Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет20/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

1. Тақырыбы:Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер.
2. Жоспары:
1.Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер.
2. Неологизмдер, олардың жасалу жолдары.
3.Қазақ тілі лексикографиясы.
4. Лингвистикалық сөздіктер
3. Мақсаты: «Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер» тақырыбын меңгерту.
4. Мазмұны: №10.48,50,51,52-жаттығулар.
1.Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер.
Диалектілік лексика және оның тілде алатын орны
Диалектілік (гр. (Ііаіекіоз— сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі (аймақ, облыс я аудан) жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер бүкілұлттык лексиканың күрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтык, болып есептелмейді, өйткені олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар.
Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне катысты болып келеді.
Фонетикалық ерекшеліктер түрінде кездеседі: үгей — өгей, күміскі — көмескі, құрытынды — қорытыңды, дұмалау — домалау, маңлай — маңдай, тыңла — тыңда, полат — болат, тоғару — доғару, малчы — малшы, бұяқ — бұл жақ, шаңғырақ — шаңырақ, құдағай — кұдағи т. б.
Морфологиялық ерекшеліктер түріңде: малдаршылық — мал шаруашылығы, кішірт — кішірейт, әшкерт — әшкереле, пойызбынан — пойызбен, атпан — атпен, барулы — барды, барған, келулі — келді, келген, алажақ — алашақ, бережақ — берешек, келелі — келейік, баралы — барайық, баргым бар — барғым келеді, айтқым жоқ айтқым келмейді, барың — бар, келің — кел т. б.

  • Лексикалық ерекшеліктер: ақыр —оттық, бойлай — үнемі, жамбарласу — жарамсақтану, көдек — икемсіз, ебедейсіз, бейсәубет — бет алды, жар — қабырға, жарын келер жыл, сой — тұқым, тек, шалт — жылдам, рабайда — анда-санда, кейінжі — кенже, кун баю — күн бату, баз кешу — күдер үзу, жуалдыз — тебен ине.

Диалектілік лексика өзінің кұрамы жағынан өзара бірыңғай емес. Олар нағыз лексикалык, этнографиялық және лексика-семантикалық диалектизмдер түрінде кездеседі.Нағыз лексикалық диалектизмдер дегеніміз мағынасы жағынан әдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуы (айтылуы) одан басқа сөздер. Сол себепті олар әдеби сөздермен синонимдік қатынаста болып келеді, яғни бір зат ұғымы Қазақстанның әр жерінде әр түрлі аталады. Әдеби баламалары болғаңдықтан, нағыз лексикалық диалектизмдер әдеби тілге енбейді. Мысалы: әдеби кебек сөзі — диалектілер мен говорларда ұрпақ, буызы, күрпі; әд. сіріңке — диал. кеуірт, кәуірт, оттық, шырпы, шақпақ, спешке; әд. улкен, зор — диал. дырау, нән, нәнбай, дығал, әйдік, жоян, чоң/шоң т. б. түріңде айтылады.
Лексика-семантикалык диалектизмдер — дыбысталуы әдеби сөздермен бірдей, бірақ мағынасыңде ерекшелік бар сөздер. Ондай сөздер өздерінің әдеби түрлерімен омонимдік катынаста болып келеді. Мысалы: әдеби тәртіп сөзі — Оралда нұсқау, бұйрық; әд. шалбар — Алматы облысында сым; әд. долы (ашулы, ызақор) — Шымкент облысында бұршақ аралас нөсер жауын; әд. құлақ — Шымкентте мақтаның қауашағы, кішкене арық т. б. мәніңде айтылады. Лексика-семантикалык. диалектизмдер де әдеби тілге енбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет