СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері



бет8/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
зертханалық зерттеулер

Зерттеу мақсаты: Зертханада 1 минут ішінде бөлінген зәр көлемінің элементтеріне: эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер санына (тәулік ішіндегі эритроциттердің саны 1000-ға дейін, лейкоциттердің саны 2500-ге дейін, цилиндрлер 15-ке дейін) есептеу жүргізіледі.

Зимницкий сынамасы
Зимницкий сынамасы – зәрдің бір тәулік ішіндегі әр 3 сағат аралығындағы салыстырмалы тығыздылығын динамикалық анықтау болып табылады. Бүйректің концентрациялық қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін ең басты шарты – сұйықтықты шамадан тыс көп қолданбау болып табылады.Бұл анализ науқас адамда бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі немесе бүйректердің қабынуы бар деген күдік туған кезде жасалады.
Зимницкий анализіне зәр жинау үшін бір тәулік уақыт және 8 банка керек болады. Таңертеңгі сағат 6-дан бастап тексерілетін адам қуығын әжетханаға босатады, сосын әрбір 3 сағат сайын зәрдің 8 бөлігін (сағат 6.00 – 9.00; 9.00 – 12.00; 12.00-15.00; 15.00-18.00; 21.00-24.00; 24.00-3.00; 3.00-6.00 сағат аралығында) мейірбикемен белгіленіп дайындалған ыдысқа жинайды. Оның әрқайсысына бір тәулік ішіндегі шығатын зәрді жинайды. Зәр жиналған соң, әр бөліктің мөлшері мен үлес салмағы анықталынады. Бұл есептеулер өте күрделі болып табылады, күндіз бөлінетін зәрдің мөлшері түнде бөлінетін зәр мөлшерінен көп болуы тиіс.
Зертханада әрбір ыдыстағы зәрдің мөлшерін және оның салыстырмалы тығыздылығын өлшейді. Егер Зимницкий сынамасында зәрдің ең жоғары салыстырмалы тығыздылығы 1020-дан артық болса, онда бұл шама бүйрек қызметінің жақсы концентрациялық қабілетінің көрсеткіші болып табылады. Салыстырмалы тығыздылығы төмен болатын зәрдің ұзақ уақыт бөлінуі (гипофизарлық жетіспеушілік немесе қандай-да бір конституциялық және функциональдық тубулярлық бұзылуларды есепке алмағанда) бүйректің бүрісуін білдіреді.
Зимницкий сынамасына зәр жинау
Жабдықталуы: банкілер, зертханаға жіберетін жолдама бланкісі, урометр, өлшегіш колба.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет