Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет12/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

5. Сөз мағынасының түрлері
Тiлдегi сөздер болмыстағы заттар мен құбылыстардың ұқсас белгiлерiне қарай жасалған классификациясына орай топтастырылады. Мысалы, ыдыс-аяқ аттары (шәйнек, кесе, зере, шара, шөмiш, қасық, т. б.), адамның дене мүшелерi (бас, аяқ, қол, құлақ, саусақ, көз, т. б.), табиғат құбылыстары (жел, жауын, найзағай т. б.).
Сөздердiң арасындағы мағыналық байланыстарды анықтау үшiн сөздердi тақырыптық топтар мен лексика-семантикалық топтарға бөлiп қарастыру қажет. Өйткенi тақырыптық топтар мен лексико-семантикалық топтар арасында айырмашылықтар бар. Бiр топ ғалымдар тiл бiлiмiнде қолданылатын бұл терминдер арасында алшақтық жоқ десе, екiншi топтағылар бұлардың арасында мағыналық айырмашылықтың бар екендiгiн көрсетiп, тақырыптық топтың сөздердiң тек денотаттық мағынасына негiзделетiн-дiгi, ал лексико-семантикалық топ сөздердiң лексикалық (әрi денотаттық, әрi сигнификаттық, әрi iшкi лингвистикалық) мағынасына негiзделетiндiгi жайлы пiкiр айтады.
Көпшiлiк зерттеушiлер сөздердi тақырыптық топқа топтастыруда лингвистикалық принцип негiзге алынбайды, заттардың табиғи белгiлерi, объективтiк қатынастары т.б. негiзге алынады дейдi. Ал лексико-семантикалық топ сөздердiң лексикалық мағынасына негiзделедi, яғни, сөздердiң антонимдiк, синонимдiк не ұштас мағыналары есепке алынады. Мысалы, қол, аяқ, көз, тiрсек сияқты сөздер өзара ешқандай семантикалық байланысқа ие емес, бiрақ олар адамдардың дене мүше атаулары. Ал кел, кет, бар, жүгiр, жел, шап, зыт, кiр, шық т. б. деген етiстiктердiң арасында семантикалық байланыс бар. Бұлардың барлығы-ның лексикалық мағынасының құрамында бiр орыннан екiншi орынға өту, қозғалуды бiлдiретiн мағыналық элемент (сема) бар. Сонымен бiрге олар синонимдiк, антонимдiк, не ұштасып жататын мағыналық қасиетке ие.
Лексико-семантикалық топтың қатысымен семантикалық талдау жасау арқылы сөздердiң мағыналық, стилистикалық, эмоционалдық және т. б. қасиеттерi анықталады. ЛСТ сөздердi бiр сөз табына қатысты қарастырады және олардың грамматикалық формаларының өзгеруiн есепке алады. ЛСТ бөлуде сөздердiң лексикалық мағына бiрлiгi негiзге алынады.
Кейде бiр лексико-семантикалық топ құрамына әр түрлi сөз таптарына қатысты сөздер енедi. Яғни, бiр ЛСТ құрамына бiр түбiрден өрбiген өн, өнiм, өндiрiс, өнiмдi, өндiр секiлдi сөздер енiп, “сөзжасамдық ұя” жасайды.
Сөздердiң лексико-семантикалық тобы мен туынды сөздер бiрлiгi әр қилы құбылыс. Сөздердiң лексико-семантикалық тобы – салыстыруға келетiн бiрыңғай лексикалық мағыналар жиынтығы. Сондықтан оларды сөздердiң грамматикалық формаларымен шатастыруға болмайды. Мысалы, кел, кет, шап, секiр, бар,жорғала, атта секiлдi сөздер бiр лексико-семантикалық топ құраса, құлында, құлындай, құлындат, құлындау, құлынды, құлынша дегендер туынды сөздер тобын құрайды. Лексико- семантикалық топтың мүшелерi өзара лексикалық мағынасы жағынан байланысады. Кел, кет, өт, шап, секiр, бар, жорғала, атта, сырғана сияқты етiстiктер бiр лексико-семантикалық топтың құрамына мағына бiрлiгiне байланысты бiрiктiрiлген. Оның құрамындағы болған өзгерiстер сол топтағы сөздердiң барлығына бiрдей әсер ете бермейдi, белгiлi мүшелерiне ғана әсер етедi. Мысалы, қазақ тiлiнде жалыну, өтiну, сұрау, тiлеу, жалбарыну сияқты етiстiктер бiр кiшi лексико-семантикалық топ жасайды. Әрине, бұл сөздердiң мағына құрамында өздерiне ғана тән болған, басқаларында кездеспейтiн мағына элементтерiнiң болатындығы анық, себебi олар жеке-жеке сөз. Сұрау етiстiгiнiң мағынасында талап ету реңкi болса, тiлеуде жалыну, өтiну реңкi басым. Бұл сөздердiң құрамындағы мағыналық өзгерiстер өзге сөздердiң мағынасының өзгеруiне ықпал етпейдi. Ал, қорқу, қауiптену, сескену сияқты синонимдердiң бiреуi қолданылудан шығып қалса, қалған мүшелерiнiң мағынасында өзгерiс болады. [М.Оразов. Қазақ тiлiнiң семантикасы,175-176]. М. Ю. Тихонова да “лексико - семантикалық топтарды семантикалық өрiс құрамына енедi” деген пiкiрдi айта отырып, өрiс құрамына тек жеке сөздердi ғана ендiрместен, тұрақты тiркестердi де ендiредi. Яғни, тұрақты тiркестердiң жеке сөздерге синоним бола алатынын ашып көрсетедi. Осы пiкiрдi басшылыққа ала отырып, бiз де шек құрамына тұрақты тiркестердi ендiрдiк. Мысалы, аз, тамшы, қасқалдақтың қанындай, саусақпен санарлық. Лексико - семантикалық топтың құрамына енген сөздер өздерiнiң дербестiгiн жоғалтпайды, олардың бiрi екiншiсiмен тек жалпы жақтарымен ғана байланысып жатпастан, жеке белгiлерiмен өзара ерекшеленiп те жатады.
Тақырыптық топқа семантикалық байланысы жоқ, тек объектив дүниедегi заттардың өзара қатынасы негiзiнде топтастырылған сөздер енедi. Мысалы, қол, көз, құлақ, аяқ, бас, қабырға дегендер бiр тақырыптық топқа енедi де, бiр жүйе жасайды. Тақырыптық топқа енген сөздердiң бiр мүшесi түсiп қалса, не жаңа сөз қосылса оның басқа мүшелерiнiң мағынасына әсер етпеуi мүмкiн. Мысалы алма, алмұрт, алша, алхоры, шабдалы сияқты жемiс атауларының кейбiрi түсiп қалса немесе жаңа жемiс атауы қосылса топ құрамындағы қалған сөздердiң мағынасы өзгермейдi. Бұған қарап тақырыптық топтардың мүшелерiнiң арасында мүлде мағыналық байланыс жоқ екен деуге болмайды. Сөздердi тақырыптық топтарға топтастырғанда олардың арасындағы байланыс негiзге алынады. Зерттеу нысанына алған үй жануарлары атауы өз алдына бiр тақырыптық топ құрайды. Олар: сиыр, бұқа, өгiз, айғыр, бие, байтал,сойтал, нар, iнген, аруана, бота, дөнен, дөнежiн, құнан, құна-жын, қой, қошқар, тоқты, тұсақ, қозы, ешкi, теке, серке, шыбыш, тауық, қораз, қаз, үйрек, ит, төбет, мысық т. б. Мұның өзiн жыныстық ерекшелiктерiне қарай екi топқа бөлуге болады. Яғни, құнан, қошқар, бұқа, өгiз, нар, теке, серке секiлдi еркек тҮқымдас жануар атауларын бiр топқа және құнажын, дөнежiн, ешкi, тұсақ, аруана, байтал, сойтал, тоқты, тұсақ, тауық дегендердi екiншi бiр топқа топтастыруға болады. Немесе, “жануарлар әлемi” деп аталатын тақырыптық топты төртаяқтылар (сиыр, қой, ешкi, жылқы, түйе т. б.) және құстар (қаз, үйрек, тауық, қораз, үндiк т.б.) деп екiге бөлiп қарастыруға болады.
Тiлдегi сөздердiң бiр емес бiрнеше лексикалық мағынасы болады. Тарихи тұрғыдан алғанда сөз мағыналарын негiзгi және туынды мағына деп екi түрге бөлемiз. Мысалы, көк – 1. түс:2. аспан;
3. шөп.
Қазiргi тiл тұрғысынан сөз мағынасын екiге бөлемiз:
1. тура мағына; 2. ауыспалы мағына.
Сөздiң бастапқы мағынасын тура мағына деп атаймыз. Мысалы, 1. қараңғы- жарықсыз;
2. қараңғы – оқымаған, сауатсыз;
3. су қараңғы – аурудың түрi.
Тура мағына негiзiнде жасалған лексикалық мағына ауыспалы мағына деп аталады. Мұндай мағыналар қалыптаса келе тұрақты мағынаға айналады.
Сөз мағынасының өзгеруiнiң, оның жаңа мағынаға ие болуының екi түрлi себебi бар:
1) тiлден тыс сыртқы ортаның әсерi;
2) тiлдiк немесе лингвистикалық себептер, яғни тiлдiң iшкi мүмкiншiлiгiнен пайда болған.Ит, есек, шошқа, сиыр, бҮқа, өгiз, жылқы, айғыр, сәйгүлiк, түйе, бота, нар, қой,қошқар, ешкi дегендер өз алдына бiр топ құрайды. Сөздердiң көп мағыналылық қасиетiн ескерсек, бҮл сөздердiң кейбiреулерiнiң тура мағынасынан тыс қосымша мағынасын айқындауға болады. Салыстырыңыз: Артынан оған бойы үйренiп алады да, ол ит болсын, шошқа болсын, соның құзырында қалып,екiншi қатеге және ұрынады деген сөйлем құрамындағы ит, шошқа атауларына да жоғарыда айтылған мағыналар тән. Ит сөзiне “1. Сүтқоректi жыртқыштар семьясына жататын асыранды үй хайуаны. 2. Жыл аты. 3. Ауысп. Оңбаған, жауыз” деген анықтама берiлген. Ал шошқа сөзiне “1. Мегежiнi жылына бiрнеше рет торайлайтын өсiмтал, айыр тұяқты хайуан, доңыз. 2. Надан, топас, оңбаған” деген түсiнiк берiлген. Мұның алғашқысы тура номинативтiк мағына. Соңғылары сезiмдiк мағынаны бiлдiредi. Екеуi де адамға қатысты қолданылып, адам мiнезiнiң жағымсыз жақтарын көрсетiп тұр. Ит сөзiнде “жауыз”, “оңбаған”, “кекшiл” секiлдi эмоционалдық мағына, ал шошқа сөзiнде “топас”, “ақымақ”, “надан” секiлдi жағымсыз эмоционалдық мағына бар. Анықтама негiзiнде жасалатын негiзгi семалар бұл сөйлемде көрiнбестен, тек қосалқы семалар негiзгi семаның орнын басып, сөздер жаңа мағынаға ие болып тұр.
Сөз мағыналарының ауысуы әр түрлi тәсiлдер арқылы iске асады. Олар мыналар: а) метафора; б) метонимия; в) синекдоха.
Метафора – барлық тiлде бар құбылыс. Бұл – ауыспалы мағына жасаудағы ең жиi қолданылатын тәсiл. Метафора – гр.т. metapohra ''ауысу'' деген сөзiнен алынған термин. Белгiлерiнiң ұқсастығына қарай бiр заттың немесе құбылыстың басқа бiр зат немесе құбылыс атауымен аталуының негiзiнде жасалған ауыспалы мағынаны метафора деп атаймыз.
Көркем шығармаларда жануарлар мен құстар атауының жиi қолданылатындығы соншалық, оларды жасалуы және мағыналық ерекшелiгiне орай тек салыстыру тәсiлi арқылы ғана емес, метафоралық мiнездеме түрiнде де кездестiруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет