Жағымсыз әсерлері: әлсіреу, жүрек жұмысының сиреуі, ентікпе, жүрек айну,
іш өту, ұйқы бұзылу.
Атенолол( атенол, атенова) –Atenololum; шығу түрі таблетка 0,1, 0,05, 0,025 N 50, 1 табл. күніне 1 рет,
Қолдануы: аритмияның әр түрлерінде, артериалды гипертензия, стенокардия талмасын алдын алу үшін.
Тразикор (коретал, оксперенолол)-Trasicorum; шығу түрі таблетка 0,02, 0,08N 20
1 табл. күніне 1-2 рет, әр түрлі аритмия және стенокардияда қолданады, артериалды гипертензияда.
III топ. Реполяризацияны сирететін дәрілер
Бұл топтың дәрілері иондарды тасымалдамайды, қан айналысын жақсартады, коронар қан тамырларын кеңейтеді, жүрек соғуын бәсеңдетеді, оттегін қабылдауын төмендетеді.
Препараттары:
Орнид( бретилат) – Ornidum «Б» тізімі шығу түрі: ампула 5%-1 мл N 10 тері астына, бұлшық етке күніне 2-3 рет
Фармакологиялық әсері: симпатолитикалық әсері бар, сондықтан қан қысымын төмендетеді.
Қолдануы: гипертониялық ауруларда, экстрасистолия, тахикардияда, миокард инфаркта.
Жағымсыз әсері – ортостатикалық колапс туғызады, әлсіздік, бас айналады, құсады, мұрын шырыш қабаты қабынады, жүрек аурады, көру нашарлайды.
Қарсы көрсеткіштері: гипотония, бас ми қан айналысының бұзылуында, жүкті әйелдерге
Кордарон –(Амиадарон)- Cordaronum – шығу түрі таблетка 0,2 N 60 1 таблеткадан
2-3 рет күніне, ампула 5% -3 мл N 5 тамырға, тері астына еңгізу.
Фармакологиялық әсері: орнидке ұқсас.
Қолданылуы: созылмалы жүрек кемшіліктерінде, аритмияларға қарсы.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция диспенсия өзгерістері ОЖЖның қозуы
Қарсы көрсеткіштері: жүрек әлсіздігі, жүкті әйелдерге, демікпеде.
IV топ. Кальций каналдарының блокаторлары
Кальций иондарының өтуіне кедергі жасайды, кальций каналынан.
Изоптин (финоптин, верапамил) – Isoptinum – шығу түрі таблетка 0,04, 0,08 N100 1 табл.күніне 3 рет, ампула 0,25 %-2 мл N10 венаға.
Фармакологиялық әсері: қан тамырларын кеңейтіп, қан айналысын күшейтеді,жүрек автоматизімін төмендетеді, зәр шығарады.
Қолдануы: коронар қан тамырлар кемшіліктерінде, аритмияға қарсы, инфаркт миокардтың алдын алу үшін.
Жағымсыз әсері: жүрек айниды, бас айналады.
Қарсы көрсеткіші: кордиогенді шокта, жүрек өткізгіш қабілетін нашарлағанда.
Достарыңызбен бөлісу: |