Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімін бекіту және терендету. Осы топтың дәрілерімен танысу, рецепт жазу


Ұзақ әсері бар жүрекке қолданатын гликозиттер



бет2/15
Дата11.11.2023
өлшемі48.57 Kb.
#482986
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
f60419404207c60 (2)

1. Ұзақ әсері бар жүрекке қолданатын гликозиттер
Ішке қолданғаннан кейін әсерлері 8 – 12 сағаттан кейін байқалып 10 күнге созылады. Тамырға қолданғанда әсері 30-90 минут кейін байқалып, 4-8 сағат созылады.
Осы топтың препараттары:
«Дигитоксин» -Digitoxinum; «А» тізімі шығу түрі: таб. 0,0001 N10, балауыз 0,00015 N10.
Фармакалогиялық әсері: жүректің өткізгіш қабілетін күшейтеді, жүрек соғуын қалыптастырады, бірақ организмде жинақталады.
Қолдану мөлшері: 1таб.күніне 1-2 рет ЖБМ (жоғары бір мөлшер- высшая разовая доза 0,5 мг., ЖТМ (жоғары тәулік мөлшер – высшая суточная доза) – 1 мг.мөлшерін бірте-бәрте азайтып, белгілі тәртіппен қолданады
Қарсы көрсеткіштері: жүректің созылмалы кемшіліктерінде II, III стадия қан айналысының бұзылғанында.
Кордигит – Cordigitum – «А» тізімі шығу түрі: таб 0,0008 N10, 1 таблетка күніне 2-4 рет. балауыз 0,0012 N 10 күніне 2 рет.
Қолдануы: кардиотоникалық препарат
Жағымсыз әсері: көп мөлшерде қолданғанда бас айналады, экстрасистолия туғызады.
Қарсы көрсеткіштері: - жаңа миокард, инфаркт, жүректің ырғақсыздығының бұзылуында.


2. Орташа әсері бар жүрекке қолданатын гликозиттер
Ішке қолданғанда әсері 5-6 сағат кейін байқалып 2-3 күнге созылады, венаға енгізгенде 10-15 минут кейін байқалып 2-3 сағат созылады.
Лантозид-Lantosidum ; «А» тізімі шығу түрі флакон 15 мл., 15-20 тамшыдан күніне 2-3 рет. ЖБМ – 15 тамшыдан, ЖТМ – 75 тамшыдан.
Қолдануы: жүректің созылмалы кемшілігінде I-III стадиясында.
Целанид- Celanidum «А» тізімі - шығу түрі – таблетка 0,00025 1 таблетка күніне 2 рет, ампула 0,02% 1 мл. тамырға1-2 рет.
Қолдануы – жүректің жедел созылмалы кемшілігінде I,II,III стадиясында
Дигоксин-Digoxinum – «А» тізімі, шығу түрі- таблетка 0,00025N50 белгілі тәртіппен қолданады, ампула 0,025 % - 1 мл. тамырға 10 мл 5%, 20 %- глюкоза ертіндісімен.
Фармакологиялық әсері – систола, диастолаға арнайы әсер етеді, жүрек соғуын сиреттеді, зәр шығаруын күшейтеді, ағзада аз
жинақталады, жүрек кемшіліктерінде қолданады.
Adonis brom «Б» тізімі - шығу түрі таблетка N30 , 1 табл. күніне 3 рет.Қолдануы – жүрек кемшілігінде, неврозда тыныштандыру үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет