IV. Бекіту.
Оқушыладың сабақтан алған білімдерін тиянақтау мақсатында «Венн диаграммасын» пайдаланам.
V.Қорытынды.
Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда табиғат пен адам бойындағы сан түрлі сұлулық,тазалықт көрсете білу мен олардың бойындағы адал да,қарапайымдылықты талдап,өзкөзімізбен көре білдік.Сол адал жанды,ақылды адамдар сияқтыбіз де білімді,адал бола білейік.
Мен бұл сабағымда образ талдауды жалай күйде емес,көбінесе сұрақ-жауап әдісін,сұрақ арқылы ойланту әдісін қолданып,іздендіре оқуға тәрбиелеймін.
VII. Үйге тапсырма.
Шығарма жазу: «Сәкен – табиғат пен адам өмірінің жыршысы».
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбектің «Ақбілек» романы.
(ХІ сынып.Көркем шығарманы талдау сабағы)
Сабақтың мақсаты:Ақбілек образының қайшылықты тағдырының психологиялық образ дәрежесіне көтерілуін,сондай-ақ бейнеттен,қорлықтан құтылған,»күнәдән» тазарған Ақбілектің психологиялық жан сезімін ұғындыру;адам мен табиғат,өмір мен өлім арасындағы табиғи заңдылықты басты кейіпкер басына түскен ауыртпалықпен байланыстыра түсіндіру (психологиялық параллелизм(.
Әдістмелік мақсаты: көркем шығарманы талдауды үйрету,сол арқылы талдауды үйрету,сол арқылы өмірді таныту;өмірге көзқарасын қалыптастыру,мінез-құлқына ықпал ету.
Сабақ көрнекілігі: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы,романнан үзіндіні магнитофоннан тыңдату,тірек схемасы.
Сабақ барысы.
І. «Ақбілек» романын бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша шегініс жасап көрейік.Бұл романды талдау барысында қажет болады.
Сұрақ:Жүсіпбек Аймауытов кім?Мағжан,Ахмет,Сәкен,Міржақыптар кім? Олардың қызметінің қай жағы басым?
Біз бұл тұлғаларды әдебиет саласына қатысы болғандықтан шығармашылықтары тұрғысынан қарастырамыз,олар ақын,жазушы ретінде танылумен қатар,көрнекті қоғам қайраткерлері,саясаткерлер,өз уақыттарындағы үкімет басында қызмет еткендер.
Сұрақ: 1. Ж.Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылған еді?
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына,жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем,бастан-аяқ салиқалы,сабырлы,ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман.Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек.
«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады.жазылғанына 60 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып,әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың.Сыңғырлаған күмістей тап-таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп,еріксіз тәнті етеді.Ол стиль,композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді.Еуропа,орыс әдебиетіндегі бейне жасау,мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды.Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.
Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес,соны,мүлде тың,тіпті сирек оқиғаларады романға арқау еткен.Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар,тап күресі,ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры.Бұл – психологиялық роман,мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез-құлық,болмыс-бітім кеңістігі бар.
Сұрақ:Натурализм дегеніміз не?
Натурализм XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған.Натурализм – талдау,анализ жасау деген сөз,мұнда адамның өмірін сынақтан,эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады.Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя Натурализмнің ерекшеліктері
-
Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы.
-
Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес.
-
Табиғат аңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу.
«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай туы ққарсы алады (кітаптан үзінді ...)
-
Біз осылай табиғатты тамашалап,мамыражай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға,Ақбілектің әкесі Мамырбайдың аулына кіріа кеттік.
а) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
б) Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
2.Ақбілек шұңқырда жатыр.Ақтар іздеп жүр.Анасының өлімі.Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті.
а) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?
ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
б) «Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап,балапанын басқан ана құстай аласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды?
в) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?
3.Ақбілек ақтардың қолында.Ақбілекке таласып,жас жігіт мерт болады.Ақбілектің денесі түршігіп кетті.Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып,екінші өлімге кездестік.
4.Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді.
а) Ақбілектің көрген зәбірін,арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?
ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы,Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?
5.Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр.Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр.
Сұрақ : а) Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?
ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті.
б) Оқиға барысында Қарамұрт офицер қай қырынан байқалады?
Ақбілектің азаппен өткізген түні.Табиғат көрінісі мен адам әрекетінің,көңіл-күйінің қатар суреттелуі,хикаяның психологиялық саралаумен берілуі.(Магнитофоннан үзінді)
«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау,өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.
6. Ақбілек тауда жалғыз.Елестетіп көріңіздерші.қою қараңғылық.Түн.Су арқырап ағып жатыр.Жел гуілдеп тұр.Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда.Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді.Олар бірте-бірте жақындап,Ақбілекті қоршап алды.
Қасқыр ненің елгісі?
-
Ақбілекті озбырлардың,қатыгездердің тобы қоршап алды.Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек.Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді.Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.
Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?
Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?
-
Ақбілек жолға шығады.оған диуана Ескендір кездеседі.Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?
-
Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр.Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? ОЛ неге өз-өзіне ажал тілеп,өлім шақырып келе жатыр?Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті.
«. . . . бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді.Осы арам денеммен,арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын?Ойбай-ау! Менің күйеім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар-ұжданы туралы не айтасыз?
Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?
10. Ақбілек ауылға барды.Әкесі арасындағы қарым-қатынас.Медеуі – Бенкболат,Ұрқия.
Әкесінің өзгерісі мен салқындығы арқылы нені аңғартпақ?
Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған?
11.Өгей шеше.
Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипаттаған?
12.Түс көру.
13.Азапты күндер.Жүкті екенін сезу.
14.Әкесінің қуып шығуы.
15.Босану сәті.
16.Қалаға келу.
17.Семей,Омбы,Ақмоладағы оқу.
18.Ақбала – Ақбілек – Балташ.
Ақбілектің Ақбаламен махаббаты.Оның сәтсіздікке ұшырау себебі неде?
Ақбілек ауылда.
Ақбілектің елге оралуы,ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?
Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы,Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?
Ақбілектің жеңісі, «тазару,жаңару» кезеңі.
Автор әке аузына «Ақбілек жат,өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес,көптіңбаласы.Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?
« Ақбілек» натурализм үлгісінде жазылған роман
Өмір мен өлім
Сынақ
Жазушы көздеген мақсатты дәл табу үшін осындай алгоритмдеу амалын қолдану,ойландыру әрекетін дұрыс ұйымдастыру,өз пайымдау-түсінігін қалыптастырып,оны айтқызу көп нәтиже берері сөзсіз.Оқушы мәтінді тек жай ғана оқып қоюмен шектелмей,оған өз дүниетанымы,көзқарасы тұрғысынан баға беру арқылы материалды игеруді жетілдіре түседі,әрі өзін-өзі зияткерлік жағынан дамыту,белгілі бір құбылысқа деген субьективті қарым-қатынасын қалыптастыруды жүзеге асырады.Осындай жазушы стилін меңгергеннен соң оқушылардың танымдарын дамыту үшін пікір жарыстырып,ой-түйіндерін ұйымдатырып,жауаптарын жинақтау орынды.
Табиғат пен адам
Ақбілек трагедиясы Ақбілек көңілінің тазаруы
Анасынан айрылуы Ақбілек ауылда
Ақтар қолында Балташқа қосылу
Қасқырлар қамауында Ақмолада
Әке ызғары Омбыда
Өгей шеше Семейде
Жүкті болуы Қалаға кетуі
Бекболаттан күдер үзуі
Босануы
Міне,балалар,романды оқып аяқтадық.Шығрманың шарықтау шегі қай жерде биігіне жетеді деп ойлайсыз? Қай тұстры сіздерді әр түрлі күйге салды: қуантты,ренжітті,күлдірді,жылатты,толғандырды,ойландырды.
Роман несімен ұнады немесе неге ұнамады? Бұл – қиын сауал.Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманның әдеби сауаты қандай дәрежеде,сұлулық сезімі қандай,эстетикалық талғамы қандай,эстетикалық талғамы қандай? Әлгі оқиғаның байыбына бара ала ма? Ол үшін мына 5 түрлі сұраққа жауап іздеп табу керек.
1.Қандай оқиға болды? (Тақырыбы,идеясы)
2.Қалай өрбіді? (Сюжеті мен композициясы)
3.Кімдердің басындағы хикая? (Шығармадағы тип,характер)
4.Оқиғаның баяндалуы қалай? (Жазушы тілі,стилі)
5.Оқиға автордың жеке көзқарасы? (Суреткердің дүниетанымы).
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Мағжан лирикасындағы ақынның өз бейнесі
Сабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мағжан Жұмабаевтың портреті,ақын туралы жинақталған материал бүктемесі,үлестірмелі кестелер.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі:Қанипа Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс,зерттеу(.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Сабаққа әзірлік жұмысын ұйымдастыру,мақсатын түсіндіру,оқушыларды топқа бөлу.
ІІ.Өткен тақырыппен байланыстыра отырып үй жұмысын тексеру. «Кубизм» әдісімен мынадай сұрақтарға жауап алынды.
-
Мағжанның өмірі қандай жерлерде,қай жылдары өтті?
-
Мағжанның ата-анасы мен бауырларының аты-жөні кімдер?
-
Мағжанның лирикасының тақырыптары қалай бөлінеді?
-
Мағжан қандай тілдерді жетік меңгерген?
-
Европалық және орыс әдебиетінің қандай ірі тұлғаларын Мағжан арқылы білесің?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Суреткер шығармашылығы-оның автопортреті.Ақынның өлеңінен айна-қатесіз оның өзі танылады.Мағжан поэзиясындағы лирикалық кейіпкер – ақынның өзі.
«Ізденіс тенденциясы» сәті.
Ақынның үш өлеңі негізінде 3 топ болып бөлінеді: 1-топ «Сүйемін» өлеңі;2-топ «сағындым» өлеңі; 3-топ «сен сұлу» өлеңі.
Үш топтан шыққан оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып,тақтаға тірек-сызба арқылы ой-толғам жасайды.
айдын көлімді анамды жер гүл май бу
елді түн ай
сайран жерімді Сарыарқаны күн жел су сен
Осы үш топтан шыққан оқушылар ақынның өз ойларын ортаға салады.
Мағжан - өлеңдерінде барлық тақырыптарды қамтыған ақын.оның лирикалық кейіпкерлері елі,жері,ата-анасы,сүйген жары,тау-тасы,орман-даласы,қазақ азаматы,ұлты, т.б. болып кете береді.
Мағжан үшін бай-кедей деген ұғым жоқ.Оның жүрегінде тек ұлт қана бар.Ол ұлты – қазақ елі.Ақынның қай өлеңін алсаң да,ақынның өз бейнесі «менмұндалап» көрініп тұрады. «Көбелек» деген өлеңін мысалға алайық.
Отқа ұшар көбелек
Қарамай сорлы алды-артын.
Ойына кіріп шықпайды
Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдардан ақынның анық сөзі,сол кезеңдегі өмір сүріп отырған қазақ елі көрінеді.
«жазғы жолда» өлеңінде ақын:
Төрт жағы дала,жер де көк,
Дала өлік,жоқ бір от ...
Жер де жатыр тұншығып ... деп көзіне жас келеді Ақынның айтып отырғаны белгілі – қазағы.Сардалада мәдениет сәулесінен аулақ,табиғаттың тілсіз апатына құрбан болған,тұншығып жатқан қазағы.
IV. «Талдау – табыс кілті».Жаңа сабақты меңгеру.
ҚАЗАҚ – ҰЛТ – МАҒЖАН. Осы үш таған арқылы біз ақынның лирикалық кейіпкерін танимыз.
1-топ оқушысы «Қазақ» туралы мәлімет береді. 2-топ оқушысы «Ұлт» жайлы түсінік-пайымын байланыстыра айтып береді.
3-топ оқушысы Мағжанның өлеңдерінен үзінділер оқи отырып суреттеулер жасайды.
V. «Өзіндік ізденіс – білім негізі». Бекіту.
Үш топты оқушыларынан бір-бірден шығып,үлестірмелі кестеде берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар
1.Мағжанның өзің қалаған бір өлеңінің құрылысын талдап көрсет.
2.Мағжан өлеңдерінде қандай троптар пайдаланылады? Мысал келтір.
3.Мағжанның үлгісімен өлең жазу.
VI.Үйге тапсырма.
Мағжанның қай өлеңдерінің шумақтары екенін анықтау.
1.Күш кеміді,Айбынды ту құлады.
2.Күнбатысты шаң басқан.
3.Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
VII. Сабақты қорытындылау. Мағжанның лирикасы жайлы қысқаша пікір жазу.
VIII.Бағалау. Топтық бағалау парағымен бағаланады.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Cабақтың тақырыбы : «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»
(ХІ сынып,Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана тақырыбы)
Сабақтың мақсаты: білім беру – романдағы әйелдер бейнесін ашу;танымдық – Абайдың әйел-ана,қыз-тағдыр,махаббаттағы ізгілік идеясын үлгі ету; тәрбиелік – оқушыға Абайдың адамгершілік,имандылық қағидаларын өмірлік ұстаным етуге бағыт беру.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ,СТО технологиясы.
Көрнекілік:Абайдың портреті,иллюстративті түрлі түсті таблицалар,техникалық деректі суреттемелер.
Пайдаланылатын оқулық,көмекші құрал:М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы; «Жарқ етпес қара көңілім ..»
(Абайдың өлеңдер жинағы); Светқали Нұржанов «Таң қауызын жарғанда» өлеңдер жинағы. «Қазақтың би-шешендері» жинағы.
Сабақтың өту кезеңдері.
І.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасамын.Көңіл күйлеріне,кабинеттің бүгінгі сабаққа дайындығына көңіл аударамын.Оқушыларды түгендеймін.
Светқали ақынның жаңа жыр жинағындағы Абай ұлылығын паш ететін тұстарын атап көрсетемін.
ІІ.Өткен сабақ тапсырмаларын тексеру үшін бірнеше оқушыға кеспе карточкалар таратып,сабақ барысында жауап алатынымды ескертемін.Ал бүгінгі талдау сабағы күрделі болатындықтан бірден жаңа сабақ материалына кіріспе жасаймын.
ІІІ.Бүгінгі сабақ тақырыбын тақтаға жазып көрсетемін.
Бұл тақырып ұлтымыздың әр заман талқысынан өтіп,қазір әйел-аналарымыз қоғамдық дамуда өз биік орын алып отырғанын естеріне сала кетемін.Ауыз әдебиетінің де небір үлгілері бұған соқпай өтпейді.
Бірде Орта жүздегі аржас Шорман төренің баласы Мұса бір топ кісімен атақты Саққұлақ бимен амандасқалы келе жатып,жанындағыларды сынау үшін мынадай бір сұрақ қойыпты:
Ағат деген немене?
Сағат деген немене?
Қанат деген немене?
Жанат деген немене?
Ханым деген немене?
Қасындағылар ананы айтып,мынаны айтып,бидің көңілін таба алмапты.Олардың жауаптарына көңілі толмай келе жатқан Мұса осының мәнісін өздері амандаса келген атақты би Саққұлақтан сұрапты Сонда «Арғынның ағасы» атанған қарт би былай деген екен:
Екі кісі ұрысса –
Ағат емей немене?! Тоқтышақтың терісі
Екі жақсы сөйлессе – Тоңдырмаса суыққа -
Сағат емей немене?! Жанат емей немене?!
Мінген атың болдырмай, Адал болса алған жар -
Мәре жерге жеткізсе – Ханым емей немене?!
Қанат емей немене?! Жайлы болса мінезі -
Жаның емей немене?!
Жесір дауында Ақтайлақ би қорлық көрген қыз баланың тағдырына ара түсіп,оның бас бостандығын былай қорғаған екен:
Жақсы туған қыз бала
Батыр туған ұлмен тең ...
Сатылса малға қарындас –
Есікте жүрген күңмен тең.
Жабырқап көңілі ашылмай,
Қараңғы болар түнмен тең.
Көз жасын көрер пенде жоқ,
Қайғының дерті умен тең.
Еркі өзінде болса,
Мына отырған қарындас
Болар енді кіммен тең?!
Осылайша шындыққа жұрттың бәрінің еріксіз басын игізіп мойындатқан бидің айтқыштығынан қыз бала басына азаттық алған екен.
Қазақ халқы қыз сұлулығын әуелден-ақ жырға қосқан.
Бет ажарын қарасаң –
Жазғы түскен сағымдай.
Ет ажарын қарасаң –
Терісінен айырған
Арпа- бидай ақ ұндай ...
«Қалқатай отыр ма екен,жатыр ма екен
Аққудай көл шайқаған аппақ болып!..»
«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз».
Осылайша өткенге оралып,ұлтымыздың Әйел-Ана тақырыбына әуелден-ақ бей-жай қарамағанын дәлел етемін.
IV. Хрестоматиядағы Абайдың Тоғжанмен ең алғаш Сүйіндікті мекені – Түйеөркеш жеріндегі кездесуі туралы баяндайтын тұстарын тапқызып,оқытамын(245249-беттер).Тоғжан портретін өзім мәнерлеп оқып беремін. «Портрет», «мінездеме», «пейзаж» ұғымдары бойынша сұрақтарға жауап алып,теориялық білімдерін пысықтаймын.
V. Оқушыларға берілген кеспе карточкаларға жауаптар алынады.
- Абайдың Абай болуына әсер еткен өмірлік үш «көзі» қандай еді?
- Абайдың өз әкесі құнанбайға деген көзқарасы қандай болды?
- Абай үлкендер алдында әдепті болуды кімнен үйренді?
(Әжесі мен анасы Ұлжан тағлымы.)
- Абай өз өлеңдерінде көп сынаған қазақтың бойына сіңген мінездері.
«Абай жолы» романы бойынша өткен сабақтарды еске ала отырып,тақтаға Венн диаграммасы бойнша талдау жасатамын. (Ескерту.Төмендегі жауаптарды оқушылар жетекші сұрқтарға жауап бере отырып,өздері тауып талдайды.)
Осыдан барып Абайдың мәңгілік махаббат тақырыбы өзінің қолы жетпей кеткен ғашығы – Тоғжанға арналу себебі ашылмақ.Ғашығы мен әке таңдауымен алған жарына деген қарым-қатынас сыры Абай көзімен,жазушы шеберлігімен ашылады. (Бүгінгі сабақ тақырыбына айналып отырған Абайдың осы аттас өлеңін өзім әнмен орындап беремін.)
Романдағы басқа да әйелдер бейнесін ашу үшін әр тұстан түрлі іс-әрекеттерінен үзінділер оқылады.Содан барып дәптерге әр оқушы кейіпкер әйел-аналарға қысқаша сипаттама жазу тапсырмасы беріледі.Мысалға оқушылар тапсырманы мынадай үлгіде жазып шығады.
Зере – байсалды ақыл иесі,сабырлы ел анасы,ұрпағына мейірбан,аздап аңқаулау мінезі бар,Абайдың сүйікті әжесі.
Ұлжан – асқан сабыр иесі,ұстамды,Құнанбайдың адал ақылдас өмірсерігі,Абай даналығының бастау бұлағы.
Күңке – Құнанбайдың бөлек ауыл отырған бәйбішесі,мінезінің шайпаулығынан жұртқа жұғымсыз,тілді жан.
Айғыз – құнанбайдың тоқалы,төркіні кедей болғандықтан қазақ-ошақ маңында қалған.
Нұрғаным – жасы Абапйдан кіші Құнанбайдың ерке тоқалы.Мінезі батымды,ірі істерге лайық.Құнанбайды билеп алған.Өз теңіне қосылмаған Нұрғаным тағдырға деген өшін,Құнанбайға деген қыжылын ешқашан жасырмай,әр ісіне батыл қарсы шығып отырған.Сол үшін де Базаралымен жақын болған.Қазақтың көп бақытсыз қызының бірі,қалңмал құрбаны.
Қаражан – Тәңірбергенннің бәйбішесі,Абайдың жеңгесі.Мінезі қытымыр,қатал,сараң,тек қара басын ойлайтын Тәкежанның өзіне сай әйел.
Мәніке – Ысқақтың әйелі.Ақылды,тәсілқой,айтқыш болғанымен өрескел сезімсіздігі бар,күйеуіне айтқанын істететін,өз бағасын білетін,паң,еркетотай әйел.
Еркежан,Зейнеп,Торымбала – Оспанның әйелдері.Бәрі де – малға сатылған,тағдырына еріксіз көнген,қазақтың ибалы да көнбіс мінез әйелдері.
Сарыапаң – Құнанбай маңайында Құнанбайдың абыройын сақтаған,ұлжанның күтушісі,егде әйел.
Керімбала,Үмітей – бақыты үшін күресуге дайын,бірақ арманына жете алмай кеткен қазақтың мұңлық қыздары.
Салтанат – Абайды сүйген,сол үшін де ол қамалғанда абақтыға жүз сом беріп құтқарып,азаматық,достық пейіл көрсеткен,Абай құрмет тұтқан ер мінез қыз.
Мәкен – Абайдың досы Дәрменнің сүйген жары,Абайдың ара түсуімен бақытын тапқан қыз.
VI. Білім бекіту кезінде «Хат» тапсырмасы беріліп,оқушыға ой салған Абай мен әйел-аналарға деген толғаныстарына уақыт табамын.
VII. Үйден «Абай жолы» роман-эпопеясын тиянақтап оқуды,оның адам болу жолындағы ұлағаты мен тәрбиесін естен шығармауды тапсырамын.
VIII. Сабақты қорытындылау кезінде көпке танымал,Абайдың Әйгерімге арналған «Көзімнің қарасы» әнін оқушылармен бірге айтып шығамын.Оқушылардан алынған жауаптарды бағалап,бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров өмірі мен қызметі,шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіров қызметі,өмірі,шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету.
Сабақ міндеттері: білімділік – Ілияс өмірі мен қызметі,шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау,бастауыш сыныптағы шығарамаларын талдата отырып,мәнерлеп оқуға үйрету; дамытушылық - оқушылардың сөздік қорларын,шығармашылық қабілеттерін,ой-өрістерін дамыту; тәрбиелік – Ілияс шығарамаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |