№ 3 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»
Сабақтың мақсаты:
-
Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру
-
Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану
-
Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
-
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
-
Гипоксияға төзімділікте жас ерекшелігінің, жыныстың, ОЖЖ қызметінің, сыртқы орта жайттарының ерекшеліктерін анықтау үшін тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Оқыту міндеттері:
-
Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызын зерттеу
-
Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
-
Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау
-
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
-
Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шешкенде қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтар:
-
Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері
-
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жайттар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).
-
Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі.
-
Тұқым қуалайтын аурулар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татума және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің теориялары.
-
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.
-
Организм конституциясы туралы түсінік. Сиго, Кречмер Э., Павлов И.П., Черноруцкий А.А. бойынша конституцияның жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы. Диатездер туралы түсінік. Диатездер түрлері және олардың сипаттамасы.
-
Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.
-
Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.
-
Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Дискуссия, тәжірибелер жасау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)
№ 1 тапсырма
|
Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын айқындау
|
Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады
. Олардың жалпы тәртібіне,
тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.
№ 2 тапсырма.
|
Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау
|
Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.
№ 3 тапсырма.
|
Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау
|
Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% кофеин ерітіндісі дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтерді сарапталады.
№ 4 тапсырма.
|
Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу.
|
Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 40
0С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан –бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.
Сұрақтар:
-
Осы тәжірибеде жануарлардың гипоксияға төзімділігінің қандай ерекшеліктері бар?
-
Гипобариялық гипоксияға байланысты жануарлардың бақыланған реактивтіліктерінің негізінде қандай даму тетігі жатыр?
Хаттаманың кестесі
Жануарлар
|
Барометрлік қысым
|
Тәртібі
|
Минөтіне тыныс алуы, ж.б. өзгерістер
|
Терісінің түсі
|
Жауап қайтару түрі
|
Бақа
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан
№1
(бақылау)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан
№2
(жаңа туылған)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан
№3
(наркоз)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру .
|
|
|
|
|
Тышқан
№4
(кофеин)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан
№5
(гипертермия)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан
№6
(гипотермия)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Студенттер хаттаманың жалпы кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, бұл неге байланысты екенін түсіндіреді.
№
5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№ 1. Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.
-
Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?
-
Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?
-
Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.
№ 2. Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабалады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..
1. Орақ тәрізді жасушалы анемияның тұқым қуалау түрі қандай?
2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?
3. Аталған дертте қандай нәруыз ақаулы генмен көшіріліп отыр?
4. Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?
5. Қандай жағдайда бұл аурудың ағымының ауырлығы өмірге қауіпті болмақ?
№3 Әкесі гемофилиямен науқастанатын, шешесі сау, Н атты сау әйел тектік кеңеске гемофилия А ауруының немерелерінде дамуы қауіптігі туралы сұрақпен келді. Жұбайы Н және үш балалары – ұлы және екі қыздары сау.
-
Гемофилия А мұра қалдырудың қай түрімен тасмалданады және оның даму жолы?
-
Баласы мен немересінде осы аурудың даму қауіптілігі қандай?
№4 есеп С атты жүкті әйел тектік кеңсеге келіп, аналары бір (әкелері басқа) әпкесі фенилкетонуриямен ауыратыны тұралы айтты. Жұбайы С жағынан жақын туыстары арасында неке киюлар болыпты, бірақ ешкім фенилкетонуриямен ауырмаған. Әйелді және жұбайын зерттегенде денсаулықтарында ақаулық табылмады.
-
С-ның ер балаларында фенилкетонурия ауруының даму қауіптілігі қандай?
-
Фенилкетонурия дамуының негізгі тетігін айқындаңыз.
-
Бұл аурудың көріністерінің патогенезі қандай? Жаңа туылған нәрестелерде аурудың алғашқы белгілерін анықтау жолдары?
-
Балалардағы фенилпирожүзімдік ессіздіктің алдын алу жолдары бар ма?
№ 5. Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).
-
Бала қандай аурумен ауырады?
-
Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?
-
Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?
№ 6. Тұрғындарды жаппай тексеру кезінде жыныстық хромосомаларында өзгерістері бар адамдар анықталды. Геномындағы ауытқуларына байланысты келесі топтар бөлінді: 1 топ — XXY; 2 топ — XXXY; 3 топ — 0X; 4 топ — XXX; 5 топ — XXXX.
-
Тексерілген адамдардың геномындағы өзгерістер қандай синдромдардың дамығандығын көрсетеді?
-
Әрбір топ науқастарының жыныстық хроматинінде қанша денешіктер бар?
-
Жыныстық хроматин нені көрсетеді, ол организмнің қай қасиетін анықтайды?
-
Геномдағы бұндай өзгерістердің мүмкіндік себептері мен даму тетіктері қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.
-
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 8-27.
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.
-
Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 57-63
Қосымша
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149
-
Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза., Алматы, 1998.– 175с.
-
Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.
-
Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.
БАҚЫЛАУ
(сынамалық тапсырмаларды орындау)