Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімін бекіту және терендету. Осы топтың дәрілерімен танысу, рецепт жазу


Қысқа әсері бар жүрекке қолданатын гликозиттер



бет3/15
Дата11.11.2023
өлшемі48.57 Kb.
#482986
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
f60419404207c60 (2)

3. Қысқа әсері бар жүрекке қолданатын гликозиттер
Жедел жәрдем гликозидтері, тек тамырға енгізіледі. әсері 7-10 минут кейін байқалып 1-2 сағат созылады.
Строфантин К- Strophantinum K – шығу түрі ампула 0,05 % -1 мл., венаға 10 мл 40% глюкоза ертіндісімен немесе (NaCl 0,9% ертіндісімен) күніне 2 рет жаймен.
Қолдануы: жүректің жедел кемшіліктерінде, пароксизмалды тахикардияда.
Қарсы көрсеткіштері: жүректің органикалық өзгерістерінде, жедел миокардитте, эндокардитте.
Коргликон – Corglyconum «Б» тізімі -шығу түрі ампула 0,06% - 1 мл N 10 тамырға жаймен глюкоза ерітіндісімен енгізеді ЖБМ – 1 мл, ЖТМ -2мл.
Систолиялық әсері басым сондықтан жүректің жедел және созылмалы кемшіліктерінде
қолданады II-III стадия.
Жүрекке қолданатын гликозидттермен уланғанда: антидот ретінде калий препараттары (панангин, аспаркам) немесе унитиол препараты қолданады.


Аритмияға қарсы дәрілер (ырғақсыздыққа қарсы)
Бұл топтың дәрілері – жүректің соғуын, ырғақсыздығын реттейді, олар әр түрлі химиялық қосымшаларға, фармакологиялық топтарға жаттады (мысалы: седативтік дәрілер, транквилизаторлар, холиноблокаторлар, адреноблокаторлар, жергілікті анестетиктер, калий препараттары т.б.)
Аритмияның, ырғақсыздықтың түрлері:

  1. Экстрасистолия – жүректің өз уақытынан бұрын жиырылуы.

  2. Пароксизмалды тахикардия – жүрек соғуы минутына 150-200 дейін жиелейді

  3. Мерцателді аритмия–жүрек құлақшаларының бұлшық еттерінің мерзімсіз жиырылуы.

  4. Жүрек өткізгіш жүйесінің кедергісі - жүрекшеден қарыншаға импульстің өтпеуі



Аритмияға қарсы дәрілердің жіктелуі
I топ – мембрананы қалыптастыратын (хинидин ұқсас)
II топ – β – адреноблокатор
III топ реполяризацияны сиретеді
IV топ - кальций каналдарының блокаторлары (өткізбейтін) .
I топ. Мембрананы қалыптастыратын
Жүрек қабатынан Na+, Ca+, K+, Cl- иондарының тасмалдауын бұзады, сондықтан жүрек жұмысы өзгереді: жүректің қоздыру, өткізу, автоматизмі төмендейді, жұмысы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет