Сабақтың мақсаты: Рельеф пайда болу факторларын анықтау. Неміс ғалымы А. Пенктің негізгі климаттық типтерін қарастыру. Климаттың рельеф түзудегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Үгілу түрлерімен танысу. Жоспары



бет6/7
Дата02.05.2023
өлшемі6.54 Mb.
#473143
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
№7 дәріс

Үгілу қабығы
Үгілу қабығы өзінің құрамы мен қалыңдығына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
- химиялық аса өзгермеген, немесе аз мөлшерде өзгерген, негізінде түпкі тау жыныстардан құралған кесек тасты үгілу қабығы;
- химиялық мөлшерде өзгерген түпкі тау жыныстармен қатар дала шпат пен слюданың өзгеруі арқылы сазды-гидрослюдалық қабық;
- монтмориллониттік қабық: алғашқы минералдан терең химиялық өзгерістен өтіп түзелген негізінен сазды минерал монтмориллонит құралады;
- каолинит қабық;
- қызыл топырақты қабық;
  • латеритті қабық.

  • Үгілген қабықтардың соңғы екі түрі ұзақ мезгіл бойы және түгелімен үгіліп, алғашқы тау жыныстар құрамынан толық ажырауы нәтижесінде пайда болған. Үгілген қабықтар түрлерінің әрқайсысының өздерінің табиғат зоналық сипаттамасы бар. Мысалы, кесек тасты үгілу қабықтар полярлық биік таулы өлкелерде, сонымен қатар тасты шөлдерде кездеседі. Гидрослюдалық қабық суық және қоңыржай зоналарда дамиды. Монтмориллониттік қабық дала және шөлейт аймақтарда, каолинитті және қызыл топырақты қабықтар – субтропикалық зонада түзілген.

Бейне материалдар :
https://www.youtube.com/watch?v=wVNowZr4dng&t=27s
https://www.youtube.com/watch?v=F-MSalDCUHE
https://www.youtube.com/watch?v=FOFpH2ca88A&t=6s
https://www.youtube.com/watch?v=0ppr6gXk8UM
Терминдер:
Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.
Тау жыныстарының үгілуі – ауаның, су мен организмдердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мен тау жыныстарының бұзылып ыдырауын айтады.
Денудация – тау жыныстарының бұзылуы, үгілу және пайда болған үгінділердің көтеріңкі аймақтардан салмақ күші су, жел, мұздық әрекетінен сырғып, ойыс өңірлерге шөгуі.
Денудациялық жазық - тектоникалық қырат жерлерде денудациялық агенттер әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан тегістелген бет.
Үгілу қабығы – литосфераның беткі бөлігі әр түрлі факторлардың әсерінен өзгерістерге ұшыраған магмалық, метаморфтық және шөгінді тау жыныстары есебінен қалыптасқан және сол орнынан қозғалмай сақталып қалған үгілген тау жыныстарының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет