Зәрді флораға алу технологиясы
Бактериологиялық тексеруге зәрді сыртқы жыныс мүшесін мұқият жуып және несеп ағар түтігінің алдыңғы бөлігіне бүрку жүргізгеннен кейін зарарсыздандырылған катетер көмегімен алады. Тіпті осы ережелерді сақтағанның өзінде-ақ зәрдің алғашқы бөлігін төгіп тастайды немесе унитазға жібереді, зарарсыздандырылған ыдысқа зәрдің кейінгі бөліктерін жинайды. Катетер енгізуге болмайтын кейбір жағдайларда науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуып, бүрку жүргізгеннен кейін науқасқа өздігінен зәрін жіберуін сұрайды. Бұл жағдайда да зәрдің екінші бөлігі ғана алынады. Зәрді тексеру жұмыстары мүмкіндігінше оны жібергеннен кейін-ақ жаңа күйінде зерттелгені дұрыс, өйткені барлық сақтық ережелерінің сақталуына қарамастан, кездейсоқ микробтар тез арада өсіп-өніп, патогенді флораның анықталуын қиындатады.
Зәрдегі кетон денелерін анықтау
Кетон денелері – бұл ацетон, ацетонсірке және b - оксимайқышқылы. Қалыпты жағдайда зәрмен бірге кетон денелерінің өте аз мөлшері бөлінеді, ол әдеттегі сапалық сынамалармен анықталынбайды.
Кетонурия – зәрмен бірге кетонды денелердің көп мөлшерде бөлінуі. Ол қант диабеті, ашығу (әсіресе ерте жастағы балаларда – токсикоздар, ұзаққа созылатын қарын-ішек бұзылулары, дизентерия және т.б. )
Зәрдегі өт пигменттерін анықтау
Зәрде өт пигменттерінен билирубин және уробилиногенді денелер анықталынады.
Билирубинді анықтау. Қалыпты жағдайда зәр құрамында әдеттегідей сапалық сынамалар көмегімен анықталуы мүмкін емес өте аз мөлшерде билирубин болады. Билирубиннің көп мөлшерде бөлінуі – билирубинурия деп аталатын патологиялық жағдай болып табылады. Зәрге тек тура билирубин шығады, тура емес билирубин дені сау бүйрек фильтрі арқылы өте алмайды. Билирубинурия қандағы тура билирубиннің 0,01-0,02 г/л-ден («билирубиннің бүйрек бастамасы») артық болуында пайда болады.
Билирубинурия гепатоциттерде түзілетін өт пигменттерінің ащы ішекке өтуінің қиындауы нәтижесінде дамиды. Мұндай жағдайлар сарғаюдың екі түрінде байқалады, атап айтатын болсақ, бауыр немесе паренхиматозды (жедел вирусты, токсикалық, токсико-аллергиялық гепатиттер, цирроздың алуан түрлері, гипоксиялық жағдайлар, мысалы жүрек жетіспеушілігінің ауыр жағдайларында) және бауырасты (қабыну процесі, таспен, ісікпен бітелуі, тыртықты өзгерістер нәтижесінде туындайтын бауырдан тыс өт жолдарының өткізу қабілетінің бұзылуы) түрлерінде байқалады.
Паренхиматозды сарғаюда гепатоциттердің функциональдық қабілеті уақытша төмендейді, осының нәтижесінде өттің ағысы баяулайды және ақыр соңында холестаз пайда болады. Холестаз жағдайында (тіпті гепатоциттердің секреторлық қызметінің қалпына келуінде) гепатоциттер полюсінің ауысуы байқалады және өттің ағу бағыты өзгереді, яғни өт синусоидтарға (қанға) бөлінеді. Бауырасты сарғаюда билирубинурияның басты себебі бауырдан тыс өт жолдарындағы механикалық кедергі болып табылады. Гемолизді (бауырүсті) сарғаюда билирубинурия байқалмайды, өйткені тура емес билирубин (жоғарыда айтылды) зақымдалмаған бүйрек фильтрі арқылы өтпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |