Сабақтың тақырыбы: «Атпен серуендеу»



бет3/3
Дата17.03.2024
өлшемі52.5 Kb.
#495879
түріСабақ
1   2   3
Қысқа мерзімді сабақ жоспары «Атпен серуендеу» (1-сынып)

Сабақтың ортасы
7-11


12-14
15-20
21-35

(Ұ,Ө,Қ) «Сене атқа мініп көрдің бе? Өзіңді қалай сезіндің? Саған ұнады ма?» сұрақтар арқылы ән тақырыбын ашып алу.
(Ұ,Қ)Ән үйрену: «Тұлпарым» (Б.Бейсенова)
-Ән кіріспесінде қандай дыбытарды естідіңдер?
Ат тұяғының дыбысына ұқсас дыбыс шығаратын аспаптарды таңдату.
Тұяқ аспабын көрсету, оның дыбысталуы туралы әңгімелеп беру.
(МҚ,Ұ) таңдалған ән жазбасын пайдалана отырып, оқушылардан өздерін ат үстінде келе жатқандай елестетіп қозғалуын сұрау.
Оқушылармен бірге әннің әртүрлі бөліктеріне арналған түрлі қимылдарды үйрету. Бейнежазбаға жазып, балаларға көрсетіп, көріністі бағалау.
Ұзақ, қысқа, қысқа, ұзақ, ұзақ ырғағын оқушылар аспаптарды қолданып орындайды, тұрақты ырғақты ұстап тұруларын қадағалау. Ән әуені мен тұяқ дыбысының үйлесімділігін байланыстырып түсіндіру, қимыл-әрекеттерін бақылау, бағалау. Қайтып бейнежазбаға түсіру.
(Ұ,Қ) Музыка тыңдау:«Horsey Horsey»
«Тұлпарым» әнімен «Horsey Horsey» ән әуендерінің ұқсастығын салыстырып әңгімелеуді сұрау. Бейнежазба көрсету арқылы баланың кызығушылығын арттыру.Оқулықтағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру.
(Ұ,Қ) Музыка тыңдау:«Қара жорға» (қаз.хал.күйі)
Сөздің ұйқасын табу арқылы баланың ойлау қабілетін дамытып, жылқы малының қасиеттері туралы әңгімелеп беру. Оқушылардың пікірлерін тыңдау. Жылқы малын суреттеп беруді сұрау.

«Тұлпарым» (Б.Бейсенова),


music-mobi.ru/search
/тұлпарым/
тұяқ аспабының суреті

«Horsey Horsey»


(ағылшын тілінде)
http://www.youtube.
com/watch?v=
kfPKWCITnps
«Қара жорға»қаз.хал.күйі

Сабақтың соңы
35-45

(Ұ,Қ,Ө) Сабақты қорытындылау үшін жылдамдығын үдете шауып келе жатқан жылқыны бейнелейтін музыкалық үзіндіні пайдалану.(Құрманғазы«Балбырауын» күйінің кіріспесі). Оқушылардан музыкаға сайкес аттың шабысын салуды сұрау. Сабақ соңында «Қара жорға» биін билетіп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.Шығармашылығын, белсенділігін бағалау.



Аудиожазба




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет