Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту
5–9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН 2 САБАҚ Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді Мойынсұнбау – баланың оған деген қарым-қатынастың дұрыс болмауына қарсы тұруы Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту. Міндеттері: 1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру. 2. Ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. 3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, өзін-өзі басқару, шығармашылық. Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу. Күтілетін нәтижелер: Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға машықтанады, туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады. Ата-аналар балалардың оңай және тез әлеуметтік, психологиялық бейімделуіне көмектеседі. Жоспар I. Кіріспе. Бейімделу. Бейімделу кезеңдері мен түрлері жүктеу/скачать 0.69 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |