Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер жатады. Ондай сөздердің әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде тек түсіндіріліп беріледі. Мысалы: жозы (Алматы облысы) — аласа дөңгелек үстел; шырыш (Жамбылда) — үй төбесін жапқанда арқалықтың үстіне салынатын жіңішке агаштар, Семей жақта оны салдау ағаш деп те атайды. Қасқарша (Қызылорда) — мойны ұзын жезқұман, әттік (Каспийде) — қармақтың тілі, алақшын (Түрікмен қазақтарыңда) — пештің алдына шоқ жаю үшін жасаған орын, сыдырғай (Өзбекстан қазақтарында) — түгін бетіне шығармай тоқыған кілем т. б.Диалектілік сөздер негізінен әдеби тіл лексикасына кірмейді. Сөйлеуде, жазу жұмыстарыңца оларды орынсыз колдану әдеби тіл нормасынан ауытқу болып табылады. Тек белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болса, сондай жағдайда жергілікті сездердің кейбірін баспасөз арқылы әдеби тілге енгізуге болады. Мысалы, әдеби тілде мал (көбінесе кой-ешкі) екі төл туса, егіз дейміз, ал үш-төрт төл туса, оларды әдеби тідде нақты сөздермен білдіре алмаймыз.
Арнаулы лексика және оның қызметі
Арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз қолданыстары (сөйлемше я сөз тіркестері). Арнаулы лексика жалпыұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ оның да қолданылуы диалектизмдер сияқты шектеулі. Солай бола тұра оны диалектизмдермен шатастыруға болмайды. Диалектизмдердің шектелуінде территориялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектелуінде әлеуметтік сипат бар.
Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді:
а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.
1. Кәсіби терминология дегеніміз ғылым, техника, өндіріс т. б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздердің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т. б. саласындағы арнаулы ұғымдарды дәл анықтап білдіретіндігінде.Термиңдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тығыз байланысты. Термиңдер негізінен бір дара ұғымды нақты білдіретіңдіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді.Сонымен қатар өз мәнінде терминдерде стильдік эмоциялықмән болмайды. Терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, әрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады.
1) Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл арқылы жасалған тер-
миндер: өркениет — цивилизация, ғарыш — космос, мәртебе
статус, елтаңба — герб, т. б
2) Орыс тілінен қабылданған, қазақша баламалары жоқ
ғылым, техника т. б. саласындағы интернационалдық арнаулы
терминдер. Мысалы: математика терминдері: логарифм, квад-
рат, куб, аксиома, трапеция, синус, косинус, радиус, котан-
генс, биссектриса, теорема, коэффицент т. б.
Интернационалдық термиңдердің бірқатары жиі колданылу нәтижесінде тек кәсіби-терминдік дәрежеде қалмай,жалпыхалықтық деңгейге көтерілген. Мысалы, қоғамдық-саяси терминдер: революция, демократия, конституция, республика, социализм, партия; әдебиет пен өнер термиңдері: театр, поэзия, опера, драма, романтерминдерді қалың көпшілік қолданады.Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Терминология әдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан-жақты қарастырылып, қауырт жиналып терілуде. Терминдердің отыздан аса сөздігі басылып, шықты. Дегенмен, қазақ терминологиясы әлі де байсалды түрде үңіле қарап, тереңірек зерттеуді қажет етеді.
2.Кәсіби сөздер. Арнаулы сөздердің бір түрі — кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылып, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |