Бөлім
|
Таным қуанышы
|
Педагогтың аты – жөні
|
|
Күні
|
|
№
|
8
|
Сынып: 6
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өзіне сенім
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Адамның ішкі дүниесінің рухани – адамгершілік негізі.
|
Құндылығы
|
Дұрыс әрекет.
|
Қасиеттері
|
Жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу, ұқыптылық.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға адам өз – өзіне сенімді болудің қажеттілігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
|
Міндеттері
|
Білімділік: Оқушыларға өз – өзіне сенімді болуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй
|
«Нұрға бөлену » мәтінін оқу
|
Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.
|
«Хрустальная грусть» композициясы
|
Үйге тапсырманы тексеру
|
«Ақыл мен сезім» мәтінін оқып келу
|
Сұрақтар:
1. Автордың ақыл мен сезім туралы ой - тұжырымымен келісесің бе? Неліктен?
2. Сұхбаттасушының «Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу – үлкен тәртіптілік, адамгршілік, жақсылық» деген пікірін қалай түсінесің?
|
Оқулық
|
Сабақтың дәйексөзі
|
Сөзі райлыңын – жүзі шырайлы.
Халық даналығы.
|
Сұрақтар:
Адамға сұлулық қаншалықты қажет?
Сұлулықтан қалай әсер аласыңдар?
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
|
Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
|
Алтын шеттеуік
Ы. Алтынсарин
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол кептірілген көп жемістің ішінде сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.
Шешесі айтты:
– Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал, – деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:
– Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар, – деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, басқа балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады.
Сонда атасы айтты:
– Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар, – дейді.
|
Сұрақтар:
1. Ленаны қандай шеттеуіктер қызықтырды?
2. Әке қызына қандай сөз айтты?
3. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіздер?
4. Неліктен заттың сыртына қарап бағалауға болмайды?
5. Заттың асылы ішінде болар - деген сөзді қалай түсінесіздер?
6. Неліктен әдемі нәрсенің барлығы үнемі жақсы бола бермейді? Себебін түсіндіріңдер.
7. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?
8. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдай болды ма? Әңгімелеп беріңдер.
|
https://kitap.kz/
щли
|
|