СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Билирубинді анықтаудың сапалық сынамасы



бет16/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
зертханалық зерттеулер

Билирубинді анықтаудың сапалық сынамасы.
Билирубинді анықтаудың сапалық сынамаларының көбі оның йодпен, азот қышқылымен тотығып, жасыл түсті биливердиннің пайда болуына негізделеді.
Йод сынамасы. (Розин сынамасы) техникалық қарапайымдылығына байланысты кеңінен қолданылады. Тотықтырғыш ретінде Люголь ерітіндісі (1 г йод, 2 г калий йодиді және 300 мл тазартылған су) немесе 1 % йодтың спиртті ерітіндісі қолданылады. 4-5 мл зәрге осы аталған реактивтерді қабаттастыра құяды. Билирубиннің бар болуында екі сұйықтықтың шекарасында биливердиннің жасыл сақинасы пайда болады.
Уробилиногенді (уробилинді) денелерді анықтау.
Қалыпты жағдайда зәрдегі уробилиногенді денелер әдеттегі сапалық сынамалар көмегімен анықталынбайтын стеркобилиноген іздері түрінде кездеседі. Уробилиногенді дененің (тұрып қалған зәрде олар уробилинге айналады) зәрмен көп бөлінуі уробилиногенурия деп аталады.

Нәжісті зерттеу
Зерттеуге нәжісті алу ережесі. Нәжіс тоқ ішекте пайда болады және тағам қалдықтарынан, негізінен өсімдік клетчаткасынан тұрады. Нәжістің бір бөлігін тірі және өлген микробтар құрайды. Зерттелетін нәжіс таза, құрғақ және мүмкіндігінше кеңдеу ыдысқа және жылы күйде жиналады. Ферменттер мен микроағзалар әсерінен өзгерістерге ұшырамауы үшін тексеруге науқастың өздігінен үлкен дәретке отырған жаңа нәжісін жіберген дұрыс болады.
Нәжісті құрттарға тексеру. Нәжісті құрттарға тексеру үшін науқас дайындығынсыз, құрғақ шыны ыдысқа салынған кішкене мөлшердегі нәжіс зертханаға жеткізіледі.
Нәжісті вегетативтік флораға тексеру. Үлкен дәретке отырғаннан кейінгі нәжіс 15-20 минут ішінде вегетативті флораға зерттеледі. Вегетативті флораның сыртқы ортада тез өлуіне байланысты нәжістің жаңа ғана алынған болуы тиіс. Науқасқа май клизмасы қойылған және барий, висмут қабылдаған жағдайларда нәжіс қарапайымдыларға зерттелмейді.
Нәжісті дисбактериозға зерттеу. 1-2 грамм мөлшерінде нативті материал зарарсыздандырылған құрғақ банкіге (ыдысты бактериологиялық зертхана дайындайды) жиналады. Зерттеудің бұл түрін антибактериальды ем және биопрепараттармен емдеу барысында жүргізуге болмайды. Егер мұндай емдеу әдістері қолданылған жағдайда, оны жолдамада көрсету қажет болады. Зертханаға жедел түрде жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет