Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет5/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
#124347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79.

  3. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

  5. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81 -96

Қосымша

  1. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

  3. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

  4. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

  5. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

  6. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

  7. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

  8. http://www.rekicen.ru/php/content.php?group=1&id=400. 2000 г. Отчет о применении «Рекицена – РД» у пациентов с часто рецидивирующими воспалительными процессами различной локализации.

БАҚЫЛАУ


(тест тапсырмаларын орындау)

1. «Жауаптың жедел кезеңінің» патогенезінде маңызы бар (4)

  1. жауаптың жедел кезеңі дәнекерлерінің (цитокиндердің) жүйелік әсері

  2. жауаптың жедел кезеңі дәнекерлерінің жергілікті әсері

  3. гипоталамус-гипофиза-бүйрек үсті безі жүйесінің белсенділенуі (стресс)

  4. АКТГ сөлденісінің жоғарылауы

  5. глюкокортикоидтар сөлденісінің жоғарылауы

2. «Жауаптың жедел кезеңінің» дәнекерлері (4)

  1. интерлейкин – 1

  2. интерлейкин – 6

  3. өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)

  4. интерферон-γ

  5. гистамин

  6. арилсульфатаза

3. Жедел кезеңнің нәруыздарының қызметтері (4)

  1. МАТ белсенділеу

  2. антиоксиданттық

  3. микробқа қарсы

  4. фагоцитозды белсенділеу

  5. организм үшін қауіпті тіндік протеазаларды ыдырату

4. «Жедел кезең жауабының» мүмкіндік жағымсыз салдарлары (5)

  1. жүйелік қабынулық жауап

  2. сілейме

  3. жедел кезең нәруыздары түзілуінің белсенділенуі

  4. миокардтың жиырылулық қызметінің төмендеуі

  5. көп ағзалық жеткіліксіздік

5. Жүйелік қабынулық жауап синдромының клиникалық нышандары (4)

  1. дене температурасы 380 жоғары немесе 360 төмен

  2. жүрек жиырылуының саны минөтіне 90-нан жоғары

  3. тыныс жиілігі 20 көп немесе артериялық гипокапния 32 мм рт.ст аз

  4. лейкоцитоз 12 х 109 /л артық немесе лейкопения 4х109 /л төмен немесе лейкоциттердің жетілмеген түрлерінің 10% артық болуы

  5. дене температурасы 370

6. Жалпы адаптациялық синдром сатыларының бірізділігі

  1. төзімділік – қалжырау – үрей

  2. үрей – төзімділік – қалжырау

  3. төзімділік – үрей – қалжырау

  4. үрей - қалжырау -төзімділік

7. Стресс-дамытатын жүйеге жатады (4)

  1. симпатикалық-адреналдық жүйе

  2. гипоталамус

  3. гипофиз

  4. бүйрек үсті бездерінің қыртысы

  5. ГАМК-ергиялық жұйе

8. Стресс-шектейтін жүйеге жатады (4)

  1. симпатикалық-адреналдық жүйе

  2. ГАМК-ергиялық жұйе

  3. антиоксиданттық жүйе

  4. апыйын-ергиялық жүйе

  5. серотонин-ергиялық жүйе

9. Стресс қалыптасуы кезінде патогенездік тізбектер қосылуының бірізділігі :

  1. организмге стрессордың әсері → гипофиздің алдыңғы бөлігінің АКТГ сөлденісінің күшеюі → гипоталамуста кортиколиберин өндірілуінің белсенділенуі → қанға глюкокортикоидтардың шығарылуы → глюкокортикоидтардың нысана жасушаларға әсері

В) организмге стрессордың әсері → гипоталамуста кортиколиберин өндірілуінің белсенділенуі → гипофиздің алдыңғы бөлігінің АКТГ сөлденісінің күшеюі → қанға глюкокортикоидтардың шығарылуы → глюкокортикоидтардың нысана жасушаларға әсері

10. Жалпы адаптациялық синдромның сілейме кезеңіне тән (4)

  1. гипотензия

  2. гипотермия

  3. гипертензия

  4. гипогликемия

  5. адинамия

11. Жалпы адаптациялық синдромның сілеймеге қарсы кезеңіне тән (4)

А) гипергликемия

В) гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің белсенділенуі

С) глюкокортикоидтардың артықтығы

Д) гипертензия

Е) бүйрек үсті бездерінің қыртысы қызметінің қалжырауы



12. Жалпы адаптациялық синдромның төзімділік сатысына тән (3)

  1. бүйрек үсті безі қыртысының гиперплазиясы

  2. қанда АКТГ деңгейінің төмендеуі

  3. қанда глюкокортикоидтардың төмен деңгейі

  4. глюконеогенездің күшеюі

Е) глюкокортикоидтар сөлденісінің жоғарылауы

13. Стресс кезінде бейнақты төзімділіктің жоғарылауы байланысты (3)

  1. қажым қорларын жұмылдыру және қайтадан бөлуге

  2. иондық сораптар жұмысының қуаты және тұрақтылығының жоғарылауына

  3. жасушалық мембраналардың тұрақтануына

  4. симпатикалық-адреналдық жүйенің белсенділігі төмендеуіне

Е) фагоцитоздың белсенділенуіне

14 . Ұзақ стрестің аса тән салдарлары (4)

  1. бүйрек үсті бездері қыртыс қабатының гипо- және дистрофиясы

  2. иммунитеттің гуморалдық және жасушалық буындарының тежелуі

  3. асқазан және ішектің шырышты қабығының жалақ жарасы

  4. аденогипофиздің гипертрофиясы

  5. артериялық гипертензия

15. Дезадаптациялық ауруларға жатады (3)

  1. артериялық гипертензия

  2. дизентерия

  3. ЖИА

  4. асқазанның ойық жара ауруы

  5. пневмония

16. Жарақаттық сілейме патогенезінің негізгі тізбектері (3)

  1. гиповолемия

  2. ауырулық тітіркену

  3. жүректің жиырылулық қызметінің төмендеуі

  4. жүрек ырғақсыздығы

  5. токсемия

    • ) аллергиялық әсерленістің анафилаксиялық

17. Сілейме кезінде қанның қорға дерттік жиналуы басымырақ байқалады (1)

  1. сүйек кемігінде

  2. жүректе

  3. аяқ қан тамырларында

  4. өкпеде

  5. іш қуысы ағзаларында

18. Сілейме кезінде АҚ деңгейінің үдемелі төмендеуі байланысты (4)

  1. қанның қорға дерттік жиналуына

  2. тегісеттік жасушалардың миолизіне

  3. жүрек шығарылымының азаюына

  4. қылтамыралдылық қысқыш межеқуатының жоғалуына

  5. резистивтік қан тамырларының жиырылуына

19. Кома патогенезінде маңызы бар (4)

  1. мый нейрондары гипоксиясы және қажым тапшылығының

  2. уыттанудың

  3. қышқылдық-сілтілік үйлесімдіктің бұзылуы

  4. электролиттік гомеостаздың бұзылуы

  5. гемдік-энцефалиялық тосқауыл бүтіндігінің сақталуы

20. Кома кезінде ОЖЖ қызметі бұзылыстары дамуының бірізділігі


  1. психикалық мазасыздану, сана-сезімнің шатасуы, ессіздену, сана-сезімнің терең жоғалуы

  2. сана-сезімнің терең жоғалуы, ессіздену, сана-сезімнің шатасуы, психикалық мазасыздану

  3. сана-сезімнің шатасуы, сана-сезімнің терең жоғалуы, ессіздену, психикалық мазасыздану

  4. психикалық мазасыздану, ессіздену, сана-сезімнің шатасуы, сана-сезімнің терең жоғалуы

  5. сана-сезімнің терең жоғалуы, сана-сезімнің шатасуы, ессіздену, психикалық мазасыздану

6 тақырып. №1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ


Тақырыптар: «Патофизиология пәні, әдістері, міндеттері. Жалпы нозология», «Этиология және патогенез», «Реактивтілік пен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызы», «Жасушаның жалпы патофизиологиясы», «Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері».

Мақсаты:

  • аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылау міндеттері:

  • өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту

  • патофизиологиялық экспериментті жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту

  • «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларын және Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары туралы білімдерін бекіту.

  • ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізу мүмкіншілігін дамыту


Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).

  2. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

  3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.

  4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.

  5. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынамалармен ауру алдын анықтау.

  6. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алды жағдайларын жүктемелік әдістермен анықтау.

  7. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

  8. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. Реанимациядан кейінгі аурулар, түсінігі, даму тетігі.

  9. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  10. Оргаинзмге төмен барометр лік қымысның әсері.Биіктік ауруының этиологиясы және патогенезі.

  11. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.

  12. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалаушылық патология түрлерінің жіктелуі.

  13. Тұқым қуалаушылық патологиялар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татум және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуатын аурулардың патогенезінің теориялары. Тұқым қуатын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

  14. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Зақымдалу деңгейлері.Мысалдар.

  15. Патогенездегі себеп-салдарлық. . арақатынастар. Мысалдар.

  16. Патогенездегі негізгі тізбек және «Кері айналып соғу шеңбері». Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.

  17. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.

  18. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.

  19. Организмнің жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

  20. . Организмнің жыныс мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

  21. Балалардағы диатездер, анықтамасы, түрлері, сипаттамасы.

  22. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

  23. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі.

  24. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.

  25. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

  26. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдары.

  27. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасының зақымдалуының негізгі тетігі ретінде МАТ белсенденуі.

  28. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Мембараналық фосфолипазаның және басқа гидролазалардың белсенденуі, смостық зақымдалу, иммундық зақымданулар..

  29. Субжасушалық құрылымдар зақымдануының этиологиясы мен патогенезі. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі.

  30. Апаптоз, түсініктемесі, патогенезі. Зақымдануда жасушаның икемделіу- бейімделу тетіктері.

  31. «Жауаптың жедел кезеңі» себептерәі, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жауаптың жедел кезеңінің» организм үшін маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдпромы тіралы түсінік.

  32. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері.

  33. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

  34. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

  35. Кома, түрлері, даму механизмдері.

7 тақырып: СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Сабақтың мақсаты:

  • Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық білімді қолдану

  • Жануарлармен жұмыс жасау тәжірибелік дағдысын бекіту

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

  • дизгидрияның жіктелуі, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу

  • әртүрлі клиникалық ісінулердің даму тетіктерінің, негізгі тізбегінің сызбанұсқасын құрастырып үйрену

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдысын дамыту, эксперименттік ісінулер патогенезінде гемодинамикалық, онкотикалық, тіндік жайттардың маңызын зерттеу

  • Тәжірибеде жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.

2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері, сусызданудың әртүріндегі жасушаіші және жасушадын тыс бөліктердегі осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері және олардың патогенезі.

3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық сулану), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

4. Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.

5. Ісінудің клиникалық түрлері, даму тетіктері. Балалардағы су алмасуы бұзылыстарының

ерекшеліктері.


  1. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ісінулер патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.



Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының, тәжірибе нәтижелерінің қорытындысының дұрыстығын тексеру


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

1 тапсырма.

Гипоосмостық және гиперосмостық гипогидратацияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




2 тапсырма.

Ісіну дамуында тіндердің осмостық қысымының маңызын зерттеу.


Әдісі Тәжірибеге салмағы бірдей екі бақа алынады. Бақаның біреуінің лимфа қапшығына 2 мл физиологиялық ерітінді, екіншісіне 2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі енгізіледі. Бақалардың салмағы өлшеніп, су құйылған банкаларға отырғызылады. 50-60 минөттен соң бақаларды судан шығарып, тағы да өлшейді. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп, талқыланады. Қорытынды жасалады.

Тәжірибе деректерінің хаттамасы



Жануарлар

Енгізілген ерітінділер

Бақалардың салмағы

Бастапқы

1 сағаттан соң

1 - бақа

2,0 мл изотониялық ерітінді







2 - бақа

2.0 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі










3 тапсырма.

Ісіну дамуында гемодинамикалық фактордың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі)

Әдісі: Сабақ басталардан бірнеше сағат бұрын бақаның бір артқы аяғына бұрама салып байлайды. Сабақта бақа аяғының көлемі ұлғайғаны, түсінің өзгергенін анықтайды. Бақа аяғының ісінген жерін инемен пісіп көргенде сұйықтықтың шыққандығы бақыланады. Ісінудің даму жолдарын түсіндіріледі.


4 тапсырма .

Ісіну дамуында онкотикалық фактордың маңызын зерттеу (Старлинг тәжірибесі).


Әдісі: Жұлыны зақымдалған бақаның кеуде және іш қуысы ашылады, жүрек қабы (перикард) алып тасталады. Қолқа үстінен тілінеді және шеткері бағытқа қарай резеңке түтік енгізілген жіңішке шыны түтік (канюля) тілінгсн жерге кіргіэілед». Резеңке түтік 0,5% хлорлы натрий ертіңдісі бар ыдысқа косылады. Осы ертінді бақаның тұтас қан тамыр жүйесі бойымен ағып келіп, қолқаның кесілген жерінен сыртқа құйылады. Бақаны астыңғы жағын тесіп,таразыға іліп қояды. Ертінді ағызылуы басталғаннан 15-30 минут өткеннен соң, бақаның салмағы өзгергенін. ісіну дамығанын бақылайды. Бақада ісіну неден дамитынын түсіндіру және хаттамаға жазу керек.
5 тапсырма. I. Ісінулер

  • жүрек жеткіліксіздігінде

  • бүйрек жеткіліксіздігінде патогенезінің сызбанұсқасын құрастыр.

  • бауыр жеткіліксіздігінде

5 тапсырма Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры ұлғайғаны анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған

Сұрақтар:

1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?

2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?

3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?

4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?

5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?

6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.

7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?


2 есеп. 22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне, ентігу мен жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде : беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.

Сұрақтар:

  1. Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?

  2. Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?

  3. Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.

  6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 188 – 205

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  3. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ




1. Гемодинамикалық фактор, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (2)

  1. іркілулік

  2. қабынулық

  3. аллергиялық

  4. нефроздық

  5. уыттанулық

2. Онкотикалық жайт, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (3)


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет