Қалай істеу керек?
|
Құралдар
|
Ескертпелер
|
1. Дайындық жұмыстары
|
Зәр жинағышты дайындау (оны жиналған тұздардан жақсылып тазалап жуу), зәрді алдымен зәр жинағышқа жинап алған қолайлы, сосын шыны ыдысқа қайтара құяды.
|
Зәр жинағыш, ашық шыны ыдыс, жолдама, Тимол түйіршіктері.
Тимол түйіршіктері жасуша элементтерін бұзылудан сақтау үшін қолданылады.
|
Шыны ыдыстарды және зәр жинағышты ас содасының ерітіндісімен жууға болмайды, өйткені зәр сілтіленеді.
|
2. Науқасты дайындау
|
Зәр жинайтын күні науқас сұйықтық ішуді шектеу қажет. Оған ұйықтар алдында қуықты босатып және таңертеңге дейін кіші дәретке бармауы керек екндігін түсіндіреді. Зәр жинардан бұрын, зәрге жыныс жолдарынан бөліндінің түспеуі үшін, сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуып алады.
|
3. Орындалу әдістемесі
|
Зәрдің түнгі бөлігі зерттеуге анағұрлым қолайлы болып табылады. Зерттеу материалы ретінде бір шыны ыдысқа жиналатын 10-12 сағат бұрынғы зәр қолданылады.
Науқасқа зәр жинағышты береді, ол сыртқы жыныс мүшелерін алдын ала жуып алып, зәрді жинайды. Мұнан кейін зәрді дайындалған банкіге құйып, жолдаманы жабыстырады. Сосын барлық бөлінген зәрді клиникалық зертханаға жібереді.
|
Зәр жинағыш
(судно, горшок)
|
Ең қолайлысы кешкі 22.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейінгі аралықтағы зәр болып табылады. Банкі сыртына жабыстырылған қағазға зәрдің жиналу уақыты жазылады.
|
|