Эолдық процестер - жел әрекетінен пайда болатын бедер түзуші процестер: кұмның ұсақ түйіршікті фракцияларының үрленуі (дефляциясы), қайта үрленуі және эолдық материалдардың (негізінен, құмның) бастапқы шөккен жерінен біраз қашықтыққа орын ауыстыруы есебінен ұшуы. Эолдық процестер, негізінен, шөлдерде болады, бірақ құрғақ және қоңыржай ылғалды атыраптарда, басқа географиялық зоналарда да (теңіздер мен көлдер жағалауларында, өзен террасаларында және т.б.) байқалады.
Пенеплен (лат. paene - дерлік, ағылш. plain — жазық) — сол толқынды, кейбір жерлері тегіс денудациялық-аккумуляциялық жазық; таулы аймақтың ұзақ уақыт үгілуге және денудацияға ұшырауынан қалыптасқан құрлықтың тегістелген жазықтау бөлігі; эрозия базисінің тұрақты орналасу жағдайында ағын сумен атмосфера агенттерінің әсерінен таулы алқаптың ұзақ уақыт бойында бұзылуынан пайда болған жер бетінің формасы, Аңғарлар біртіндеп тереңдеп, ұзара отырып, оның беткейлері астынан да, үстінен де жуыыпшайылып отырады. Аңғар аралығындағы қыраттар да азаздап бұзылып, аласарып отырады, сөйтіп ең ақырында бұрынғы таулы аймақ (оның кейбір аңғар бастарының аралығындағы сақталған тебелері болмаса) жазыққа айналады.
Өзіңді бақылау сұрақтары
- Рельф түзудегі климаттың рөлі қандай?
- Тау жыныстарының үгілуі дегеніміз не?
- Нивалдық климат дегеніміз не?
- Гумидтік климат дегеніміз не?
- Аридтық клмат дегеніміз не?
- Үгілу түрлерін ата.
- Бедердің генезисі және жасы қалай анықталады ?
- Негізгі бедертүзуші факторлар қалай сипатталады ?
Негізгі әдебиет:
1. Акпамбетова К.М., Жандаев М.Ж. Краткий курс геоморфологии
Караганда, изд-во КарГУ, 1994 г.
2. Акпамбетова К., Веселова Л., Жылқайдарова Г. Жалпы геоморфологияның терминологиялық түсіндірме сөздігі. – Алматы: РБК, 1994 ж.
3. Акпамбетова К.М. Геоморфология аридных территорий.
Караганда, изд-во КарГУ, 2004 г.
4. Гвоздецкий Н.А. Карст. Природа мира. – М.: Мысль, 1981 г.
5. Горбачев А.М. Общая геология. М.: Высшая школа, 1981 г.
6. Воскресенский С.С. Геоморфология СССР. – М.: Высшая школа, 1968 г.
7. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж.
8.Леонтьев О.К., Рычагов Г.И. Общая геоморфология.
М., изд-во МГУ, 1988 г.
Қосымша әдебиет:
9. Леонтьев О.К., Никифоров Л.Г., Сафьянов Г.А. Геоморфология морских берегов. – М.: Изд-во МГУ, 1975 г.
10.Щукин И.С. Четырехъязычный энциклопедический словарь терминов по физической географии-М.: Изд-во СЭ, 1980 г.
11. Щукин И.С. Общая геоморфология. – М.: Изд-во МГУ, 1960, 1964, 1974, Т. 1-3
Назарларыңызға Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |