Ү. Жаңа сабақты бекіту
203-жаттығу
-
Сөйлемдерге синтаксисьік талдау жасау
-
Көсемшелерге сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтау
Сибан көші Еламанның аулына қарамай, әрі асып кете берді.
Өзіндік жұмыс
Көсемшенің жасалу жолдарының үш түріне мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрау
204-жаттығу
-
Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу
-
Морфологиялық талдау жасау
-
Көсемшенің қызметін анықтау
Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
205-жаттығу Ауызша талдау
-
Мәнерлеп оқу
-
Мазмұндау
-
Көемшелерді тауып, қай сөйлем мүшесі екенін ажырату
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
-
206-жаттығу Адам бейнелері берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
-
Пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кенен Әзірбаев (диктант)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің шақтары, райлары жөнінде алған білімдерін тексеру, жазу сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Мәтін мазмұыны арқылы өнерді құрметтеуге, тарихты қастерлей білуге, әсемдікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы жазу сауаттылықтарын, ойын, тілін дамыту
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Кенен Әзірбаев
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған. Шешесінен 7 жасында жетім қалған. Жалшылықта жүріп, аспандағы бозторғайға осылайша мұңын шаққан еді. Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді. Жайып жүрген қойын досына тапсырады да, Көкшолағымен тойға кетіп бара жатқандарға қосылады. Жол-жөнекей Шәлипа деген қызбен айтысады. Байдың қызы оны менсінбейді. Осы жолы Кенен «Көкшолақ» әнін шығарады.
Осыдан бастап ол «бала ақын» аталып, жиын-тойларда өнерімен көзге түседі. Сүйінбай, Бөлтірік, Сарбас сияқты арқалы ақындардың шығармаларынан, өздерінен өнеге алады. Оның мектебі де, университеті де өмірдің өзі, халық ауыз әдебиеті болады.
Кенен Әзірбаев – ең алдымен әнші, ақын, халық сазгері. Оның әндері халық арасына кең тараған. Кенен –айтыс ақыны. Он алты жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен.
(120 сөз)
Тапсырма:
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау:
1-топ:
Өздеріңе таныс «Бозторғай» әнін Кенен 11 жасында шығарған.
2-топ:
Бірде бала қойшы көрші ауылда той болып жатқанын естіді.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұйық етістіктің түрлені жайлы білім қалыптастыру, тұйық етістіктің жазылу емлесін меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке, татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 206-жаттығу бойынша адам бейнелері берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасауға және пысықтауға арналған сұрақтармен жұмыс жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атын ғана білдіреді, бірақ етістіктерше жақтық, шақтық мағына бермейді.
Түбір + у Көбіне заттық мағынаға ие болады.
Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік тіелей септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.
Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейі тәуедік жалғауы жалғанады.
Емлесі:
-
Сөз дауыссызға бітсе, у дауысты
Дауыстыға біте, у дауыссыз болып жалғанады.
-
ы, і + у у
-
п, к, қ + у п б
к г
қ ғ
Ү. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырма Ойланыңыз да айтыңыз.
-
У дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бол бере ме?
-
Жұмбақтың шешуін тап.
-
Жаю, тыю, сүю деген сөздер қай сөз табына жатады?
207-жатттығу
-
«Құмырсқалар өркениеті» тақырыбындағы мәтінді мәнерлеп оқу
-
Абзац бойынша оқушыларға мазмұндату
-
Өзіндік жұмыс
1-нұсқа: у тұйық етістік болатын сөздерді
2-нұсқа: у зат есім болатын сөздерді теріп жазу
-
1-3 азат жолдарға морфологиялқ талдау жасау
-
7-азат жолға синтаксистік талдау жасау
Шығармашылық жұмыс
«Адамдарға сөзіңмен ұнау үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, эссе жазу
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Көркем әдебиеттен тұйық етістікті сөйлемдер жазып, тұйық етістікті сөздің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің формалары жөнінде алған білімдерін тиянақтау, етістіктердің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, тазалыққа, өнер-білімге ұмтылуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
САабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
-
Етістік шақ, рай тұлғасында жіктеліп келіп, баяндауыш болады.
Тұйық етістік сөйлем соңында Ж.с-де немесе басқа тұлғаларда тұрып-ақ баяндауыш болады.
Қойшының қоңыр лашығының бір үзігі сыпырылған.
Асан баласын Семейде оқытуда
-
Етістік көсемше тұлғасында іс-әрекеттің амалын, қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады.
Тұйық етістік Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп немесе шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.
Біз газет оқығалы кітапханаға бардық. Жиналыста тазалық сақтау, жаңа тұрмыс құру, оқу турал айттым.
-
Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында А.септігінде келіп, бастауыш болады.
Қайталау – оқу анасы.
Ізденген жетер мұратқа.
-
Есімше формалы етістік немесе А.с –гі тұйық етістік З.е-мен тіркесіп келіп, анықтауыш болады.
-
Б.с.,Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп, екеуі де кейде толықтауыш болады.
Мына оқиғадан кейін осыны мойындауға тура келді.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
208-жаттығу Ауызша талдау
-
Мәнерлеп оқу
-
Сөйлемдерді жеке-жеке оқып, етістіктерін табу, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау
209-жаттығу
Сөйлемдерге синтакситік талдау жасау
210-жаттығу
Етістіктерді теріп жазып, шағына, райына ажырату
Тимеді – ж.ө.ш., а.р.
Байқаған жоқ – б.ө.ш., а.р.
211-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
212-жаттығудың 1-бөліміне синтаксистік талдау жасау
Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің сөйлемдегі қызметі жайлы алған білімдерін нығайту, етістік тарауы бойынша өткенді қайталау
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 212-жаттығудың 1-бөліміне синтаксистік талдау жасап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
212-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
213-жаттығу
-
Мәнерлеп оқу
-
Тақырып қою
-
Ауызша ой, тіл дамыту
Тілдің пайдасы мен зияны туралы білетіндерін сұрау
-
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
214-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Етістіктерді тауып, толық талдау жасау
еді – көм. ет., ж.ө.ш., а.р.
шыққам – нег.ет., есімше, І ж.ж.ж., б.ө.ш.,
-
Мәтінге сүйене отырып, Аянға мінездеме жазу
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
215-жаттығу Үлгі бойынша талдау жасап келу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Морфология тарауынан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Морфология тарауынан сөз таптарының сөйлемдегі қызметі туралы алған білімдерін қайталау, бекіту
Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, байыптылыққа, білуге алға ұмтылуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын дамыту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 215-жаттығу бойынша үлгіге сүйене отырып, талдау жасап келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
216-жаттығу
-
«Ақсүйек» мәтінін мәнерлеп оқу
-
Мәтін мазмұнына талдау жасау, мағынасын таратып айту
-
Мәнінен есімше және көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, мағынасы мен қызметін ауызша түсіндіру
217-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Ойынға ат қою
3. Етістіктерді теріп жазып, шағын ажырату
218-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Өзіндік жұмыс
Мәтіннен әр топ өздеріне берілген сөз таптарын теріп жазу
Зат есім:
Сын есім:
Сан есім:
Есімдік:
Етістік:
Үстеу:
219-жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
Сынақ-тапсырма бойынша жұмыс
«Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ төңірегінде 10 ереже түзіп шығу
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Синтаксис тарауы туралы жалпы түсінік қалыптастыру, сөздердің байланысу жүйесі, грамматикалық байланысты жүзеге асырушы тұлғалар туралы білімдерін еске түсіру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық мұраларды қастерлеуге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді сүюге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау-жинақтау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сынақ-тапсырма бойынша «Достықта не жақсы, не жаман» деген сұрақ төңірегінде 10 ереже түзіп шығуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Синтаксис – грек сөзі, «біріктіру», «құрау», «реттеу» деген мағынаны білдіреді.
Қазір грамматиканың бір саласы, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым-құрылысын қарастырады.
Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлшегі – сөйлем. Сөйлем – сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы құралады.
Егер құрамындағы сөздерді қосымшасыз алсақ, мағыналық байланыс болмайды.
Синтаксис сөйлемдердің мағыналары мен түрлерін, сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысқа түсуін, сөздердің тіркесуін зерттейді.
Сөздер сөйлемде бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп қолданылады.
Сөйлемдегі кем дегенде екі сөздің бірінің екіншісіне сабақтаса байланысуын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі
Есімді Етістікті
Сөз тіркесінің түрлері басыңқы сөздің қай сөз табынан болуына қарай анықталады.
Басыңқы сыңары: зат есім
Сын есім есімді тіркес
Сан есім
есімдік
Басыңқы сыңары: етістік - етістікті тіркес
Ақбураның құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болатын.
Ақбураның қасеті - есімді
Құс секілді ұшатын – етістікті
Ұшатын қасиеті – есімді
Қасиеті болатын – етістікті
Ерекше қасиеті – есімді
Ү. Жаңа сабақты бекіту
223-жаттығу Ауызша
1. Мәндегі сөйлемдерді мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдердегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді атап, қай сөз таптарының байланысып тұрғанын атау
224-жаттығу
1. «Шөген» мәтінін мәнерлеп оқу
2. Мәтін мазмұнына талдау жасау
3. Мәтінен қалаған 3 сөйлемдердегі сөздерді байланыстыры, сөз тіркестерінің түрлеріне ажырату
Үлгі: Аса шеберлікті қажет ететін бұл сайыс түрі қазақ халқында ұлттық ойын ретінде қолданылған.
Шеберлікті қажет ететін – етістікті
Бұл сайыс – есімді
Сайыс түрі – есімді
Сайыс түрі қолданылған – етістікті
Қазақ халқында – есімді
Қазақ халқында қолданылған – етістікті
Ұлттық ойын ретінде қолданылған - етістікті
227-жаттығу
1. Мәтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
2. Сөйлемдегі сөз санын анықтап, қандай сөз тіркестері бар екенін ажырату.
ҮІ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма:
226-жаттығу
Мәтіннен қалаған 5 сөйлемді сөз тіркестеріне жіктеп, түріне ажырату
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер туралы, олардың бір-бірінен айырмашылығы, қолданылуы жайлы алған білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әдебиетті, халықтық салт-дәстүр, ұлттық ойындарды қастерлеп, құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау,т өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге 226-жаттығу бойынша мәтіннен қалаған 5 сөйлемді сөз тіркестеріне жіктеп, түріне ажыратып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Тұрақты тіркес 1. Екі не одан да көп сөзден тұрады
Күрделі сөз 2. Бір мағынаны білдіреді
3. Сырттай ұқсас
4. Орындары тұрақты
Күрделі сын есімдер
Күрделі сан есімдер
Күрделі зат есімдер
Күрделі етістік
Негізгі сөз бен көмекші сөздер
Күрделі сөз ┼ басыңқы сөз = сөз тіркесі
Тұрақты тіркестер
Ү. Жаңа сабақты бекіту
229-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Баған түрінде теріп жазу
Сөз тіркесі Күрделі сөздер Тұрақты тіркестер
230-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі, күрделі сөз немесе тұрақты тіркес екенін ажырату
232-жаттығу
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 231-жаттығу қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі не күрделі сөз екенін анықтау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз тіркесі туралы алған білімдерін тереңдете отырып, оларды күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден ажырата білуге, сөйлемдерден тауып, талдай білуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, пайымдылыққа, қазақ музыка өнерін құрмет тұтуға, әсемдікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөйлемдерді сөз тіркестеріне талдау, өзіндік жұмыс,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер деген тақырыпты қайталап оқып келуге және тұрақты тіркестері мен күрделі сөздері бар сөйлемдер жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеремін.
Қосымша сұрақтар:
-
Сөз тіркесі дегеніміз не
-
Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?
-
Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді бір-бірінен қалай ажыратамыз. Мысалдар арықылы дәлелдеңдер.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары:
234-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнына талдау жасау
3. Сөйлемдердегі сөз тіркестерін тауып, түріне ажырату
Салған жерден түсінсе – етістікті
Абай түсінсе – етістікті....
235-жаттығу Ауызша
1. Мәнерлеп оқып шығу
2. Мазмұнына талдау жасау
Көкбай туралы мағлұмат
3. Сөз тіркестерін анықтап
Терме диктанты
1-қатар - сөз тіркесі
2-қатар - күрделі сөз
3-қатар - тұрақты тіркестерді теріп жазу
Қонақасы, қонақүй, мүшелтой, қабілетті бала, жүрегі алып ұшу, зығырданы қайнау, пікірталас, жаман-жәутік, құлаққа ұрған танадай, аппақ, құдық қазу, әңгір таяқ орнату, талапкерлер сөйледі, демалысқа кету, тілашар, қаннен-қаперсіз, көңіліне қона қоймау.
Сөз тіркесі: қабілетті бала, құдық қазу, талапкерлер сөйледі, демалысқа кету,
Тұрақты тіркестер: жүрегі алып ұшу, зығырданы қайнау, құлаққа ұрған танадай, әңгір таяқ орнату, көңіліне қона қоймау.
Күрделі сөздер: Қонақасы, қонақүй, мүшелтой, пікірталас, жаман-жәутік, аппақ, тілашар, қаннен-қаперсіз
233-жаттығу Шығармашылық жұмыс
Өздерініңіз бірнеше күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып жазып, солармен сөз тіркестерін құраңыздар. Сөйлем етіп жазыңдар
235-жаттығу
1. Мәнерлеп оқу
2. Мазмұнын таратып айту
3. Тапсырма бойынша жұмыс
ІҮ. Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |