Сабақтың тақырыбы Ақиқатты іздеу жолында Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет7/9
Дата15.02.2024
өлшемі457.98 Kb.
#491715
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6 сынып ҚМЖ

Шығармашылық жұмыс.

«Адам мүмкіндіктері» тақырыбында эссе жазу.



Жеке жұмыс




  1. Жобалау қызметі

Топтық сайыс.
«Су», «Ауа», «Топырақ»



«СУ», «Ауа», «Топырақ» деген атауларды таңдап алады. Өз атауына байланысты мағлұмат беру.




  1. Топпен ән

Ертеңіме сенемін

Ән айту




  1. Үйге тапсырма

«Дара дарын» мәтіні

«Дара дарын» мәтінін оқып келу

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







\


Бөлім

Таным қуанышы

Педагогтың аты – жөні




Күні






6

Сынып: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өзіне сенім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Өзін – өзі кемелдендіру. Өзін – өзі жүзеге асыру

Құндылығы

Дұрыс әрекет.

Қасиеттері

Жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу, ұқыптылық.



Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам өз – өзіне сенімді болудің қажеттілігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларға өз – өзіне сенімді болуді үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй

«Нұрға бөлену » мәтінін оқу

Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру.




«Дара дарын» мәтіні

Сұрақтар:
1. Кейбір тарихи тұлғалардың ғасырлар бойы ел тарихында, халық санасында сақталып жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Қаныш Сәтбаевтың бойынан қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды байқадыңдар?
4. Өмірде өзің кімдерді үлгі тұтасың? Қайсы қасиеттері үшін?

Оқулық

  1. Сабақтың дәйексөзі.




Ерліктің шарты – өзіне сенгендік.
Халық даналығы.



Сұрақтар:

  1. Өмірде сенімнің, ерік – ігердің маңызы қандай?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 




  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Бәрі де өз қолыңда.

Баяғы заманда шәкірттерінің ортасында бір Шебер өмір сүріпті. Олардың ішіндегі ең талаптысы Шеберге ол жауап бере алмайтын сұрақ қойғысы келді.


Ол гүлдеп тұрған далаға барып, ең әдемі көбелек ұстап, оны алақанына тығып алады. Күлімсіреп келіп, ол Шеберге келіп, сұрады:
- Айтыңызшы, менің қолымдағы көбелек қандай: тірі ме өлі ме?
Ол көбелекті қолына қатты қысып, өз шындығы үшін қолын қатты қысуға дайын тұрды. Шәкіртіне қарамай, Шебер былай деді:

  • Бәрі өз қолыңда.




Сұрақтар:

  1. Шәкірті шеберге қандай сұрақ қойды?

  2. Әр адамның тағдыры өз қолында дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Әр адам өз таңдауына өзі жауапты бола ма?

  4. Қандай құндылықтар адамға дұрыс жол таңдауына көмектеседі?

  5. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

  6. Осы аңыз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?




  1. Шығармашылық жұмыс.

«Ойға алғанның бәрін адамның ынта – жігерімен жүзеге асыруға болады» деген халық даналығын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылаңыздар.



Оқушылар үш топқа бөлінеді:
1 – топ: «Жауапкершілік»
2 – топ: «Дұрыс әрекет»
3 – топ: «Сенімділік»




  1. Жобалау қызметі

«Табиғат» Макет дайындау;
- Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие. Табиғаттың сан қыры мол, сұлулығымен көз тартатын ерекшелігі арқылы әр адамның жүрегінен орын алатыны да анық.

Оқушылар табиғат туралы макет дайындайды.




  1. Топпен ән айту

Ертеңіме сенемін

Ән айту




  1. Үйге тапсырма




«Ұлыма хат» мәтіні

«Ұлыма хат» мәтінін оқып келу.

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.









Бөлім

Таным қуанышы

Педагогтың аты – жөні




Күні






7

Сынып: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әсемдікке талпыныс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Адамның ішкі дүниесінің рухани – адамгершілік негізі.

Құндылығы

Ақиқат.

Қасиеттері

Барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық, ойдың, сөздің және істің бірлігі..



Сабақтың мақсаты

Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды әсемдікке ұмтылдыру.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларды барлық нәрседен тек жақсылықты көре білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй

«Нұрға бөлену » мәтінін оқу

Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Ұлыма хат» мәтінін оқып келу.



Сұрақтар:
1. Өзіндік көзқарасы бар тән қасиеттерқандай деп ойлайсыңдар?
2. Сен өзіңді өзіндік көзқарасы бар деп санайсың ба?
3. Адамның өзінің ішкі жан дүниесінің сарқылмас, мөлдір бұлақтарына нені жатқызасыңдар?

Оқулық

  1. Сабақтың дәйексөзі.




Адамның бойындағысының бәрі де:
жүзі де, киген киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек.
А. П. Чехов.
Антон Павлович Чехов— орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған.

Сұрақтар:
1. Адамды сұлу ететін не нәрсе?
2. Әсем,сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыздар?
3. Жан сұлулығын қалай түсінесіздер?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

https://bilim-all.kz/

  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық.
Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:
- Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер,- дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.
Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:
-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.
Патша біраз тыңдаған соң:
-Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.



Сұрақтар:

  1. Неліктен екінші құл өзінің жолдасын жамандамай, тек мақтауын асырды?

  2. Адамның сырт келбетіне қарап, ол туралы қорытынды шығаруға бола ма? Неліктен?

  3. Адам қандай құндылықтары мен қасиеттері арқылы шынайы сұлулыққа ие болады?

  4. Өздерің адамдардың бойындағы қандай сұлулығын бағалайсыңдар? Түсіндіріп беріңдер.

https://infourok.ru/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет