Сабақтың тақырыбы Ақиқатты іздеу жолында Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет5/9
Дата15.02.2024
өлшемі457.98 Kb.
#491715
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6 сынып ҚМЖ

Шығармашылық жұмыс.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына сурет салу.

Жеке жұмыс




  1. Жобалау қызметі

К. Салықовтың «Арал кеуіп кетпесін...» өлеңі

К. Салықовтың «Арал кеуіп кетпесін...» өлеңін мәнерлеп оқу




  1. Топпен ән айту

«Өсіп келе жатырмын»
Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Есіп келе жатырмын!
Адал терін әрдайым,
Моншақтатып маңдайым...
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтың көк тасын,
Кесіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем.
Таласып күнмен мен өсем.
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын!







  1. Үйге тапсырма

«Мәдениет пен билік салмағы» мәтіні

«Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып келу.




  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.









Бөлім

Таным қуанышы

Педагогтың аты – жөні

Қаратаева А.О

Күні






4

Сынып: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамның мүмкіндіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Қабілеттерді дамыту жолдары

Құндылығы

Ішкі тыныштық.

Қасиеттері

Жалқаулықты қадағалай білу, байсалдылық, шыдамдылық.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өз мүмкіндіктерін қалай тануға болатынын, ішкі тыныштық құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларды жалқулықты қадағалай білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы байсалдылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққ тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй




«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

«Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:
1.Шәкәрімнің орыс тілін үйрену, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, халықтың тарихын жазу мақсатына қандай қажеттілік болды?
2.Абай өзбетінше білімін көтеруіне бойындағы қандай қасиеттер көмектесті деп санайсыңдар?
3. Өзің күнделікті өмірде жоғарыда аталған қасиеттерді басшылыққа аласың ба? Қалай?




  1. Сабақтың дәйексөзі

Ойға алғанның бәрін адамның ынта – жігерімен жүзеге асыуға болады.
Халық даналығы



Сұрақтар:

  1. Өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып жүрсіздер ме?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 




  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Өз мүмкіндігімізді таниық» деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты өздеріңмен пікірлессем деймін.Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.
Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды? ( Адам армандауды жақсы көреді. Армандаған адам өз арманы үшін ізденіп, талаптанып, оқып, қайраттанып тек алға қалай қанат қағады. Арман адамды сенімділікке, жігерлілікке, шыдамдылыққа, шығармашылыққа үйретеді. Адам арманының орындалуы үшін тек алға қарай бағыт алып қанаты қатаяды.)
Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?(Маңдай тердің нәтижесі арманның орындалуына әкеледі. Арманның орындалуына сену керек. Арман - қажеттілік. Арманға жету жолында құлап қалса да, орнынан қайтып тұрып, оған жетпейінше тынбау арманның жүзеге асуына әкелетіні сөзсіз. Арманның орындалуының кілті осында: Оның орындалуына қалтықсыз сену. Адам жақсыны да, жаманды да армандайды.)
Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсыңдарма?
Адам мүмкіндіктерін іске асыруға қиял керек пе? Осы сұрақ төңірегінде ойланып отырыңдар, сабақ соңынан жауаптарың тыңдалады.
Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды.
Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда, адам ағзасы ғаламаттың күшіменерекше қуатқа ие болады. Оған мысалдар жетерлік...
1. Полярлық ұшқыш өз ұшқышын жөндеп жатып, біреудің түрткенін сезеді. Жалт қараса, оны түртіп тұрған сүйкімді әрі қорқынышты ақ аю екен. Келесі секундта ұшқыш жерден екі метр биіктікте, ұшақтың қанатында тұрып есін жияды. Оған қалай шығып кеткенін ұшқыштың өзі де білмей аң-таң болады. 
2. Жеңіл машинаның астына түсіп қалған баласын құтқару үшін анасы машинаны жүк құрлы көрмей, көтеріп алады. Бұл әрекетін де жас ана түсіндіре алмады.
3. Адамның осындай сиқырлы мүмкіндігі тек өміріне қауіп төнген кезде ғана емес, ұзақ жаттығулардың әсерінен де байқалып жатады. Оған Гиннестің рекордтар кітабына енген оқиғаларды, спортшылар орнатқан түрлі рекордтарды жатқызуға болады. 

Сұрақтар:
1. Адам баласы неліктен үнемі ізденісте болады?
2. Адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуына қандай қасиеттер ықпал етеді?
3. Адам мүмкіндіктерін ашудағы ерік – күштің қандай маңызы бар?
4. Адам алдында қойған мақсатына жету үшін қандай әрекеттер жасауы керек?
5. Адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді деп ойлайсыздар?

https://infourok.ru/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет