Хинидин сульфат - Сhinidini sulfas–«Б»; шығу түрі табл 0,1; 0,2 г. N 20 1 табл 4 рет күніне, аритмия түрлерінде қолданады.
Новокаинамид –Novocainamidum «Б» - шығу түрі табл 0,25; 0,5 N 20 1 табл. күніне 3-4 рет, ампула 10 %-5 мл. N 10 тамырға жаймен .
Қолдануы: аритмияның әр түрлерінде, жүрек бұлшық етінің өткізгіштігін төмендетеді, жергілікті анестезиялық әсері бар.
Қарсы көрсеткіштері: жүректің өткізгіш қасиеті төмендегенде, препарат жақпағанда.
Аймалин – Ajmаlinum «Б» - рауфольфия өсімдігінің алкалоиды, аритмияға қарсы қолданады.
Шығу түрі: таблетка 0,05 N 100 1 табл. күніне 3 рет, ампула 2,5% - 2 мл N 10, тамырға глюкоза ерітіндісімен.
Жағымсыз әсерлері: әлсіздік, жүрек айниды, қан қысымы төмендейді, аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: жүрек өткізгіш жүйесінің ауыр жағдайларында.
Этмозин - Aethmozinum - шығу түрі таблетка 0,1 N 100, 1 табл. күніне 3 рет, ампула 2,5% - 2мл N 10 тамырға, 5% глюкоза ерітіндісімен.
Әр түрлі аритмияда қолданады, әсіресе жүрекке қолданатын гликозидтермен уланғанда болатын аритмияда.
Лидокаин – Lidocainum: шығу түрі ампула -10% -2 мл N 10, 2% - 2 мл ампула, венаға 0,9% натрий хлор ерітіндісімен жаймен құйю, оймақгүл препараттарымен уланғанда.
Қолдануы: жергілікті анестетик, аритмияға қарсы, жедел инфаркт миокардта,
Жағымсыз әсері: бас аурады, айналады, ұйқы басады
II топ. β - адреноблокаторлар
β – адреноблокаторлар, адренергілік импульстың жүрекке әсерін төмендетеді, бұл топтың препараттары Na+ тасмалдауын азайтып, К+ тасмалдауын көбейтіп жүректің өткізгіш қабілетін жақсартады.
Анаприлин – Anaprilinum (обзидан) шығу түрі таблетка 0,01, 0,04 N 50 1 таблетка күніне 3 рет, ампула 0,25% -1 мл N 10, тамырға 5% глюкоза ерітіндісімен..
Фармакологиялық әсері: β1β2 – адреноблокаторларды тежеп, жүрек жұмысын сиретіп оттегін қабылдауын төмендетеді, бұл әсері стенокардияны емдеуге қолданады, жүрек автоматизімін төмендетеді, сондықтан аритмияларда қолданады. Бір қалыпта қолданғанда қан қысымын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |