Үгілу және үгілу қабығы
Тау жыныстарының үгілуі – ауаның, су мен организмдердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мен тау жыныстарының бұзылып ыдырауын айтады. Тау жыныстарының үгілу қарқындылығы оның әр түрлі физикалық-механикалық қасиеттеріне және химиялық төзімділігіне байланысты үгілудің үш түрі бар. Олар:
- Физикалық
- Химиялық
- Органикалық
Физикалық (механикалық) үгілуге температураның өзгеруі, тау жыныстарының жарықшақтарында судың қатуы мен еруі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік əрекеті, булану, су құрамындағы тұздардың кристалдану процестері жатады.
Қоңыржай белдемдерде немесе ылғалды, субтропиктік белдеулерде химиялық үгілу басым. Химиялық құбылысқа көбірек ұшырайтындар: əктастар, доломиттер, тас тұздар, гипстер жəне тағы басқа карбонатты тау жыныстары. Бұлар жеңіл еріп, сумен ерітіндіге шығады. Нəтижесінде жер бетінде əр түрлі қуыс бедер пішіндері – үңгірлер, карстық шұңқырлар, құдықтар жəне т.б. пайда болады.
Физикалық және химиялық үгілулер бір мезгілде өтеді, бірақ нақты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты біреуі екіншісінен басым болады. Қуаңшылықты, биік таулы, полярлық аймақтарда физикалық және механикалық үгілу басымдау; қоңыржай белдемдерде немесе ылғалды, субтропиктік белдеулерде химиялық үгілу басым.
Органикалық үгілуде механикалық және биохимиялық әрекеттер арқылы тау жыныстарының бұзылуы. Механикалық бұзуды өсімдіктер өздерінің тамыр жүйесі арқылы атқарады. Органикалық үгілу өсімдіктердің, жануарлрдың, микроорганизмдердің, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, мүктердің биохимиялық әрекеттеріне тығыз байланысты. Олар өздерінің тіршілік етуі үшін, не болмаса өзі солғаннан соң бойынан көптеген көмірқышқыл газдарын және органикалық қышқылдарды шығарып тау жыныстарын бөлшектеуге және ыдырау үшін едәуір әрекет жасайды. Үгілген тау жыныстарының көп бөлігі ешқашанда өз орнында қалмайды, тасымалдау агенттері арқылы рельефтің төменгі ойпат аймақтарына және мұхиттарға барып шөгеді.
Үгілу жəне үгіліске ұшыраған бөлшек заттардың тасымалдануының жəне шөгуінің жинақтық процестерін денудация (лат. denudatіo – ашылу) деп атайды.
Басқаша айтқанда, денудация – тау жыныстарының бұзылуы, үгілуі жəне пайда болған үгінділердің көтеріңкі аймақтардан салмақ күші су, жел, мұздық əрекетінен сырғып, ойыс өңірлерге шөгуі.
Денудация процесі
Органикалық үгілу
Үгілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдық массалар өзгеріп орнынан ауысып тұрса, екінші жағынан шайылу әрекетінен төменде жатқан түпкі тау жыныстары үнемі жер бетіне ашылып шығып, үгілу процесі одан әрі тереңдей түседі. Нәтижесінде жер беті ұдайы жаңарып, құрлықтың көтеріңкі өлкелері төмендейді, таулар бұзылып, құлдырап жазыққа айналады, рельефтің бір түрі жойылып басқа түрлер пайда болады. Ақырында жер бетінің кедір-бұдыры тегістеліп денудациялық жазықтықтар (пенеплен) қалыптасады
HP
Литосфераның беткі бөлігінің аэрация зонасының ауқымында əр түрлі факторлардың (ауа, су, организмдер) əсерінен өзгерістерге ұшыраған магмалық, метаморфтық жəне шөгінді тау жыныстары есебінен қалыптасқан жəне сол орнынан қозғалмай сақталып қалған үгілген тау жыныстарының жиынтығын үгілу қыртысы немесе қабығы дейді (42-сурет). Үгілу қыртысы борпылдақ құрылымымен, көбінесе коңыр немесе қызыл түсті едəуір сазды минералдардың қоспасы бар химиялық жəне минералдық құрамымен ерекшеленеді.
Үгілу қыртысының түрі жəне қалындығы көптеген табиғи факторларға байланысты. Оның қалыптасуына алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал жəне тегіс бетті жазықтық қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |