Сабақтың ортасы
4-17 мин
|
Оқушыларға антигені немесе агглютогені бар эритроциттер мен антидене немесе агглютинині бар плазманың сызбасын беріп, олардың айырмашылықтары мен өзара байланысын анықтау тапсырмасы ұсынылады. Әр топ немесе жұп оқушылары талдап түсіндіреді. Мұғалім кері байланыс ұсынады.
Оқушылар топтарына суретте көрсетілген үлгіге сәйкес тек бір қан тобына сай келетін антигені бар эритроциттер мен антиденелер қималарын әзірлеу тапсырылады.
Критерий:
Қанның агглютинациясын сипаттайды;
Резус-конфликт механизмін түсіндіреді
Әр топ қималарының көмегімен әрбір қан тобын сипаттайды.
Топтар қималарды қосып, әртүрлі топтардың арасында агглютинацияның және резус-конфликтінің жүруін көрсетіп түсіндіреді. Кейбір оқушыларға «Резус-фактор» видеоматериалын қарауды ұсынуға болады.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс ұсынып,
қан құю ережесін білуде осы жеткілікті бола ма? Қан құюда тағы нені ескеру дұрыс деп талқылау жүргізеді.
|
2 - қосымша
түрлі-түсті қағаз, қайшы, лего бөлшектері т.б
3-10 слайдтар
|
17-27 мин
|
Оқушыларға қан құю сызбасы көрсетіліп, қандай қан тобына қандай тобының қаны сай келетіндігін анықтап кесте толтыру тапсырмасы ұсынылады. Кейбір оқушыларға «Қан құю» видеоматериалын қарауды ұсынуға болады.
Критерий:
қанды дұрыс құймаудың зардаптарын, ана мен бала үшін резус-конфликттің қауіп-қатерін түсіндіреді
Дескрипторлар:
Қан топтарының сәйкестігін анықтайды
Қан құю ережесін түсіндіреді
Резус-конфликтінің алдын алу жолдарын түсіндіреді
Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс ұсынады.
|
10- слайд
2- қосымша
|
27-36 мин
|
Оқушыларға бекіту тапсырмаларын орындау ұсынылады.
Кейбір оқушыларға әмбебап донор мен амбебап реципиентті анықтау тапсырмасы беріледі.
|
3- қосымша
11-слайд
|
Сабақтың соңы
|
37-40 мин
|
Кері байланыс
1-Мен бүгінгі сабақта... түсінбедім, көңіл күйім нашар болды.
2-Мен бүгінгі сабақта .... жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды.
3-Мен бүгінгі сабақта.... жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды.
Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.
|
12- слайд
|
Қосымша ақпарат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |