазіргі таңдағы басты проблема не?

  4. Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен?

2.Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Айдынды теңіз, айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, ауыз-ға алу, тартылу, зиянын тигізу,

ластаушы қосылыстар, шоғырлану.

3.Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.


  1. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан …

  2. Бүгінде табиғатты қорғау ісі …

  3. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға…

  4. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фото-химиялық құрғақ түтін…

  5. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан…

4.Берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз.

Апаттың үлкені адамдар бойындағы эгоистік көзқарастан туындап отыр. «Өз жеріме өзім қожамын. Не істесем де өз еркім: өзен, көлін суалтам ба, даласын жыртып, ақ татыр шөлге айналдырам ба, әлде орман, тоғайын құртам ба, тіпті өртеп жіберем бе - ешкім қолымды қақпайды. Әлем кеңістігін еркін билеймін, табиғатты табындырамын», – деген менмен саясат тіршіліктің тынысын тарылтып бітті.



5. «Айнала, қоршаған орта және оны дамыту» тақырыбына шығарма жазыңыз.

6. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Бір тал кессең, он тал ек.

Судың да сұрауы бар

Өрісіне қарап мал өсер,

Өзеніне қарап тал өсер.

Су анасы - бұлақ.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Қазақстанның табиғи

саябақтары, қорықтары, оларды қорғау.




Оқыңыз.

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млнгектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 таби-ғат ескерткіштері бар.

Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VII ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде «Жер жанаты - Жетісу» аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз.

Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар.

Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдас-тырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі «Қызыл кітапқа» енген.

Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат объектілерін айтады.

Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына «Жетісу маржаны», «Шың түрген» шыршасы, Павлодардағы «Жыл құстары» табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады.



  • Тапсырмалар:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.

  2. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

  3. Мәтінді тақырыпшаларға бөліңіздер.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай жерлер ерекше қорғауға жатады?

  2. «Қорықтың» қандай айырмашылығы бар?

  3. «Ұлттық парк» дегеніміз не?

  4. «Табиғат ескерткіштері» дегеніміз не?

  5. Өздеріңіз тұратын жерлерде қандай саябақтар мен қорықтар бар?

2. Сөйлемді толықтырыңыз.

  1. Қорғауғаалынғанжерлерді …

  2. Біздіңреспубликамызда …

  3. Қорық - ерекшеқорғаудықажетететін …

  4. В.В.Бартольд еңбектерінде «Жержанаты – Жетісу» аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары …

  5. Табиғат ескерткіштерін қорғау …

3. Баспасөз беттеріне әртүрлі ұйымдар, мемлекеттік органдардың табиғатты қорғауға байланысты қабылдаған қаулылары туралы мәліметтерді жазып, әңгімелеңіз.

4.Мына сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңыз.

  1. Айналаңызды, қоршаған ортаңызды қалай қорғайсыз?

  2. Құстар мен аңдардың қандай пайдасы бар? Мінездеме беріңіз.

  3. Хайуанаттардың қанша жасайтыны туралы не білесіздер?

  4. Олардың өмір сүру ортасы туралы әңгімелеп беріңіздер.

  5. Құстарға және аңдарға қандай қамқорлық жасадаңыздар?

  6. Жан-жануарлар, құстар туралы қандай ертегі, аңыз-әңгіме білесіздер?

5.Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, жаттап алыңыз.

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

Ер - елдің көркі,

Орман-тоғай - жердің көркі.

Бір тал кессең, он тал ек.

Бағбан болсаң - бақ өсір,

Балама деп тағы өсір.

Дала көркі - мал,

Өзен көркі - тал.

Орман - ел дәулеті, жер сәулеті.



6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет