СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Зимницкий сынағына қажетті құрал жабдықтар



бет10/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
зертханалық зерттеулер

Зимницкий сынағына қажетті құрал жабдықтар


Зәрдің физикалық қасиетін зерттеу
Зәр мөлшері. Әдеттегідей аралас тамақтанатын ересек дені сау адамда зәрдің тәуліктік мөлшері (тәуліктік диурез) 800-1500 мл-ге тең болады. Әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайларда тәуліктік диурездің көбеюі немесе азаюы мүмкін.
Зәрдің тәуліктік мөлшерінің көбеюі полиурия деп аталады. Физиологиялық жағдайда полиурия сұйық ішу режимінің күшеюінде, неврогенді факторлерге байланысты болады. Патологиялық жағдайда бүйректің паренхиматозды зақымдануының бүрісу кезеңіндегі ісіктің, транссудаттың, экссудаттың сіңірілуінде байқалады. Соңғы жағдайда полиурия орташа сипатта (әдетте 2-2,5 литр-ден артық емес) болады. Әсіресе жоғары шамадағы полиурия (4-6 л және одан да көп) қантсыз диабетте (сусамыр ауруы) және қантты диабетте байқалады.
Зәрдің тәуліктік мөлшерінің азаюын олигурия деп атайды. Физиологиялық олигурия сұйықтық ішуді шектеген жағдайда, ыстық ауа-райында, ыстық цехтарда жұмыс істегенде немесе физикалық жүктеме кезінде термен сұйықтықтың көп бөлінуінде байқалады. Патология жағдайында олигурия жүрек қызметінің декомпенсациясында, бүйректен тыс жолдармен сұйықтықты көп жоғалтқанда (температураның көтерілуі кезінде шектен тыс терлеу, шамадан тыс көп мөлшерде іштің өтуі, күйік, құсу, қан кету), шок, коллапс, бүйрек зақымдануларында: жедел нефрит (тәуліктік диурез 200-300 мл-ге дейін төмендейді), ісік сатысындағы нефротикалық синдромда, бүйректің жедел жетіспеушілігінде (гемолизды, токсикалық бүйрек және т.б.) байқалады.
Зәр шығуының толық тоқтап қалуын анурия деп атайды. Обструкциялық (жалған) анурия көп жағдайда зәр шығару жолдарында қандай-да бір кедергінің болуында (тастар, ісіктер, қуық асты безінің гипертрофиясы және т.б. жағдайларда) байқалады. Бүйректің (шынайы) ануриясы бүйректің зәр шығару қызметінің тоқтауында, мысалы, бүйректің жедел жетіспеушілігінде, жедел нефриттің ауыр түрінде, жүрек жетіспеушілігінің терминальды сатысында, іш және құрсақ қуысындағы кейбір жедел хирургиялық жағдайларда рефлекторлық жолмен, қаңқа бұлшық етінің кең көлемдегі жарақаттарында байқалады.
Тәуліктік диурез күндізгі және түнгі болып бөлінеді. Күндізгі диурездің түнгі диурезге қатынасы дені сау адамдарда 3:1 немесе 4:1 қатынасын құрайды. Осы қатынастың түнгі диурез жағына өзгеруін никтурия деп атайды.
Никтурия әртүрлі бүйрек ауруларының бірден-бір белгісі болып табылады, бірақ қуық асты безінің гипертрофиясында және қантсыз диабет ауруларында байқалуы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет