Сабақты оқыту нәтижелері


а) Тұнбасы бар ерітіндіні жүйелік әдіспен талдау барысы



бет2/5
Дата25.11.2022
өлшемі35.75 Kb.
#465740
түріСабақ
1   2   3   4   5
№5 лаборат.сабак

а) Тұнбасы бар ерітіндіні жүйелік әдіспен талдау барысы:

Тұнбасы бар зерттелінетін ерітіндіні жүйелік анализ әдісімен талдаған тиімді. Ол үшін тұнбаны қатар тұрған екі сүзгі қағазында (воронкадағы) сүзеді. Бірінші сүзгіден – хлоридтерді (Ag+, Pb2+, Hg22+ катиондарын) ал екінші сүзгіден – сульфаттарды (Ba2+, Sr2+, Ca2+, Pb2+ катиондарын) анықтайды. Ал, ерітіндіден бірінші аналитикалық топ катиондарын (Na+, K+, NH4+) жеке сапалық реакциялар арқылы анықтайды.


Хлоридтерді анықтауға арналған сүзгідегі тұнбаны алдымен ыстық сумен шаяды. Фильтраттан (І) Pb2+ катионын калий иодиді КІ арқылы ашады. Осыдан кейін сүзгі бетінде қалған тұнбаны аммиак ерітіндісімен өңдейді. Аммиакты фильтрат (ІІ) құрамынан [Ag(NH3)2]+ комплексті ионын КІ немесе HNO3 ерітінділерімен бұзу арқылы күміс ионын анықтайды. Егер тұнбаны аммиак ерітіндісімен өңдегенде, тұнба қарайса, онда тұнба құрамында бір валентті сынап катионының бар болғаны.
Сульфаттарды анықтауға арналған екінші сүзгідегі тұнбаны стаканға немесе фарфор тостағаншаға өткізіп, үстіне 30-40 мл 0,5-1,0 н Na2CO3 немесе K2CO3 ерітіндісін қосып, 5-7 минут қайнатады. Осыдан кейін стакандағы немесе фарфор тостағаншадағы қоспаға аздап дистилденген су қосып, сұйылтады да біраз уақытқа қалдырады. Ыдыстағы тұнба тұнғаннан кейін, оның мөлдір ерітіндісін бөліп алады. Қалған тұнбаға тағы да 30-40 мл сода (немесе поташ) ерітіндісін қосып, 5-7 минут қайнатады. Тұнбаны сүзеді, жылы сумен SO42- иондарынан арылғанша шаяды. Тұнбаның SO42- иондарынан толық арылғанын тексеру үшін шайынды суға ВаCl2 реактивін қосады. Шайылған тұнбаға (фильтрдегі) сұйытылған сірке қышқылынан аздап қосады. Осы кезде түзілген барий, стронций және кальций ацетаттары, сондай-ақ аздаған қорғасын ацетатының қоспасын бөлек пробиркаға жинайды. Осы ерітіндіге құрамындағы қорғасын (ІІ) катиондарынан арылу үшін, калий иодидін қосады. Түзілген тұнбаны сүзеді. Фильтраттан (ІІІ) Ва2+ катионын K2CrO4 ерітіндісі арқылы ашады. Sr2+ катионын (Ва2+ катионынан K2CrO4 ерітіндісін қосу арқылы арылғаннан кейін) гипс суының көмегімен анықтайды. Соңында Са2+ катионын (Ва2+ және Sr2+ катиондарынан аммоний сульфатының көмегімен арылғаннан кейін) аммоний оксалатының ((NH4)2C2O4) ерітіндісі арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет