Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет18/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Фразеологизмдер
Фразеология, фразеологиялық единицалар.Фразеология лингвистиканың үлкен бір саласы. Фраза (грек тілінің phrasis - «сөйлемше» мағыналы сөзінен алынған) сөйлеудің ең қысқа, ірі бүтін бір единицасы. Сөйлеудің ең бір мәнді қалыптасқан тізбектері мен тіркестері. Ондай тізбектер екі сөзден құралады. Бүтіндей бір сөйлем, бірнеше сөйлем болуы да мүмкін. Сондықтан фраза сөйлеудің қарым қатынас құралының ең бір мәнді единицасы. Фраза, фразеологиялық тізбектерді «сөйлем» деген терминмен қатар қоюга болады. Мысалы, сүттен ақ, судан таза, қыпша бел, т.б. тұрақты тізбектер, фразеологиялық единицалар.
Фразеология белгілі бір тілдегі сөздердің тұрақты тізбектері мен тіркестерін, фразеологиялық единицаларды, фразаларды зерттейтін ілім.
Фразеология қатысты терминдер идиома, түрақты тіркес, фразеологиялық тұтастық, бірлік, екпін, оралым, фразеограмма, фонемалық фраза,фразеологизм, т.б.
Кеңес лингвистикасында фразеолргия көп зерттелді. В.В.Виноградов көп еңбектенді. А.И.Молотовтың редакциясымен жарияланған 4000 астам сөздік мақала бар. «Фразиологический словарь русского языка» (1868), І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразиологиялық сөздігі» (1977) т.б. еңбектер бар.
Тұрақты тізбек, түрақты тіркес, еркін тіркес үғымдарды ажырата білу қажет. Мысалы, 1) Екі езуін айырып жіберіпті, екі езуі екі құлағында. Ат құлагында ойнау, бұлар тұрақты тізбектер, фразеологиялық единица. 2) Екі езуін бірдей көрсетті. Екі құлағы бірдей. Ат құлағы бұлар еркін тіркестер.
Фразеологиялық тіркестерді бір тілден екінші тілге аударуға болмайды. Фразеологиялық единицаларды негізінен 4 түрлі топтастырып жүр:
1.Фразеологиялық тұтастық (Идиома)
2.Фразеологиялық бірліктер.
3.Фразеологиялық тіркестер
4.Фразеологиялық сөйлемшелер.
Фразеологиялық түтастық (Идиома)
Семантикалық жагынан бөлінбейтін, сыңарлары номинативтік мағынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа мағына беретін тізбектер. Мысалы, Жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан.
Фразеологиялық бірліктер.
Құрамындағы кейбір сыңарлардың мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасы аңғарылатын тізбектер. Мысалы: Ауырдың үсті, жеңілдің асты.
Фразеологиялық сөйлемшелер.
Семантикалық жақтан болуге болатын, сырттай еркін тіркес сияқты болып кеткен, сол қалпында қалыптасқан тізбектер. Бұлар: мақал мәтел, нақыл соз қанатты сөз. Мысалы: Көрпеңе қарай косіл, т.б.
Фразеологиялық тіркестер
Сыңарларының мағыналары түсінікті, бірақ тілде сол қалпында жүмсалатын тізбектер. Мысалы: қыпша бел, қиғаш қас, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет