Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар Бас Бет тен



бет7/13
Дата05.03.2016
өлшемі3.17 Mb.
#43430
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

7. Бақылау:

1. Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не, бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

2. Қазіргі таңда экологияның бұзылуы әлемдік проблема екендігіне келісесіз бе ?

4. Қазақстанның қай жерлерінің экологиялық жағдайы өте төмен?


1.Тақырып №15, атауы: Туған жерге саяхат. Өз өлкеңді таны. Қазақстанның көрікті

жерлері (Алматы, Көкшетау т.б.).Қазақстанның тарихи орындары (Түркістан, Отырар, Ақмешіт). Қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері.



2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Туған жерге саяхат туралы өз ойларын ортаға салу. Қазастанның көрікті және тарихи орындарын білуі.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

-Қазақстандағы көрікті жерлерін;

- тарихи қалаларды, ескерткіштерді;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді



  • Студент істей білуі керек:

- Қазақстандағы көрікті жерлері, тарихи қалаларды, ескерткіштері жайлы баяндап айта алуы;

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Туған жер.

2. Өз өлкеңді таны.

3. Қазақстанның көрікті жерлері (Алматы, Астана, Көкшетау т.б.)

4.Қазақстанның тарихи орындары Түркістан, Отырар, Ақмешіт.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым мәтін бойынша жұмыс, сөздік жұмысы, сұрақ-жауап, мазмұндау, эссе жазу, жаттау

Туған жерге саяхат. Қазақстанның көрікті жерлері.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы



2. Сөздерді орысша баламаға аударыныз

Туған жер –

Бейбітшілік –

Отбасы тарихы –

Отан –

Болашақтың гүлденуі –



Салт-дәстүр –

Саяси тұрақтылық –

Болашақпен байланысты –

Біздің Қазақстан –

Көп ұлтты мемлекет –

3.Сөздерден сөйлем құрап жазыңыз.

Отан, салт-дәстүр, мемлекет, саясат, Қазақстанның гүлденуі, бейбітшілік, адамзат баласы, балалық шақ, отбасы, көп ұлтты мемлекет.



4. Синонимдік қатарын тауып жазыныз.

Болашақ, отбасы, туған жер, киял, мақсат, көмек, саяхат, балалық шақ, Қазақстанның гүлденуі



5. Мәтін бойнша өз туған жерініз туралы эссе жазыныз.

6.Мәтінді оқыңыз.

Қазақстанның тарихи орындары

Түркістан

Түркістан, Иасы – Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ес-керткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мың-жылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Қожа Ахмет Иассауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде оның қабірі басында мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. ХV-ХVІІ ғасырларда зираттың төңірегінде ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға сұлтан Бегім (ХV ғ.), Есім хан (ХVІІ ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кез-ден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады.

ХVІІІ ға-сырда жоңғар шапқыншылықтары қаланы құлдыратып жіберді. 1819-1864 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қа-рады. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды. 1918 жылы 6-9 қаңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайда Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Юнеско шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.

Ұлттық энциклопедия

7. Мәтінге тапсырма.

1) Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз.

2) Сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз.

3) Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.



8. Мына сөз тіркестерін пайдалана отырып, логикалық жағынан біртұтас сөйлемдер құрастырыңыз.

Қастерлі мекен, түркі жұрты, түркі тайпалары, түркі өркениеті, құдіретті күш, тұтас ұлыс, ортақ діл мен дін, шежірелі аймақ, әлемнің төрт қиыры, түркілік тәңіршілдік, ислам діні, бірыңғай дүниетаным, шығыстық мәдениет, батыс мәдениеті, түркі ойшыл-дары, Шығыс Түркістан, Батыс



9. Мына өлеңді жаттаңыз.

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңір берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.


Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей

Тұранның жері менен суы да жат,

Теңіздей терең ауыр ой бергендей.


Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?


Шер батса кім іздемес туған елін?

Тұлпар да көксемей ме туған жерін?

Арқаның ардагері қалың алаш

Тұран да, біле берсең, сенің жерің!



М.Жұмабаев

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Туған жер жайында өз ойыңызды білдіріңіз?

2. Түркістан қандай қала?

3. М.Жұмабаев, Мұхтар Шаханов кімдер?

4. Отырар қаласының тағы қандай атаулары бар?

5. “Отырар апаты” туралы не білесіз?




1. Тақырып №16 аталуы: Аралық бақылау. Менің мамандығым. Университет – білім ордасы.

Басшының басқару стилі. Сөздердің семантикалық тіркесімдігі.



2. Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптарды меңгергенін тексеру.

Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Білім алып жатқан ЖОО

деген құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастыру. Болашақ мамандығына деген сүйіспеншілік,

құрмет сезімін қалыптастыру.



3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- ЖОО тарихын ;

- ЖОО қандай жүйе бойынша оқытатынын білуі;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді мамандықтарға қатысты мәліметтерді білу ;

- болашақ мамандығы жайлы айта білуі

- тақырып бойынша жаңа сөздерді


  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша өз ойын айта білуі.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Мамандықтардың түрлері

2.Мен таңдаған мамандық.

3. ЖОО жайлы

4. Университет тарихы

5.Сөздердің семантикалық тіркесімдігі



5. Оқу және оқытудың әдістері: оқылым мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы, жағдаяттық тапсырма, сұхбат сұрақ-жауап, эссе жазу, мақал жаттау.

1) Мәтінді оқыңыз.

(Латын. Professio – өз ісім) – кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық , реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек.



2) Сөздерді аударып, мағынасын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз

Мамандық – профессия, специальность

Кәсіп –

Қызмет –



Еңбек өтілі –

Білім жетілдіру –

Жұмыс тәжірибесі –

Біліктілік –

Білікті маман –

Адал қызмет ету –

Еңбек кітапшасы –

3) Жағдаяттық тапсырма.

Мамандық таңдар кез келді. Сіздің таңдаған мамандығыңызға ата – анаңыз қарсы болды. Мамандықты дұрыс таңдағаныңызды, сол мамандыққа бейіміңіз бар екенін дәлелдеңіз, сұхбаттасыңыз.



4) Берілген мәліметтерді пайдаланып «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында журналист пен студент рөлінде сұхбаттасыңыз.

  • ........?

  • Иә, мен Семей мемлекеттік медицина университетінде оқимын.

  • ........?

  • Біздің университетте жалпы медицина, стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі факультеттері бар.

  • ........?

  • Мен жалпы медицина факультетінде оқимын.

  • ........?

  • Біз бірінші курста химия, анатомия, қазақ тілі, шет тілі, тарих, ішкі аурулар пропедевтикасы т.б. пәндерің оқимыз.

  • ........?

  • Сабаққа кітапхананың оқу залында, компьютерлік сыныпқа барып дайындаламыз.

  • ........?

  • Менің келешекте пластикалық хирургия саласында істегім келеді.

  • ........?

  • Мен анатомия пәнінің ғылыми үйірмесіне қатысамын.

  • ........?

  • Маған болашақ мамандығы өте ұнайды.

5) Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Дәрігерлік диплом, ғылыми қызметкерлер, жас маман, білікті дәрәгер, студенттік өмір, университет түлектері, адам арашасы



6) «Дүниеде мың мамандық – соның бірі сенікі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

7) Дәрігер мамандығы жайлы мақал-мәтелдерді тауып жатап алыңыз.

8.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Университет – білім ордасы

Мен Семей қ. мемлекеттік медицина университетінде оқимын. Біздің университет 1952 жылы екінші қыркүйекте ашылды.

Семейдің мемлекеттік медициналық институты өзінің алғашқы 320 түлегін 1953 жылы қабылдады. Ол кезде академияның екі оқу үйі ғана болды. Олар қазіргі морфологиялық және физико-химиялық корпустар. Мұнда бірінші курстың студенттері ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, кітпахана және оқу залы орналасты.

Институттын алғашқы директоры болып ҚазССР-не еңбегі сіңген дәрігер В.С.Бобов болды. Одан кейінгі жылдарда доцент К.Шуваков ректор болды.

Институт тарихында 1959 жыл ерекше орын алды. Бұл жылы емдеу факультеті алғаш рет өз түлектерін ұшырды. 275 түлек дәрігерлік диплом алды.

1963 жылы педиатриялық факультет ашылып, 100 студент қабылданды. 1963 жылдан 1977 жылдар арылығында институттың ректоры болып, профессор, ҚазССР-іне еңбегі сіңген ғылыми қызметкері Т.А. Назарова тағайындалды.

1964 жылы бас ғимарат, 400 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.

1976 жылдан 1984 жылға дейін институтты профессор Н. А. Хлопов басқарды.

1987 жылдан 2001 жылдар аралығымда институттың, кейннен академияның ректор болып Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңген қызметкер, ҚР ҰҒА-ң корр-мүшесі, профессор Төлеген Қазезұлы Раисов болды.

Т.Қ. Раисов қызмет еткен жылдарда қазақ бөлімі (1989 ж),

стоматологиялық факультет (1991 ж), шетел студенттерінің факультеті (1995 ж) ашылды.

Т.Қ.Раисов ЖОО-ын басқарған жылдарда академия қызметкерлері 30 докторлық және 80 кандидаттық диссертация қорғады.

Академияда 1994 жылдан баста төрт мамандық бойынша 2 Диссертациялық Кеңес жұмыс істейді. Осы жылдарда Халықаралық байланыстар да нығая түсті. Академия АҚШ – тың Хьюстон, Тулс қалаларының медициналық орталықтарымен, Нагасаки (Жапония, 1991 ж), Антверпен (Бельгия, 1999 ж) қалаларының, Ұлыбритания (2001 ж) университеттерімен байланыс жасау жөнінде келісімшарт жасады.

2001 жылдың қазан айынан бастап 2007 жыға дейн академияның ректоры болып медицина ғылымының докторы Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов қызметің атқарды.

2003 жылдын қыркүйек айынан бастап жаңадан: фармация және медико-профилактикалық ісі факультеттері ашылды. Барлық кафедралардың материалдық, техникалық базасы жақсарды.

2007 жылдан бастап осы уақытқа дейн Академияның ректоры медицина ғылымының докторы Т. Қ. Рақыпбеков. Сол жылдан бастап Жалпы Медицина, Қоғамдық Денсаулық Сақтау, Мейірбике Ісі факультеттері ашылды



9. «Басшының басқару стилі» атты мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.



10. Берілген ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің екінші қатардан сыңарын табыңыздар.

Басшы- әрі топты бастаушы, сөйлеген сөзі де ұнады.

Адамдармен тез тіл табыса да кетеді, нақты шешімге де келу.

Кәсіпкерлік – іске кірісіп те кету, басшы үйіне қайтты.

Басшының өзін ұстауы да ұнады, әрі жол көрсетуші

Жұмыс күні аяқталды, бәрімен бірдей қарым–қатынас та



11. «Егер мен университет ректоры болсам...», тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начин.: учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разгов.язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1. Дәрігер мамандығы жайында өз ойыңызды айтыңыз

2. Болашақ мамандығыңыз туралы10 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз

3. Қажет мамандықтар тізбесін жасаңыз

4. Әлем бойынша ондықтар қатарына кіретін қандай оқу орындарын білесіз?

1. Тақырып №17 аталуы: Қоғам және жастар (Қазақстанның жарқын болашағы–білімді ұрпағында. Қазақстан әлемдік кеңістікте. Қазақстан - Азия барысы).Диалог жүргізе алу құзыреті.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыра отырып қоғамдық ойын, санасын, көзқарасын қалыптастыруға ықпал жасау..

3. Оқытудың міндеттері:


  • Студент білу керек:

-қоғам жайында түсінігінің болуы;

- өзін қоғамның бір мүшесі ретінде сезіне білуі;

- тақрыпқа қатысты пікірін айта алуы;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді



  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру, сурет

бойынша өз ойын айта білуі.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қоғам және жастар.

2.Қазақстанның жарқын болашағы–білімді ұрпағында.

3.Қазақстан әлемдік кеңістікте.

4.Қазақстан - Азия барысы.

5.Диалог жүргізе алу құзыреті.



5. Сабақ беру және оқыту әдістері: оқылым, мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру, мазмұндау, сұхбаттасу.

1.Оқыңыз, қайталаңыз, жаттаңыз.

конкурентноспособный

бәсекеге қабілетті

движущая сила

қозғаушы күші

консультанты

кеңесшілері

«идти перед или уступай место другому»

«алға қарай жүр немесе жол бер»

норма, правило

қағида

руководствует

басшылық етеді

жизненные позиции

өмірлік ұстанымдар

показать себя

өзін таныту

возможности

мүмкіндіктер

старшая поколение

ұға ұрпақ

энергичный, активный

жігерлі

самоуверенный

өзіне сенетін

полон мечты

арманға бай

осуществить, претворить в жизнь

жүзеге асыру

сила-воля

ерік-жігері

тратить попусту

рәсуә ету

преступление

қылмыс

мошно

қуатты

с огненным сердцем

жалын жүректі

целеустремленным достоинством

өршіл намысты

высокодуховный

биік рухты


2. Мәтінді оқыңыз. Түсінгеніңізді айтыңыз.

Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс.

Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс.

Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.



«Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады (175 сөз)

(Н.Ә.Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясы бойынша. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006 жыл.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет