Көрнекіліктер: Суреттер, плакаттар,слайд, оқулықтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Жаңа сабаққа назарларын аудару.
1. Ынтымақтастық.
2. Топқа бөлу.
3. Ой қозғау. Слайд көрсету арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы формальды жағдайларды сақтауды естен шығармаңыз.
Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыс алушы құқықтарының тең еместігін білу керек. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдауда басымдыққа ие, еңбек шартын құрастыруда да алдымен оның талаптары ескерілген. Алайда өзіңіздің негізгі құқықтарыңызды біліп, оларды қолдануға мүмкіндігіңіз бар.
Жұмысқа қабылданғанда жұмыскерден заңда белгіленген құжаттардан басқа (бұрынғы жұмысынан анықтамалар, бұрын алған төлемақы туралы мәлімет, отбасылық жағдайы, бұрынғы жұмыстағы мінездемелері, т.б) құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Еңбек шартын жасасу. Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шартын жасасу шарт (ары қарай – келісімшарт). Ол жазбаша түрде сіздің және жұмыс берушінің қолдары қойылып, әрқайсысына бір-бір данадан екі дана болып жасалады. Жұмыскер келісімшартының бір данасын алғаныңызды жазбаша түрде растайсыз. (Сіз жұмыс берушідегі келісімшартқа өз келісімшартыңызды алғандығыңыз жөнінде белгі қоясыз).
Келісімшартта көрсетілген жұмыстың басталу уақыты жұмыскердің жұмысқа кірісу күні деп есептеледі.
Келісімшарт жасалғаннан кейін, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық шығарып, Сізге қолхат ретінде жеткізуі тиіс.
Өмірде келісімшарт жасалмаған, не тиісті дәрежеде жасалмаған оқиғалар көптеп кездеседі. Келісімшартсыз жұмысқа қабылдануға келіссеңіз, онда Сіз өз құқықтарыңызды шектейсіз. Алайда бұл сіздің барлық құқықтарыңыздан айрылдыңыз деген сөз емес. Жұмысқа қабылдау бұйрығы мен жұмысқа кірісу фактісі келісімшарттың жасалғанын растайды. Алайда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, сіз жалақы көлемін, еңбек міндеттемелерін, тағы да басқа жағдайларды дәлелдей алмайсыз. Өйткені олар ешқайда көрсетілмеген. Сондықтан, келісімшарттың жазбаша формасы сіз үшін өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |