Зәрдің мөлдірлігі
Қалыпты жағдайда зәр мөлдір болады. Зәрдің тұнық болмауы тұздың, жасуша элементтерінің, бактериялардың, шырыштың, май тамшыларының көп болуына тығыз байланысты. Клиника жағдайында зәрдің лайлану себебін анықтау мәселесі жиі кездеседі. Осы мақсатта лайлануды анықтаудың механикалық, химиялық әдістері және микроскопиясы қолданылады. Мұнан басқа зәрдің кейбір зерттеулерін жүргізу үшін (мысалы, ақуызды, қантты анықтау үшін) зәр лайлылығын жою қажет болады.
Зәр мөлдірлігін анықтаудың төмендегідей топтастыруы бар: мөлдірлігі – толық, толық емес, лайланған, лайлы.
Зәрдің лайлануын туғызатын факторлар
|
Зәр лайлығын жою әдістері
| Тұздар |
Қыздыру. Тұз сипатына байланысты қышқыл немесе негізді қосу.
|
Жасушалық элементтер
|
Фильтр арқылы сүзу. Центрифугадан өткізу.
|
Бактериялар
|
Бактериялық фильтр
|
Шырыш
|
Центрифугадан өткізу. Фильтр арқылы сүзу.
|
Май
|
Эфирмен араластыру.
|
Зәрдің иісі
Қалыпты жағдайда зәрдің онша өткір емес иісі бар. Ауада (тұрып қалғанда) немесе зәр жолдарында зәрдің бактериальды ыдырауында аммиак иісі (ауыр түрдегі циститтер, қатерлі ісіктің ыдырауында) байқалады. Кетонды денелердің болуына байланысты диабет комасында зәрдің иісі жеміс иісіндей болады.
Зәрді химиялық зерттеу
Зәр реакциясы. Зәр реакциясын оған көк немесе қызыл лакмус қағазды батырып анықтауға болады. Қышқылды реакцияда қағаз қызарады, негізді реакцияда – қызыл қағаз көгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |