Келісімшарттың мазмұны. Келісімшарттың келесі міндетті шарттар болуы керек:
1) тараптардың реквизиттері;
2) еңбек міндеттемесі (нақты лауазым, мамандық, қызмет бойынша жұмыс);
3) келісімшарт мерзімі. Жұмыскерге белгіленбеген мерзім ішінде жұмысқа қабылдану тиімдірек. Егер келісімшартта оның мерзімі көрсетілмесе, ол белгіленбеген мерзімге жасалады деп есептеледі;
4) еңбек міндеттемелеріне кірісу күні. Оның келісімшартты жасасқан күн болуы міндетті емес;
5) еңбек шартының сипаттамасы, ауыр не зиянды және қауіпті жағдайдағы жұмыс үшін кепілдіктер мен өтемақы. Осы пунктті жұмыс берушілер елеусіз қалдырғысы келеді;
6) жұмыс күні мен демалыс күнінің тәртібі. Мұнда бір күндік жұмыс сағаты, апталық жұмыс күнінің көлемі, демалыс күндерінің саны, ұзақ демалыстың мерзімі көрсетіледі.
7) Еңбек төлемақысының шарттары. Жалақының бір бөлігін жұмыс берушілер көп жағдайда «конвертке салып» береді, ал келісімшартта оның минималды көлемі жазылады, осылайша жалақы қоры мен айналымы қысқартылады. Табыс салығы мен міндетті зейнетақы мөлшері төмендейтіндіктен бұл жұмыскерге де тиімді блып көрінуі мүмкін. Алайда, жұмыс беруші жалақы төлемеген жағдайда, жұмыскер сотқа жүгінгенде, тек келісімшарттағы соманы ғана өндіріп берген мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан да келісімшартта шын мәніндегі жалақы көлемін көрсетуді сұрауыңызды ұсынамыз;
8) еңбекті қорғау шарттары. Мекеме әкімшілігі еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуға, нұсқау беруге, білімді тексеруге, барлық қызметкерлерді қайта аттестациядан өткізуге міндетті. Еңбекті қорғау бойынша оқудан өтпеген, нұсқау берілмеген, білімін тексертпеген адам жұмысқа жіберілмейді.
9) жұмыс беруші:
еңбек келісімшартын бұзуға;
жұмыскерге міндетті актілерді шығаруға;
жұмыскерге сыйақы беруге немесе оны тәртіптік, материалдық жауапкершіліке тартуға;
жұмыскер тигізген зардаптың орнын толтыруды талап етуне;
жұмыскерді оқытуға кеткен шығынды қайтарып алуға;
жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы.
10) жұмыс берушінің міндеті:
заңда бекітілген еңбек жағдайымен қамтамасыз ету;
айына бір реттен кем емес келісілген мөлшерде және келісілген мерзімде жалақы төлеу,;
белгіленген мөлшерде мерзімінен тыс, мереке, демалыс күндері, түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемақы төлеу;
белгіленген жұмыс күні уақытын қамтамасыз ету;
жыл сайын төленетін демалыспен қамту;
қолайлы еңбек жағдайын туғызу, жұмыскерді қажетті жеке сақтану құралдарымен қамтамасыз ету;
ауыр не денсаулыққа зиян келтіретін не қауіпті жұмыс үшін жұмыскерге өтемақы төлеу;
зиянды, қауіпті еңбек жағдайы туралы алдын-ала ескерту, жұмыскер денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жұмысты тоқтату;
еңбек міндеттемелерін орындау барысындағы жұмыскерге тиген зиян мен материалдық жауапкершілікті қайтару;
жұмыскердің еңбек өтілін растайтын іс-қағаздар мен зейнеткерлікті қамтамасыз ететін ақша аударымдары туралы ақпаратты мемлекеттік мұрағатқа тапсыру.
11) жұмыскердің құқығы;
еңбегі үшін лайықты жалақы;
қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайы;
кәсіби кеңестер мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге ерікту түрде мүше болу;
еңбек міндеттемелерін орындау барысында денсаулығы мен мүлкіне тиген зиянның орнын толтыруды талап ету;
ұсынылған кепілдік пен өтемақыларды алу;
тараптардың келісімі немесе соттың тәртібі бойынша еңбек дауларын шешу;
ұжымдық келісім-шартпен танысу мен оны жасасуға атсалысу;
кәсіби біліктілікті арттыруға.
12) жұмыскердің міндеті:
еңбек міндеттемелерін орындау;
еңбек тәртібін сақтау;
жұмыс процесінде жұмыс берушінің мүлкіне зақым келтірмеу;
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік тазалық сақтау бойынша шарт талаптарын орындау;
келісім-шартта бекітілген қызметтік, сауда-саттық және басқа да заңмен қорғалатын құпия ақпаратты жария етпеу;
адамдар өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, жұмыс беруші мен жұмыскер мүлкінің бұзылуына әкеп соғатын жағдайлар туралы хабарлау.
13) келісім-шартты өзгерту, бұзу, ұзарту тәртібі;
14) төлемақы төлеу тәртібі мен кепілдік қамтамасыз ету (түрлі жағдайларда жұмыс орны мен жалақы көлемінің сақталуы жөніндегі кепілдіктер, іс-сапар шығындарының өтемақысын, ауру салдарынан жұмысқа қабілетсіздігі не жүктілік пен босану бойынша жәрдемақы). Жұмыс берушілер көп жағдайда осы бөлімді назардан тыс қалдырады;
15) келісім-шартты екі жақты бұзу бойынша жауапкершілік.
Келісім-шартта тараптардың келісімі бойынша заңға қайшы келмейтін басқа да шарттарды кіргізуге болады.
Тиісті рәсімделмеген еңбек қарым-қатынасының салдары. Бүгінде жұмыс табу оңайға соқпайды. Жұмыскерлер формальдылықты ескере бермейді, бастысы бос жұмыс орнын алуға асығады. Жұмыс беруші де жұмысқа тұрған кезде сіздің талапшылдығыңызды онша ұната бермейді.
Рәсімделмеген немесе тиісті рәсімделмеген келісімшарттардың салдарына бірнеше мысал:
1) келісім шартты жазбаша түрде жасамаудың салдарынан:
жалақыны сот тәртібімен өндіріп алу мүмкіндігі жоқ;
жұмыс істелген уақыт еңбек өтілі ретінде саналмайды (ал біздің уақытымызда жұмыс өтіліне аса мән беріледі);
сіздің зейнетақы қорыңызға аударымдар жасалмайды.
2) шын жалақыны келісім-шартта төмендетіп көрсету салдарынан:
сот тәртібі бойынша жалақыны толық көлемде өндіріп алу мүмкіндігі жоқ (құжатта көрсетілген ақша көлемі ғана қайтарылады);
сіздің табысыңыз бен төлем жасау мүмкіндігіңізді дәлелдеу бойынша мәселелер туындауы мүмкін.
3) Келісім-шартта міндетті шарттардың болмауы салдарынан:
жұмыс беруші сіздің құқығыңызды басқа мақсатта пайдалануы мүмкін;
жұмыскерге қосымша міндеттемелер жүктелуі, заң бойынша бекітілген кепілдіктер мен өтемақылар төленбеуі мүмкін.
Бәрі өзіңізге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |