Басы
|
Бой сергіту жаттығулары.
Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Жүгіру жаттығулары 2 мин Жай жүруден бастап жүгіруге ұласатын жаттығуларды орындату.
3.Бой жазу жаттығулары 2 мин Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
4.Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік,ысқырық , конус, секундомер, интерактивті тақта немесе ноутбук, гимнастикалық таяқшалар, секіртпе. Бағалауға арналған түрлі-түсті қағаз
|
Ортасы
|
Жаңа сабақты түсіндіру
Гимнастикалық жабдықтарға өрмелеп шығу және асылып түсу иық пен қол бұлшық еттерінің күшін молайтады және олар сенімділікке, төзімділікке батылдыққа тәрбиелейді. Өрмелеп шығу тыныс алу аппаратының және жүрек – тамыр жүйесінің жұмысына жайсыз әсер ететін, көп күш жұмсауға және зорланып әрекет етуге тура келетінін ескере отырып, гимнастикалық жаттығулардың бұл түрін үйренген кезде жүйелілікті есте ұстаған жөн.
Өрмелеп шығу жаттығулары.
1. Аралас түрде асылу, яғни аяқ пен қолдың көмегімен асылып тұру.
2. Қарапайым түрде асылу, яғни бір қолмен асылып тұру.
3. Бір жабдықтан екінші жабдыққа асып түсу.
4. Арқанға «байланып тұру», яғни өрмелеп бара жатып тоқтау.
5.Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулар 17 мин 1.Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: екі аяқты тік бұрыш жасағанға дейін кезекпен алға көтеру және бір мезгілде көтеру.
2.Аяқты бірінші шабаққа қойып, қолмен кеуде тұсындағы шабақтан ұстап тұрып: қолды шабақтан төмен қарай ауыстыра ұстау арқылы еденге отыру.
3.Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: тізені бүгіп барынша жоғары көтеру, маңдайға тигізуге тырысу.
6.Арқанға өрмелеудің үш тәсілі.
Арқанның ұзындығы 3метрден аспауы керек. (қыз 1,5-2 м) 17 мин Бірінші тәсіл- аяқты бүгіп асылып тұрып, тізені кеудеге жақындата арқанды не табанымен, не аяқтың үстімен немесе тіземен қысып ұстау.
Екінші тәсіл-қолды шынтақ буыннан бүгіп, арқанды аяқпен қысып ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу.
Үшінші тәсіл- арқанды аяқпен ұстауды сақтай отырып, екі қолды кезекпен ауыстырып, арқанның жоғарғы жағынан ұстау.
Арқанмен өрмелегенде қолмен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.
Арқанмен өрмелеудің негізгі екі тәсілі қолданылады. Біріншісі - арқанды орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі - арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.
Негізгі жаттығуды орындамас бұрын мынандай дайындық жаттығулары орындалады:
1. арқанға асылып тұрып тербелу;
2. арқанға асылып тұрып аяқты алдына соза жоғары көтеру;
3. асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын (алдына соза жоғары көтеру) қолға тигізу.
Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.
Кермеде орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолмен асылып тұрып тербелу.
2. Екі аяқтың қылтасымен асылу.
3. Бір аяқты іліп алу арқылы кермеге шығу және екі қолға таянып тұру.
4. Кермеге таянып тұрып, алдына аударылып түсу.
5. Шалқадан жатып, кермеден ұстап тартылу.
6. Күшпен тартылу.
Ұлттық ойындар:
Ақсерек-көксерек.
Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.
1- ші топ. Ойынды бастайды
Ақсрек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.
Қыз –қуу
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.
|
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді
Топтар бір-біріне ойын барысында байқаған, көрген екі жақсы орындаған жағын айтып, ұсыныс түрінде бір тілек айтады.
қарсылас топтың аумағына өтеді
туды алып, кері өз аумағына жүгіріп шығады
өз аумағына өткен оқушыларды ұстап үлгереді
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
ҚБ «Бағдаршам»
ҚБ «От шашу»
|
Әр жаттығуға арналған үлкен, таза кеңістік, ысқырық, секундомер, конустар, фишкалар.
|