ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
№ 1 тапсырма. Бақаның тілінде қабыну кезіндегі әлтерация және қан тамырларының
әсерленістерін зерттеу.
Әдісі: Бақаны, жұлынын зақымдап, қимылсыздындырады.Тілінің препаратын дайындайды. Қабынуды тілінің астына азотқышқылды күмістің ұнтағын салып туындатады. Тілдің бүлінген және бүлінбеген жерлерін жәй көзбен қарап, салыстырады. Сонан соң тілдің үстіне метилен көгінің бірнеше тамшысын тамызып, тазаланған сумен тез шайып тастайды. Бүлінген жасушалар және қан тамырларының бояуды сіңіру қабілетін бүлінбеген жермен салыстырады. Тіршілігін жоғалтқан ошақта және оның шеткері жағында қан тамырларының өзгерістерін зерттейді.
№ 2 тапсырма. Бақа шажырқайында қан айналымның өзгерістері мен лейкоциттердің
эмиграциясын зерттеу (Конгейм тәжірибесі)
Әдісі: Бақа шажырқайын тақтайша тесігінің үстіне керіп бекітеді. Микроскоптың кішкене үлкейтуімен ұсақ тамырларындағы қанайналымын бақылайды. Қан тамырларының саңылауларнының өзгерістеріне, қылтамырлар санына, қан ағысының жылдамдығына назар аудару кажет. Лейкоциттердің қан тамырларының жиектеріне кемерленіп тұруын байкайды. Ары қарай микроскоптың үлкейтуін кішкенеден үлкенге алма-кезек ауыстырып отырып, қан ағысы жылдамдығының өзгерістерін байкай келе, лейкоциттердің тамырдың сыртына шығуын көруге болады. Дәптерге лейкоциттердің эмиграциясының сатыларын жазып, сүретін салады.
№ 3 тапсырма. Іріңді экссудаттың морфологиялық көрінісін зерттеу.
Әдісі: Іріңді жалқықтың жағындысын Романовский – Гимзе әдісімен бояйды да, оның морфологиялық көрінісін зерттейді. «Іріңді денешіктер» (тіршілігін жоғалтқан лейкоциттер) тіндердің ыдырау бөлшектері, бактериялар бар болса, оларға назар аударады.
№ 4 тапсырма. Микроскоппен тауық эритроциттерін теңіз тышқандарының
моноциттерімен фагоциттелуін зерттеу.
Әдісі: Теңіз тышқанының құрсақ қуысына, асептикалык қабыну туындататын, зарарсыз дандырылған ет-пептондык сорпа ерітіндісін енгізеді. Құрсақ қуысы экссудатында көптеген макрофагтар жиналып қалады. Бір тәулектен кейін, қабыну дамыған соң, теңіз тышқаның іш қуысына тауық эритроциттерін енгізеді. Артынан іш қуысынан 1 мл-дей эксудатты шприцпен сорып алады да, одан әйнекке жағынды жасап, Романовский-Гимзе әдісмен бояйды. Бұл жағындыны микроскоптын кішкене және үлкен үлкейтулері арқылы зертейді. Тауық эритроциттері теңіз тышқандарының моноциттермен фагоциттелінеді.
№ 5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№ 1есеп. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.
3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?
2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?
3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?
4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?
№ 2 есеп.Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,3 0С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х10 9/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.
1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз
2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз
3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?
№ 7 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу
Тігінен:
1 – бронхылардың қабынуы;
2 – арахидон қышқылының циклооксигеназа ферментімен тотығуынан пайда болатын қабыну медиаторы;
3 – бұлшық еттің қабынуы;
4- калликриин-кинин жүйесі әсерленуінең пайда болатын қабыну медиаторы;
5 – жасушалардың өсіп-өнумен көрінетін қабынудың компоненті;
6 – лаброциттердің түйіршіксізденуінен босайтын қабыну медиаторы;
7 – лейкоциттердің эндотелий жасушаларына әлсіз жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулардың тобы;
8 - лейкоциттердің қан тамырлары қабырғалары арқылы қабыну ошағына шығуы;
9 - қабыну ошағына қанның нәруыздармен бірге сұйық бөлшектерінің шығуы;
10 – қалқанша бездерінің қабынуы;
11- қызыл иектің қабынуы;
12 – пролиферацияның тежегіштері;
13 – бүйрек қабынуы.
Көлденеңінен:
1 – өкпе қабының қабынуы;
2 - өкпенің қабынуы;
3 – қабыну ошағына алғашкы шығатын лейкоциттер;
4 - бронхылардың қабынуы;
5 – артерия қабырғаларының қабынуы;
6 – қол саусағының қабынуы;
7 – эндотелий жасушаларына лейкоциттердің қатты жабысуын қамтамасыз ететін адгезиялық молекулардың тобы;
8 – жүрек етінің қабынуы;
9 - арахидон қышқылының пайда болатын қабыну медиаторы;
10 – қауырт қабыну кезіндегі қан тамырлары өзгерістерінің бірінші сатысы;
11 – тілдің қабынуы;
12 – қабыну кезіндегі қан тамырлары өзгерістерінің сонғы сатысы;
13 – жасушалардың, жасушааралық заттардың, қан тамырларының, нерв аяқшаларының бүліністерімен байкалатын қабынудың компоненті;
14 – стаздың бірінші сатысы;
15 - қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгеріс;
16 – жаңадан түзелетін жасушалык қабыну медиаторы;
17 - арахидон қышқылының липоксигеназа ферментімен тотығуынан пайда болатын қабыну медиаторы;
18 – нервтің қабынуы;
19- созылмалы қабынудың негізгі жасушалары;
20 – мұрының шырышты қабығы қабынуы;
21 – қабынуға қарсы гормондар;
22 – қуықтың қабынуы.
|
|
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
14
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
15
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16
|
|
|
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
17
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
|
|
|
|
|
18
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
19
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
21
|
|
|
|
|
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 209-235.
-
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 27-44
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 101-116
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 194-222.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 181-200.
-
Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228
Қосымша
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 207-234.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 142-200.
-
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-273-354
-
Чернух А.М. Воспаление. М.: Медицина, 1979.-448с.
-
Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 47-87
-
Basic Pathology. Kumar, Cotran, Robbins. 1997, с. 63-71.
-
Textbook of Pathology. Harsh Mohan, 1998, с. 133-156.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
-
Асептикалық қабыну дамуы мүмкін (4)
А) аяқ-қолдың ашық сынуында
В) тіннің ишемиялық өлеттенуі
С) қан құйылғанда
D) сіңір және тарамыс созылғанда
Е) зарарсызданған бөтен текті нәруызды ауыздан тыс енгізгенде
-
Қабыну бөліктеріне жатады (1)
А) домбығу, қызару, қызметтің бұзылуы
В) жергілікті температураның жоғарылауы, ауыру
С) артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз
D) ацидоз, гиперосмия, гиперонкия
Е) әлтерация, экссудация мен лейкоциттердің эмиграциясы бар қанайналымының бұзылуы, пролиферация
3. Салдарлық әлтерация дамиды (4)
А) қабыну дәнекерлерінің әсерінен
В) қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістерден
С) флогогендік жайттың әсерінен
D) микроциркуляция бұзылыстарынан
Е) қабыну ошағындағы зат алмасуы бұзылысынан
4. Қабыну ошағында зат алмасуы сипатталады (3)
А) зат алмасудың аяғына дейін тотықпаған өнімдерінің жиналуымен
В) тыныстық коэффициенттің төмендеуімен
С) анаэробтық гликолиздің белсенділенуімен
D) тыныстық коэффициенттің жоғарылауымен
Е) тотығулық фосфорлану үрдістерінің күшеюімен
5. Қабыну ошағында физикалық-химиялық өзгерістерге жатады (4)
А) калий иондары мөлшерінің жоғарылауы
В) алкалоз
С) осмостық қысымның жоғарылауы
D) онкотикалық қысымның жоғарылауы
Е ) ацидоз
6. Сәйкестікті тап:
1. Қабынудың жасушалық дәнекерлері (8)
2. Қабынудың гуморалдық дәнекерлері (3)
-
гистамин
-
брадикинин және басқа да белсенді кининдер
-
простагландиндер
-
эйкозаноидтар
-
лизосомалық ферменттер
-
оттегінің белсенді радикалдары
-
комплемент жүйесінің нәруыздары
-
қанның ұйыу жүйесінің нәруыздары
-
цитокиндер
-
нейропептидтер
-
азот тотығы
7. Қабыну ошағында микроциркуляциялық өзгеріс сатыларының дұрыс бірізділігі (1)
А) ишемия, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз
В) артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз
С) артериялық гиперемия, ишемия, веналық гиперемия, стаз
D) ишемия, артериялық гиперемия, стаз, веналық гиперемия
Е) ишемия, веналық гиперемия, артериялық гиперемия, стаз.
8. Қабыну кезінде қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының негізгі және өте ұзақ сатысы (1)
А) артериялық гиперемия
В) артериолалардың тарылуы
С) қан ағымының жергілікті тоқтауы
D) веналық гиперемия
Е) стаз
9. Сәйкестікті тап
1. Веналық гиперемия патогенезінің қан тамырыішілік жайттары (4)
2. Веналық гиперемия патогенезінің қан тамырысыртылық жайттары (2)
А) қан қоюлануы
В) уақ тромб түзілуі
С) қан ағымы жылдамдығының баяулауы
D) эндотелийдің ісінуі
Е) экссудат және жасушалық сіңбелермен венулалардың қысылуы
F) қылтамырлар мен венулалар қабырғасының айналасындағы дәнекер тіндік талшықтардың бүлінуі
10. Конгейм тәжірибесінде бақаның аш ішегінің шажырқайында артериолалардың айқын кеңеюі, қызмет атқаратын қылтамырлардың саны көбеюі, қан ағымының жылдамдауы байқалды. Бұл өзгерістер тән (1)
А) ишемияға
В) артериялық гиперемияға
С) веналық гиперемияға
D) стазға
Е) стаз алдық жағдайға
11. Экссудацияның патогенезіне қатысады (3)
А) қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жғарылауы
В) қылтамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы
С) қабынған тіндердің гиперосмиясы және гиперонкиясы
D) қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
Е) тіннің онкотикалық қысымының төмендеуі
12. Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігізедәуір жоғарылағанда дамитын экссудат түрі (2)
А) іріңді
В) сірлі
С) қанды
D) фибринді
Е) шірікті
13. Іріңді экссудатқа тән (4)
А) көп мөлшерде іріңді денешіктердің болуы
В) өлген және бүлінген нейтрофилдердің аз болуы
С) жоғары протеолиздік белсенділік
D) көбінесе кокктармен туындатылады
Е) жіті қабыну кезінде дамиды
14. Фибриндік экссудатқа тән (4)
А) фибрин мөлшерінің жоғары болуы
В) қан тамырлары өткізгіштігінің едәуір жоғарылауы
С) ауыз қуысы, бронхылар, асқазан, ішектің шырышты қабығында дамиды
D) тек созылмалы қабыну кезінде пайда болады
Е) дизентерия, дифтерия кезінде пайда болады
15. Лейкоциттердің қабыну ошағына қан тамырларынан түсуінің бірізділігі (1)
А) нейтрофилдер, лимфоциттер, моноциттер
В) нейтрофилдер, моноциттер, лимфоциттер
С) моноциттер, лимфоциттер, нейтрофилдер
D) лимфоциттер, моноциттер, нейтрофилдер
Е) моноциттер, нейтрофилдер, лимфоциттер
16. Қабыну ошағында лейкоциттердің бағытталған қозғалысы байланысты (4)
А) хемотаксистік түрткіленуге
В) лейкоциттердің жиырылулық құралының белсенділенуіне
С) тиксотроптық құбылысқа(гелдің золға қайтымды ауысуы)
D) гликолиздің белсенділенуіне
Е) липолиздің белсенділенуіне
17. Фагоцитоз жеткіліксіздігі ақауларына байланысты (4)
А) лейкоциттердің уақ өзекшелік жүйесінің
В) лейкоциттердің жиырылғыштық құралының
С) адгезиялық молекулалардың
D) тотығулық фосфорлану ферменттерінің
Е) бактерицидтік жүйе ферменттерінің
18. Сәйкестікті тап
-
Пролиферацияны белсенділеушілер (4)
-
Пролиферацияны тежеушілер (3)
А) цитокиндер
В) соматотропин
С) өсу жайты
D) өспелердің тіршілігін жоятын жайт
E) интерлейкин - 1
F) гамма - интерферон
G) адгезиялық молекулалар
19. Сәйкестікті тап:
-
Домбығу
-
Жергілікті температураның жоғарылауы
-
Қызару
-
Ауыру
-
Қызметтің бұзылуы
А) Functio laese
В) Tumor
С) Rubor
D) Calor
Е) Dolor
20. Қабынудың жалпы көріністері (4)
А) ауыру
В) домбығу
С) уыттану әйгіленімдері
D) ЭТЖ жоғарылауы
Е) қызба
F) лейкоцитоз
22. Созылмалы қабынудың патогенезінде маңызы бар (4)
А) тіндерде бактериялардың ұзақ болуы
В) фагоцитоздың жеткіліксіздігі
С) иммундық жүйенің тұрақты түрткіленуі
D) макрофагтар мен лимфоциттердің жоғары дәрежедегі бірігуі
Е) цитокиндер өндірілуінің азаюы
23. Қабынуға қарсы әсері бар гормондар (2)
А) тироксин
В) глюкокортикоидтар
С) соматотропин
D) АКТГ
Е) әлдостерон
24. Қабынудың қорғаныстық маңызы : (4)
А) зақымдану аймағын шектейді
В) дерт туындататын жайт және ыдырау өнімдерінің таралуын бөгейді
С) микробтар уыттарын және тіндер әлтерациясы өнімдерін әсерсіздендіреді
D) организмнің иммундық жүйесін тежейді
Е) организмнің қорғаныстық жайттарын іске жұмылдырады
25. Сәйкестікті тап:
1. Қабынудың патогенездік емі (3)
2. Қабынудың этиотроптық емі (3)
А) қабыну ошағында микроциркуляцияны қалпына келтіру
В) жасушалық мембраналарды тұрақтандыру
С) қабыну дәнекерлерінің әсерін төмендету
D) микробқа қарсы дәрілерді белгілеу
Е) организмнің төзімділігін жоғарылату
F) зақымданған тіндерді кесіп алып тастау
№ 15 тақырып. ҚЫЗБА
Сабақтың мақсаты:
-
Қызбаның Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру
-
Теориялық материалдың білімін қызба дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық
жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану
-
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
-
Қызбаның этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын зерттеу
-
Теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену
-
Температуралық сызықтардың түрлерін ажырата білуді үйрену
-
Ерте постнатальдық кезеңнің қызбалық серпілістерінің ерекшеліктері жайлы білімді қалыптастыру
-
Теориялық материалдың білімін ситуациялық есептерді шығарғанда және үлгілеу
жағдайларын патофизиологиялық сараптағанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.
-
Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.
-
Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.
-
Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.
-
Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері
-
Туылғаннан кейінгі кезеңде қызбаның ерекшеліктері
-
Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.
-
Қызбаның ысынудан айырмашылығы.
Оқыту әдістеріі:
Пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тапсырмаларды орындау, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
№ 1. тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талддау негізінде пирогендік ықпалға
жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибенің хаттамасының
сызбанұсқасын толықтырыңыз.
Жануарлар
|
Виварий жағдайлары
|
Тәжірибе жағдайлары
|
Жануарлар әсерленісі
|
Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық)
|
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы
|
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу
|
Қызба
|
Пойкилотермиялық (кесіртке)
|
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы
|
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу
|
Жануар бөлменің температурасы жоғары жеріне орын ауыстырады
|
№ 2 тапсырма
А.тәжірибе Бақылау және азот-ипритпен шақырылған айқын гранулоцитопениясы бар егеуқұйрықтарда скипидарды тері астына енгізу арқылы қызба туындатады.
Сұрақтар:
-
Жануарларда скипидарды енгізгеннен кейін туындаған қызбаның қарқыны бірдей бола ма?
-
Бұл егеуқұйрықтарда пирогенал енгізгеннен кейін қызбалық серпілістердің сипатында айырмашылықтар бола ма?
-
Егеуқұйрықтарға пирогенал енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістердің скипидар енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістермен салыстырғанда даму уақыты бойынша айырмашылықтары бола ма?
Б. тәжірибе Тәжірибеге 3 қоян қолданылды. А. қоянға көктамыр ішіне пирогенал енгізілді. 5 минуттан кейін А. қояннан қан алынып 5 мл сарысу дайындалып, ол Б. қоянға енгізілді. Тағы 120 минут өткеннен кейін А. қояннан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, көктамыр ішіне В. қоянға енгізілді. Қояндардың үнемі дене қызымы өлшеніп тұрды. В. қоянында Б. қоянымен салыстырғанда сарысу енгізген уақыттан бастап есептегенде дене қызымы тез және айқын түрде көтерілді. Неге?
В. тәжірибе. ОЖЖ-нің қызба дамуындағы қызметтік маңызын анықтау үшін 3 егеуқұйрыққа келесідей тәжірибе жүргізілді. № 1 егеуқұйрықтың іш қуысына 200г дене салмағына 0,6 мл 0,05% фенаминді енгізеді. № 2 егеуқұйрыққа – 4% гексенал ерітіндісі сол көлемде енгізіледі. № 3 егеуқұйрыққа – NaCl изотониялық ерітіндісін жоғарыдағыдай көлемде енгізеді. № 2 егеуқұйрықта есірткілік жағдай дамығаннан кейін барлық жануарлардың дене қызымы өлшеніп, 3 егеуқұйрыққа да бұлшықеттеріне пирогеналды бірдей мөлшерде енгізді. Содан соң 15 минут сайын 1,5 сағат бойы әрбір жануардың дене қызымы өлшеніп отырылды. Нәтижелері кестеде көрсетілген.
егеуқұйрық
|
0
|
15
|
30
|
45
|
60
|
75
|
90
|
№1
|
36,6
|
37,0
|
37,2
|
37,6
|
38,1
|
38,6
|
38,9
|
№2
|
36,6
|
36,5
|
36,3
|
36,1
|
35,8
|
35,6
|
35,2
|
№3
|
36,6
|
36,9
|
37,1
|
37,3
|
37,5
|
37,7
|
37,9
|
Сұрақтар:
-
Жылу реттеу орталығының «орнықтыру нүктесіне» қандай жайттар әсер етуі мүмкін?
-
Қызбалық серпілістің дамуына жүйке жүйесінің қандай бөлімдері қатысады?
-
Тәжірибенің нәтижелерін талдай отырып, жануарларда қызба дамуының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
№ 3 тапсырма. Есепті шешу
Науқас Б., 25 жаста, ЖИТС-қа байланысты ауруханада жатқанда қызба (дене қызымы 38,9), қақырықты жөтел және дем алу кезінде оң кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Зерттеу барысында лимфоциттер мен моноциттердің азаюына байланысты лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер, әртүрлі бактериялар, трептонема Аг реакциясы оң.
Сұрақтар:
-
Берілген жағдайда пирогендердің мүмкін болатын көздері?
-
Науқаста лейкопения кезінде қызба дамуын қалай түсіндіресіз?
-
Науқаста қызбаның осы көріністерінің болуы АИВ жұқпасының болуына байланысты ма?
№ 4 Тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының
тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.
Қызбаның әйгіленімдері
|
Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы
|
|
Терінің бозаруы
|
|
|
Терінің құрғауы
|
|
|
Бүрісу, Бұлшық еттер дірілі
|
|
|
№5 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі
өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.
Ағза немесе жүйе
|
Қызбаның әйгіленімдері
|
Әйгіленімдердің патогенезі
|
ОЖЖ
|
Бас ауруы
Ұйқы басушылық
Селқостық
Балалардағы тырысқақ, селкілдек
|
|
Жүрек
|
Тахикардия
Брадикардия
|
|
Ас қорыту жүйесі
|
Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.
|
|
|
|
№ 6 тапсырма.
|
Температуралық сызықтардың түрін анықтаңыз
|
|
№ 7 тапсырма «Қызба мен гипертермияның айырмашылықтары» кестесін толтырыңыз
Көрсеткіш
|
Қызба
|
Гипертермия
|
Себептері
|
|
|
Филогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы
|
|
|
Онтогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы
|
|
|
Патогенездің негізгі тізбегі
|
|
|
Әйгіленімдері
|
|
|
Организм үшін маңызы
|
|
|
Температурыны түзету
|
|
|
№ 8 тапсырма. Есепті шешіңіз
18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.
1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?
2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Ә. Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.
-
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 55-60.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 354-361.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.
-
Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139
Қосымша
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.
-
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380
-
.А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.
-
Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ
1. Сәйкестікті тап:
1. Жұқпалық қызба (2)
2. Жұқпалық емес қызба (6)
-
тіндердің өлеттенуі
-
тиреоидты гормондардың көп өндірілуі
-
физикалық немесе химиялық жайттармен туындатылған қабыну
-
қатерлі өспелермен туындатылған
-
баспа кеінде
-
биологиялық жайттармен туындатылған қабыну
-
ауқымды қан құйылу
-
эритроциттердің қан тамырлары ішіндегі гемолизде
2. Сәйкестікті тап:
1. Алғашқы пирогендер (3) 2. Салдарлық пирогендер (2)
-
тіндердің асептикалық қабынуының өнімдері
-
микробтық экзотоксиндер
-
интерлейкин -1
-
өспелер тіршілігін жоятын жайт
-
иммундық кешендер
3. Салдарлық эндогендік пирогендерді негізгі өндірушілер (4)
-
тромбоциттер
-
моноциттер
-
тіндік макрофагтар
-
эритроциттер
-
лимфоциттер
-
гранулоциттер
4. Эндогендік салдарлық пирогендерге жатады (4)
-
интерлейкин – 1
-
интерлейкин - 4
-
интерлейкин – 8
-
интерлейкин – 6
-
өспелер тіршілігін жоятын жайт
-
микроорганизмдердің эндотоксиндері
5. Дұрыс тұжырымдар (3)
-
дерттуындататын микробтардың ғана емес, сонымен қатар дерттуындатпайтын микробтардың да пирогендік белсенділігі бар
-
дерттуындататын микробтардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне үнемі сәйкес келе бермейді
-
пирогендік белсенділік тек эндотоксиндерде ғана болады
-
пирогендік белсенділік бактериялық жасушалар қабығының бөлшектерінде болады
6. Дұрыс тұжырым (1)
-
бактериялық жасушалардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне тәуелді
-
грамтеріс бактериялардың эндотоксиндері эндогендік пирогендерге жатады
-
экзогендік пирогендер липополиқанттар болып табылады
-
қызба кезінде температура жоғарылауының дәрежесі қоршаған ортаның температурасына тәуелді
-
қызба кезінде жылу реттеу тетіктері бұзылған
7. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі: экзогендік пирогендер ® фагоциттер ® ? ® жылу реттеу орталығы
A) микробтар эндотоксиндері
B) эндогендік пирогендер
C) простагландиндер
D) оралымды нуклеотидтер
E) липопротеидтер
8. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауының тетігі байланысты (4)
-
жылу реттеудің жоғарырақ деңгейге ауысуына
-
эндогендік пирогендердің гипоталамустың преоптикалық аймағының «орнықтыратын нүктесіне» әсер етуіне
-
жылу шығарудың төмендеуіне
-
экзогендік пирогендердің гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне
-
жылу өндірудің жоғарылауына
9. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінде маңызы бар (6)
-
тотығу және фосфорлану ажырауының
-
тотығу және фосфорлану ілесуінің жоғарылауы
-
шеткері қан тамырларының тарылуы
-
жиырылулық («бұлшықеттік») жылу өндірудің күшеюі
-
терлеудің төмендеуі
-
жиырылулық емес жылу өндірудің белсенділенуі (биологиялық тотығу)
-
терлеудің күшеюі
-
симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы
10. Қызбаның 1-сатысында, қағида бойынша, байқалады (1)
Достарыңызбен бөлісу: |