Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру



бет2/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#136297
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, талдау, өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 53-жаттығу берілген болатын. Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеремін.

Есім түбір: іні-шек, төбе-шік, ойын-шық, тал-шық, баа-лық

Етістікті түбір: түй-ін-шек, аялда-ма, өн-дір-бай, өн-дір-іс, көр-ер-мен, оқы-р-ман


ІІІ. Тіл ұстартуға арналған жаттуғу жұмыстары
57-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу

2. Зат есімдерді тауып, мағынасын, жасалу жолын анықтау
58-жаттығу Ауызша тіл дамыту

1. Диалог түрінде оқу

2. Сөз қолданысына назар аударып, талдау
59-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Дәптермен жұмыс

Көптік жалғаулы сөздерді теріп жазу


60-жаттығу Өзіндік жұмыс

Берілген зат есімдерді пайдалана отырып, мәтін құрау, тақырып қою


61-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Сын есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажырату

3. Сын есімдерді қандай мақсатта қолданғанын дәлелдеу.


ІҮ. Қорытынды

Ү.Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

  1. Өткенді қайталау

  2. Тілдер мерекесіне байланысты эссе жазып келу


Күні: 26.09.13ж

Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары, олардың жасалу жолдары жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, тазалыққа, пайымдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, сөздік қорын, ауызекі сөйлеу және жазба тілін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, өздік диктант, дәптермен жұмыс, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе


ІІІ. Жаңа сабақ

Біртектес сапалық сын есімнен бірінен екіншісінің артық не кем екендігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіру сын есімнің шырайы деп аталады.


Сын есім
Сапалық қатыстық

Салыстырмалы күшейтпелі




1. -рақ,-рек 1. күшейткіш

-ырақ, -ірек буын

2. -ғыл, -қыл ( аппақ, көкпеңбек)



-ғылт, -қылт

-ғлтым, -қылтым 2. күшейткіш

3. -лау, -леу үстеу

-дау, -деу

-тау, -теу

4. –шыл, -шіл

-шылтым, -шітім

5. –ғыл


-ілдір, -аң, -қай

-ша, -ше
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту



62-жаттығу Есте сақтау диктанты

1. Мәтінді бірнеше қайтара оқу

2. Кітаптарын жапқызып, естерінде қалғандарын жазғызу

3. Сапалық сын есімдерді табу (7)


63-жаттығу Ауызша тіл дамыту

Сапалық сын есімдерді түрлендіру


Көк - көкшіл, көгілдір, көктеу, көгірек, көкпеңбек

Қымбат – қымбаттау, қымбатырау,қып-қымбат

Ақ – ақтау, ақшыл, ағырақ, аппақ
65-жаттығу Дәптермен жұмыс

Салыстырмалы шырайлы сын есімдерді тауып, жұрнақтарын бөліп жазу


Ауыр-лау, сирек-теу, қоңыр-қай, сар-ғыш-тау, ақ-шылтым, қышқыл-тым, терең-ірек, тәуір-леу, көк-ші.
67-жаттығу Өзіндік жұмыс

Портрет жасауға қатысып тұрған сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдыру


71-жаттығу Ауызша

Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасау


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу. Ереже

  2. 69-жаттығу


Күні: 27.09.13ж

Сыныбы: 7»А»
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдету, сын есмінің емлесі жайлы білім қалыпатастыру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арықылы оқушыларды тиянақтылыққа, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, жазу сауаттылығын дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, ойын, шығармашылық жұмыс, морфологиялық талдау, ауызша тіл дамыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақ

Сын есімдердің емлесі



  1. Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады:

жақсы-жаман, үлкен-кіші, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы


  1. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арықылы (-) жазылады:

Жап-жасыл, сап-сары, т.б.

  1. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) бөлек жазылады: қызыл сары, ақшыл көк, қара торы, ұзын бойлы, т.б.

  2. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күшейтпелі шырайлар бөлек жазылады:

өте әдемі, нағыз жігіт, тым ұзын, т.б.
ІҮ . Жаңа сабақты бекіту

70-жаттығу Сөз тіркесін құрау
Ең тамаша жан, тым әлсіз жәндік, тіпті қысқа жіп, сап-сары алма, қап-қатты құрт, орасан зор корабль, ап-аласа өсімдік, әп-ідемі қыз, кіп-кішкентай бала
73-жаттығу Шығармашылық жұмыс

Тірек сөздерді пайдаланып, «Өте зейінді оқушы» деген тақырыпқа шығарма жазу


Ойын «Сөз» ойыны

Үш бала шығады.

1-оқушы -сын есім

2-оқушы – салыстырмалы шырау

3-оқушы – күшейтпелі шырай
74-жаттығу

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау, сын есімдерді тауып, түріне ажырату


Абай жайлаудағы ең әнші, өнерлі жастарды жиып отыр.

75-жаттығу

1. Мәтінді оқу

Аққозының суретін ауызша талдау

Күрделі сын есімдерді атау


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу

  2. 76-жаттығу


Күні: 30.09.13ж

Сыныбы: 7 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі жөнінде алған білімдерін тереңдету, сын есімдердің түрленіп келіп сөйлем мүщесі қызметін атқаратынын меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әсемдікке, кішіпейілділікке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту, мақал-мәтел айту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сын есім сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.

  1. Қадірлі сыбағаның бірі – омыртқа.

Сын есімнің негізгі қызметі – анықтауыш
2. Сын есім + І.с. = заттық мағына анықтауыш

Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.

Өнерлінің өрісі кең.


  1. Сын есім + ж.ж. = баяндауыш

Сен бір артық көркемсің.
4. Сын есім + етістік = пысықтауыш

Әжемнің бұлтиған кәрі қолы өте жұмсақ тиеді.
5. Сын есім септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді.

Егер көптеліп, септеліп, тәуелденсе, онда зат есімнің орнына жүреді. Оны сын есімнің заттануы деп атайды.



Қас жақсының белгісі –

Жаман сөзді жаттамас.

Заттанған сын есім А.с-де тұрып, бастауыш болады.

Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,

Жақсы да, арасында жаман да бар.


6. Сын есім + Б;Т;Ж;Ш;К = толықтауыш

Жаманға жан жуымас.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
77-жаттығу Сын есімдерді талдау

Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш. Ақ үйдің төрінде қабат-қабат көрпе төсеп, жан-жағына үлкен ақ жастықтар қойып Аймен отыр.

79-жаттығу

Мақалдардағы сын есімдерді тауып, септігін ажырату. Сөйлем мүшесіне талдау.


Сыпай сырын сақтар,

Әдепті арын сақтар.

Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.


80-жаттығу

Түбірін дефис (-) арқылы бөліп, сөз табына ажырату


От-ты, ғылым-и, ауыс-па-лы, жылжы-ма-лы, боз-ғылтым.
81-жаттығу Өзіндік жұмыс

1. Берілген сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрау

2. Сын есімдерді мағынасына, жасалуына, шырай түріне қарай талдау.
Кенет алдымнан қалың қара сақалды кісі шыға келді.
84-жаттығу Ауызша тіл дамыту


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Сын есімдерді тауып, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау


83-жаттығу

1. Оқу


2. Талдау
Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Диктантқа дайындық

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, жазу сауаттылықтарын тексеру

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұлттық өнерді құрметтеуге, ұлтжандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың жазу сауаттылықтарын дамыту, естігендерін сауатты жаза білу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету

Сабақтың типі: Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі: Диктант

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Қазақтың ұлттық өнері
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды. Мұның өзі ою-өрнек өнерінің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейді. Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, тегене, саптыаяқ, ожау, т.б. ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз үйдің сүйегіне де түсірілген.

Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, күнделікті тұрмыста кең қолданылып жүр.


ІҮ. Грамматикалық тапсырма
1. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау

1-топ: Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған.

2-топ: Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған
Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Өткенді қайталау


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сан есімдер туралы 6-сыныпта алған білімдерін тереңдету, сан есімдердің түрлену ерекшеліктері жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Жаттығу жұмыстары арқылы жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сан есімдерді түрлеріне қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есім – сандық ұғымды білдіреді.
1. Заттың санын білдіреді (қанша? Неше?)

2. санның атауын (не?)


Сан есімнің түрленуі біркелкі емес.




  • Есептік сан есім сандық ұғымды білдіргенде, түрленбейді.

Заттық ұғымда түрленеді.
Тоқсанымыз жиылып,

Тоқты сойған батырмыз.


  • Жинақтық сан есімнің заттық қасиеті болғандықтан, түрлендіруші қосымшаларды қабылдай береді.




  • Бөлшектік сан есімдер септеледі, бірақ көптелмейді, тәуелденбейді.

Жіктік жалғауын қабылдап, заттық ұғымда қолданылады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
85-жаттығу

1. Сан есімдерді тауып, түрленуін түсіндіру


Сен биыл ондасың ба? Ол жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу


86-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Сөзбен жазу

3. Құрамына қарай талдау


87-жаттығу Өзіндік жұмыс


  1. Сан есімдерді мағынасына қарай ажырату

  2. Сөйлем құрау


89-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату

  3. Үшінші бөлімді емлесі бойынша жазу

10 шақты, 50-60-тай, т.б.
Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 88-жаттығу

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, сан есімнің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әсемдікке, өнерді, тарихты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының сөздерді саралап, сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуін, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін, ой тұжырымдай білуін дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 88-жаттығу берілген болатын.Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Сан есім заттың санын, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады.

Мен жетінші сыныпта оқимын.

І.С-де заттанып та анықтауыш болады.



Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
2. С.е. атау септігінде бастауыш болады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

3. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, баяндауыш болады.


Біз бесеуміз, бесеуміз

Бес тармақты жұлдызбыз.
4. Сан есім септеліп те, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.
Оқушылар спорт алаңына үштерде жиналмақшы.
5. Б.,Т., Ж., Ш.,К. септіктерінде толықтауыш
6. Сан есім + зат есім сөйлемнің күрделі мүшесі

Сан есім – қатыстық сан есім


Біз кеше 100 метр қашықтыққа жүгірдік.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
90-жаттығу

Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау

Шайхат шай ішіп отыр. Ту сыртынан үйелмелі- сүйелмелі төрт ұл, екі қыз күрең патефонға үймелей қапты.
91-жаттығу

Сан есімдерді тіркескен сөзімен іріктеп жазып, қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.


Жиырма үйлі – қанша ? – анықтауыш

Он түйесінің – қанша? – анықтауыш

Сегізінен айырылып – нешеуінен? – толықтауыш
92-жаттығу

1. Мәтінді мәнерлеп оқу

2. Сан есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай ажырату

бірі – е.с.е., т.ж.ІІж.

төртінші – р.с.е

екі мың – е.с.е., күрделі


Шығармашылық жұмыс

«Уақыт - таразы» деген тақырыпқа мақала жазу


ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Сынақ тапсырма бойынша жұмыс

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуі

Жіктеу есімдігінің түрленуі



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдіктердің түрленуі, жіктеу есімдігінің түрлену ерекшеліктері жайлы білім қалыптастыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге, ерлікке, ардагерлерді құрметтеуге, тарихты қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, ойын, талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сынақ тапсырма бойынша жұмыс жасап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.


ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Сан есімдердің түрленуі дегеніміз не?

  • Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?

  • Қай жағдайда сан есім пысықтауыш қызметін атқарады?

  • Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі қандай?


ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе

Есімдіктерді, оның мағыналық түрлерін еске түсіріп өту


Ү. Жаңа сабақ

Есімдік есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.


Заттық ұғымдағы есімдіктер (мен, сен, ол, кім, не, т.б.) септеледі, көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Заттың белгісі ұғымындағы есімдіктер өз мағынасында өзгермейді.

Заттанып барып түрленеді.


Жіктеу есімдігі заттық мағынада зат есімдерше септеледі, жіктеледі.
Мен, сен, ол – ерекшеліктері:

  1. І.,Б, Т., Ш. септіктерінде түбірдегі н,л түсіп қалады.

  2. Ж.с-де түбірдегі л н

  3. Б.с-де л,н түсіп қалып, түбірге –ған болып жалғанады, түбір жуандайды.

  4. К.с түбір +ы, -і + К.с.

Жіктеу есімдігі өз жағындағы жіктеу есімдігін ғана қабылдай алады.



ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

93-жаттығу

Оқып шығып, заттық ұғымдағы есімдіктерді бір бөлек, заттық белгіні білдіретін есімдіктерді бір бөлек жазу


Заттық ұғым Заттық белгі

өзі бұл


осы сол

94-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Мазмұнын түсіндіру

3. Есімдіктерді тауып, талдау

Сен – ж.е., А.с.,ІІ жақ; бізді – ж.е., Т.с., Іж.к.т.

95-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Мазмұнына талдау жасау

3. Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұрған есімдіктерді тауып, тұлғасына талдау жасау



96-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Мазмұны бойынша сұрақ дайындау

3. Жіктеу есімдіктерін тауып, қалай түрленіп тұрғанын дәлелдеу.


ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу

  2. «Мен ерлік жасау дегенді қалай түсінемін» шығарма жазу



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу және сұрау есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сілтеу есімдігінің зат есімдерше түрленетіні, септелетіні туралы, сұрау есімдігінің тәуелденуі, септелуі және жіктелуі жайлы білім қалыптастыру, септелу ерекшеліктерін аңғарту

Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені, ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге, елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, сөйлем мүшелеріне талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап, дәптермен жұмыс, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма бойынша жазып келген шығармаларын тексеріп шығамын. Шығармаларын оқытып, жіктеу есімдіктерін тапқызамын, түрлену ерекшеліктерін айтқызамын.
ІІІ. Жаңа сабақ

Сілтеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, тәуелденеді.


І. Бұным бұнымыз, бұларымыз

ІІ. Бұның бұларың

Бұныңыз бұларыңыз

ІІІ. Бұнысы Бұлары


Сілтеу есімдіктеріне кеййде көптік, тәуелдік жалғаулары жаллғанады.
Сілтеу есімдіктері септелгенде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1) бұл, сол, ол І., Т., Ш.септіктерінде л түсіп қалады.

Бұның


Бұны

Бұдан


Ж.с.-де түбірдегі л н бұнда

К.с-де түбір + ы + К.с.

Б.с-де л түсіп қалады бұ-ған
2) –ған Б.с-де осы, мына, ана –ға да жалғанады.
3) Осы, бұл, ол, сол Т:Ж.Ш.К. септіктерінде толықтауыш
Сілтеу есімдіктері А.с-де бастауыш, сызықша арқылы жазылады.
Бұл – Наталья еді.
Сұрау есімдіктері зат есімдердің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Тәуелденуі:
І. Менің кімім І. Біздің кіміміз

ІІ. Сенің кімің ІІ. Сендердің кімдерің

Сіздің кіміңіз Сіздердің кімдерің

ІІІ. Оның кімі ІІІ. Олардың кімдері


Септелуі: Жіктелуі:
А. кім І. Мен кіммін І. Біз кімбіз

І. кімнің ІІ. Сен кімсің ІІ. Сендер кімсіңдер

Б. кімге Сіз кімсіз Сіздер кімсіздер

Т. кімді ІІІ. Ол кім ІІІ. Олар кімдер

Ж. кімде

Ш. кімнен

К. кіммен
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
97-жаттығу

1. Мәтінді оқу

2. Жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып, ауызша талдау

3. Фразеологизмді табу (дәптермен жұмыс)


98-жаттығу

1. Мәтінді оқу

2. Сілтеу есімдігі бар сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тағы бір тыңдағысы келіп еді.
100-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Сұрау есімдіктерін тауып, мағыналық ерекшеліктеріне түрлендіру
101-жаттығу

1. Жаңылтпаш оқу

2. Жатқа жазу

3. Сөйлем мүшелеріне талдау жасау


Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.



102-жаттығу Өзіндік жұмыс

Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құрау



104-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Мазмұнын талдау

3. Сұрау есімдіктерінің түрленуіне назар аударып, талдау

4. Морфологиялық талдау жасау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет