Не істеу қажет?
|
Қалай істеу керек?
|
Құралдар
|
Ескертпелер
|
1. Науқасты зерттеу әдісі жөнінен хабардар ету.
|
Зимницкий сынамасының үлкен диагностикалық маңызы бар. Ол әдеттегідей су және тағам режимінде жүргізіледі. Бұл сынаманы науқасқа таңертеңгі сағат 9.00-дан келесі күннің сағат 6.00-ға дейін жүргізеді. Осы уақыт ішінде науқас дайындалған банкілерге зәрді жинауы керек. Зәр шығару жиілігіне байланысты науқас 3 сағат ішінде бір ыдысқа бір немесе бірнеше рет кіші дәретін жинауы қажет.
|
2. Сынаманы жүргізуге дайындық жұмыстары.
|
8 таза банкіні дайындап, сыртына науқастың аты-жөнін, бөлімін, палатасын, сынаманың реттік нөмірін, уақытын, күнін жазып, қол қойыңыз.
|
Мысалы, 3-ші терапия бөлімі, 5-ші палата, Каримов С, Зимницкий сынамасы, № 1, таңертеңгі сағат 9.00, 20.04.2004 ж, қолы.
|
3. Сынаманы жүргізу.
|
Егер науқас таңертеңгілік сағат 7.00-де қуығын босатса, онда ол зәрді унитазға төгіп тастайды. Сағат 9.00-ден бастап әрбір 3 сағат сайын жеке-жеке банкілерге зәрді жинайды. Егер 3 сағат ішіндегі зәр 1 банкіге сыймаса, онда оны сол нөмірдегі қосымша банкіге құяды. Егер 3 сағат ішінде науқас кіші дәретке отырмаса, онда бос банкіні бәрібір зертханаға жібереді.
|
Мейірбике інауқастың сынаманы жүргізу барысына бақылау жасайды және күндіз зәрдің кезекті порция уақытын еске түсіріп, ал түнде уақытында оятып отырады.
|
4. Зимницкий сынамасының нәтижесі.
|
Зәрдің тәулік ішіндегі мөлшері 1-2 литрді құрайды. Диурездің жалпы мөлшерінің 2/3 бөлігін күндізгі диурез құрауы тиіс. Зәрдің тығыздылығы 1010-1025 шамасында болады. Бірдей мөлшердегі зәрдің бөлінуі және оның тығыздылығының тұрақты болуы бүйректің концентрациялық қабілетінің бұзылуын көрсетеді.
|
Зәрдің жеке порцияларындағы 3 сағаттық көлемі 100-300 мл аралығында болады.
|
Нормостенурияда – зәр тығыздылығының тәуліктік толқуы әртүрлі деңгейде, яғни 1010-1030 аралығында болады.
Изостенурияда – зәр тығыздылығының тәуліктік толқуы бір деңгейде, яғни 1005-1006 деңгейінде болады.
Гипостенурияда – зәр тығыздылығының тәуліктік толқуы ең төменгі, яғни 1001-1005 деңгейде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |