СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері



бет18/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
зертханалық зерттеулер

Ескертпе: Емдеу барысына бақылау жүргізу үшін құртқа қарсы қолданылатын дәріні қабылдаған күндері зерттеуге нәжістің барлық бөлігін жинайды. Зертханаға материалды үлкен дәретке отырғаннан кейін 30 минут ішінде жеткізеді.




5. Нәжісті жасырын қанға алу.

Үлкен дәретке отырғаннан кейін нәжісті қарап, ілмек немесе қалақша көмегімен әртүрлі 3 жерден нәжісті алып, таза банкіге салады.

Ескертпе: 3 күн көлемінде тағам рационынан ет, балық тағамдарын, қызылша, қызамық, алма, бауыр, икра, анар және барлық көкөністерді алып тастау қажет, өйткені бұл тағам өнімдері оң нәтиже береді. Қызылиектің қансырауында осы кезең аралығында тісті щеткамен тазаламау қажет.




6. Нәжісті бактериологиялық зерттеу.

Аяғын жартылай бүгіп, науқасты бір қапталына жатқызады. Пробирка ішінен сымды ілмекті немесе сымға мықты етіп оралған мақта тампонын алып, науқастың жамбасын сәл көтереді. Ілмекті айналдыра қимылмен артқы тесікке 8-10 см тереңдікке енгізіп, көтенішектің қабырғасынан жағынды алады. Сымды ілмекті пробиркаға қайта салады.

Ескертпе: стационар жағдайында нәжісті зарарсыздандырылған ілмек көмегімен үлкен дәретке отырған бойда тікелей суднодан алады.






Нәжісті жасырын қанға зерттеу (Грегерсен реакциясы)
Тексеруден бұрын 3-4 күн көлемінде тағамнан ет, жұмыртқа, балық, алма, көкөністер, темір, висмут дәрілерін алып тастау қажет.



Нәжісті жасырын қанға зерттеуге науқасты дайындау (а,б)


Нәжісті копрограммаға тексеру

Науқасты алдын ала дайындап алғаннан кейін (4-5 күн ішінде науқас Шмидт немесе Певзнер бойынша диеталық тағам қабылдайды) сыйымдылығы 30 мл-ден 100 мл-ге дейінгі ашық түсті шыны ыдысқа материалды жинайды.


Қақырықты, ауыздан және мұрыннан алынған жағындыны зерттеу


Қақырықты антибиотиктер сезімталдығына зерттеу

Науқас таңертең зарарсыздандырылған Петри ыдысына бірнеше рет қақырынады, қақырықты сол сәтте бактериологиялық зертханаға жеткізеді. Науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты көрсетілген, жапсырма қағазы бар ыдыста жиналған қақырық зертханаға жеткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет