Фразеология.Фразеология деген термин екi түрлi мағынада қолданылады. Оның бiрi тiлдегi тиянақты тiркестердi тексеретiн тiл бiлiмiнiң (лингвистиканың) саласы дегендi, ал екiншiсi–бiр тiлдегi фразеологизм байлығының тҮтас жиынтығы дегендi бiлдiредi. Алайда, фразеолгиздер толығымен жерiне жеткiзе зерттелiп бiткен ғылым саласы деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдер тек қана лексикалық қор ретiнде сөз байлығы деген топқа жатқызылып, лексиканың көлемiнде тексерумен шектелуде. Академик А. Болғанбаевтың “Қазақ тiлiнiң лексикологиясы”, сондай-ақ, l. Кеңесбаевтың “Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi” деген еңбектерiндегi толымсыз дәлелдер фразеологиялық тiркестерге байланысты зерттеудiң тағы да қажет екендiгiн көрсетiп бердi.
Осы тұста ҚР ҰҒА академигi Ә. Қайдар өзiнiң “Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi немесе актуальные вопросы казахского языка” деген кiтабында жоғарыдағы сөзге дәлел боларлықтай былай деген екен: “Қазақ тiл бiлiмiнде сөз тiркесi синтаксисiмен ғалымдар көптен берi шұғылданып келедi. Десек те, тұрақты сөз тiркестерiнiң табиғаты, сыртқы тұлғалық (синтаксистiк) сипаты мен iшкi мағыналық (семантикалық) сыры, көркемдiк нақышы мен бейнелеу тәсiлдерi толық айқындалды деп айта алмаймыз. ”Тұрақты тiркестердiң өзара iштей жiктелуi фразеологиялық тiркестер мен мақал-мәтел түрiндегi күрделi тiркестердiң ара-жiгiн ажыратудың теориялық принциптерiнiң әлi анықталмағандығын, тҮрақты сөз тiркестерiнiң әлi күнге дейiн тiлдiк, әсiресе поэтикалық, стильдiк сырының ашылмағандығын тiлге тиек етедi.
Әр тілдің заңдары, өзіне лайық ерекшелікиері бар: оларды зерттейтін фонетика, морфология, синтаксис, лексика, семасиология тәрізді ярустары яғни тараулары бар. Фразеологизмдер бұрынды-соңды еңбектерде, көбіне, осы лексика тұрғысынан зерттеліп келген. Қазан революциясынан кейінгі 10-15 жылдың ішінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары жан-жақты зерттеліп, тың ойлар көпшіліктің талқысына түсті.
Фразеология – құрамы мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, даяр қалпын сақтай отырып қолданылатын, мағына тұтастығы мен тіркестиянақтылығы тән бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі күйін және тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы. Осының негізінде фразеология қазіргі немесе синхронды және тарихи немесе диахронды деп бөлінеді.
Фразеологияның зерттейтін пәні – фразеологиялық оралымдар. Оларды фразеологизмдер, фразеолгиялық бірліктер немесе фраземалар деп атаймыз. Фразеологияның жалпы лингвистика саласындағы тарихы ұзаққа бармайды.Тіл білімінің жаңа бағытын таңбалайтын»фразеология» термині жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40-жылдары дүниеге келді. Фразеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі идеяны дамытушы Ш.Балли болса, оның Ресей топырағындағы дамуы мен жаңа, жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуі академик В.В.Виноградов есімімен тығыз байланысты. Ресейдегі В.В.Виноградов теориясының жалғасы орыс ғалымдары В.Л.Архангельский, В.П.Жуков, В.И.Зимин, А.В.Кунин, А.И.Молотков, Л.И.Ройзензон, А.И.Смирницкий, В.Н.Телия, Н.М. Шанский және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Фразеологияның тіл біліміндегі фонология, морфология, лексикология, синтаксис салаларынан ерекшелігі – ол «тарихи тұрғыдан тіл туралы ғылымның екіншілік жасалымы». Оның зерттеу нысаны – «сөздер мен сөйлемдердің мағыналық жағынан байланысты тіркесімі» болып табылатын фразеологизмдер мен фразеологиялық бірліктер.
Кез-келген халықтың халықтығы мен ұлттық болмысын танытатын оның әр алуан өнері болса, сол өнердің алды-қызыл тіл – деген даналық сөз бар. Тілдің байлығын, терең тұңғиық сырлары мен құпияларын ашқан, сұлулығына тамсанып, шебер қолдана білген, сол тілде сөйлейтін халықтың кемеңгерлігі мен даналығы екені сөзсіз. Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың 40 жылдары проф. С,Аманжолов идиомалық тіркестер мен фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, олардың ғылыми бағыттарын көрсеткен. Тұрақты тіркестерді»идиомалық форманы екіге бөлуге болады: 1. образды құрама идиомдық тіркес. 2.фразеологиялық тіркес. Түркітанудағы фразеология туралы зерттеулер осыдан кейін кең ауқымда зерттеле бастады. Тіл байлығын көрсететін бір тілді және екі тілді сөздіктер жарық көрді. 1970 жылдарға дейін жарық көрген фразеологиялық сөздіктерде түркі тілдерінің фразеологиялық қоры жан-жақты жинастырылды деп айта алмаймыз.
Түркі тілдес халықтардың ішінде алғашқы фундаменталды еңбекті І.Кеңесбаев 1977 жылы басып шығарды.Фразеология теориясында қалыптасқан әдістер осы сала бойынша жазылған еңбектердің жемісі болып табылады. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары тіл білімінің саласы ретінде қалыптасқан фразеология ғылымында қазіргі күні әртүрлі бағыттар мен осы бағыт нәтижесінде түрлі әдістер дүниеге келді.
Жалпы фразеология саласында бүгінгі таңда төмендегідей әдістер қалыптасқан:
құрылымдық-семантикалық модельдеу әдісі. Ол идиографиялық өрістер мен семантикалық топтарға және синонимдік қатарларға сүйенеді;
Семантикалық-синтаксистік модельдеу әдісі, бұл әдіс фраземалар жүйесінің универсалдылығы мен дифференциалдық құрылымын айқындауды мақсат етеді;
құрылымдық-ұялық әдіс негізінде фраземалар компоненттерінің тақырыптық топтастырылуы жатыр;
валенттілік әдіс фраземалар құрамындағы сөздердің тіркесімділігіне негізделген;
семантикалық-диахрониялық әдіс – фраземаларды тарихи тұрғыдансалыстырып зерттеуге негізделген;
Эквиваленттік әдіс түрлі типологиялық топтарға жататынтілдерді салғастыру нәтижесінде жүзеге асады;
функционалды-коммуникативтік әдіс тілдердің фразеологиялық жүйесінің квалитативті және квантативті ұқсастықтары мен социолингвистикалық ерекшеліктеріне сүйенеді;
сипаттамалы лексикографиялық әдісті қостілді сөздіктерге талдау негізінде жүзеге асады.
Қазақ тіл білімінің фразеолгия саласы түрлі бағыттар бойынша зерттелді:
фразеологизмдердің теориялық, практикалық мәселелері;
фразеологизмдердің стильдік қызметі;
көркем шығармада қолданылуы;
фразеологизмдерді мағыналық, тақырыптық тұрғыда топтастыру принциптері;
фразеологизмдердің әдебитіл тарихы тұрғысынан зерттелуі;
фразеолизмдердің жек категориялары;
фразеологизмдердегі диалектілік ерекшеліктер;
фразеологизмдердің құрылымы жағынан зертелуі;
фразеологизмдердің этнолингвистика тұрғысынан зерттелуі;
фразеологизмдердің жеке тілдер деректері негізінде салыстырыла зерттелуі.
Қазіргі кезеңде фразеология өз бойына жаңа нысана мен жаңа бағыттар жинақтауда. Бұл тұста фразеологизмдер таңба ретінде қарастырылып, тілдік таңба табиғатына сәйкес коммуникативтік актіге қатынасатын, тіл жіне сөйлеуде өзіндік функциясы бар, ұлттық-мәдени сипатымен ерекшеленетін тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің мағынасындағы обьективтік және субьективтік факторларының ара-қатынасын зерттеу жолға қойылып отыр.ХХ ғасырдың орта шенінде Қазақстан топырағында І.Кеңесбаев мектебі мен оның шәкірттері тұсында дүниеге келген фразеология проблемасы бүгінгі таңда оның нысаны, материалдары, қолдану аясы мен функциясы тұрғысынан әр түрлі аспектіде зерттелуде. Қазақстанда фразеология тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін тл білімінің саласы, тілдегі фразеолоизмдер жиынтығы, сонымен қатар қандай да бір автордың қаламына тән фразеологизмдердің стильдік қолданысы мен жергілікті диалектизмдерге тән фразеологизмдер ретінде зерттелді.
Осы зеттеулер негізінде фразеология тіл білімінің салсы ретінде мектеп бағдарламалары мен жоғарғы оқу орындарында оқытылып, тілдің фразеологиялық құрамына құрылымдық-семантикалық, грамматикалық, функционалдық-стилистикалық тұрғыдан топтастырулар жасалынды. Сонымен қатар фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне диахрондық тұрғыдан таладаулар жасалып, көненің көзі болып табылатын тарихи фразеологияның пәне мен зерттеу нысандары айқындалды.
Фразеологизмдер этимологиясын ашатын арнаулы лексикографиялық еңбектер жасалынбаса да Ә.Қайдардың»Бір буынды түбірлердің құрылымы», Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді», Ә.Нұрмағамбетовтың «бес жүз бес сөз» сөздіктерінде кейбір фраземалардың этимологиясына лингвистикалық талдаулар жасалынған.
М.А.Сыздықованың «Сөйлеу етістіктері мағынасындағы фразеологиялық бірліктерді салғастырмалы-типологиялық талдау», Ш.Қ.Құрманбаеваның «Түрік және қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдерге салғастырмалы талдау» еңбектерімен қатар қазақ тілі материалдары бойынша жазылған Қ.Б.Сарбасованың «Қазақ тіліндегі етістікті фразеологимдердің лексика-семантикалық сипаты» диссертациялық зерттеуі мен ұйғыр тілі бойынша Р.А.Авакованың «Қазіргі ұйғыр тіліндегі етістікті фразеологизмдердің семантика-морфологиялық сипаттамасы» атты зерттеулері А.С. Амнжоловтың жетекшілігімен қорғалса, М.Р.Есжанова «Тіларалық фразеологиялық үйлесімділік», атты диссертациялық еңьегінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге талдау жасаған.
Фразеологияның теориялық негізгі мәселелеріне фразема табиғатын анықтау, оның көлемін, құрамын, шекарасын, табиғатын анықтау; фразеологиялық семантика мәселесі; фразема семантикалық жүйесінің құрылымы, оладың топтастырылуы және тарихи дамуы мен пайда болу көздері т.б. проблемалар жатады.
Фразеологиялық бірлік болып таблатын фраземалар дегеніміз - құрамындағы лексикалық компоненттер мағыналары мен оның тұтас мағыналарының еш байланысы жоқ, ауыспалы, бейнелі мағынадағы сөздердің тұрақты тіркесі.
Фраземалар – еркін сөздердің тіркесі емес. Сондықтан да фразеология лингвиситикалық пән ретінде фраземажасам компоненттердің арақатысы механизмінің негізінде шектеулі тіркестердің жасалуын, ол сыңарлардың мағына тұтастығын жасаудағы ролін зерттейді.
Фразема мен сөздердің арақатынасы мәселесі екі көзқарас негізде дәлелді. Біріншісі, фразема мен сөздің арақатынасы теориясы болса, екіншісі, фраземаның сөзге эквиваленттігі теориясы болып табылады. Фразема мағынасын сөзбен ауыстыруға болу/болмау қасиетіне негізделген эквивалент теориясы Ш.Баллиден бастама алады. Аталағна теория бойынша, фразема сөзге эквивален бола алса ғана фразеологиялық бірлік қатарына кіреді. А.И.Смирницкий бұл тұжырымды толықтыра келіп, фраземаныі сөзге эквивалеттілігі оларға категориялықортақтықты қамтамасыз етеді. Яғни мағына тұтастығы мен сөйлеуде тілдік бірлік ретінде дайын қалпында қолданыла алу қасиеттерін атап өтеді.
Эквивалент теориясы бойынша фразема сөзбен бірдей дәрежеде лексикалық мағынамен граматикалық категорияларға ие бола алады. Мысалы: қан жұту – «қайғыру», қара қылды қақа дарған – «әділ, тұрашыл», ауыз бастырық – «пара, ақы», ат үсті – «үстіртін» және т.б. фраземамен сөздердің мағыналары тепе – тең болған жағдайда, олардың граматикалық категориялары да ортақ болады, яғни лексикалық бірліктерге тән процессуалдылық, атребутивтік, заттық, адвербиалдықлық және т.б. категориалары негізінде түрлене алады.
Әрқашанда фразема сөзге эквивалент бола ала ма, оның мағынасын сөзбен алмастыруға бола ма, болған жағдайда толық сол мағынанвы беруге сөздің құдіреті детеме деген сұрақтар міндетті түрде туады. Әрине, сөз фразма мағынасын толық дәрежеде бере алмайтынын мойындауға тура келеді. Сөзбен алмасқан фраземаның мағыналық элеметтерінің біршама бөлігі сыртқа қалып отырады. Мысалы, қаз. т. ит пен мысақтай болу – ор.т. кошка сабакой фраземасын «өш, араз, қас» деген сөзбен алмастыра аламыз, бірақ тұрақты тіркес беріп тұрған информацияның біршамасы тасада қалып қояды. Бұл тіркестің мағынасы «жанжалдаса» ғана емес, «бір-бірін жек көретіні соншалықты, олар әрқашан да бір-біріне өш үстінде» деген мағынада қолданылады.
Сонымен қатар лексика-грамматикалық тұрғыдан да сөз бен фразема арасында толық эквсивалент әрқаша бола бермейді. Мысалы, соңғы сыңары зат есім болыпкелетін фраземаның барлығына да зат есімнің грамматикалық категориясы тән емес: ат үсті «үстіртін», көз ұшында «алыста, қашықта» т.б.
Сөз бен тұрақты тіркстің арасында ұқсастық болғанымен, айырым белгілердің де бар екендігін жоққа шығара алмаймыз.
фразема құрамындағы сөздер мағынасынан айрылған, олар лексикалық жағынан, семантикалық жағынан қайта құрылған, десемантикаланған номинация болып табылады.
фразема мағынасының көлемін сөзбен теңестіруге болмайды.
сөздің лексикалық мағынасы мен фраземаның фразеологиялық мағынасы арасында сәйкестік бар болғанымен, олар әр түрлі құрылымға ие. Сөз морфемалардан тұрса, фразема сөзден құралады.
Фразема мен сөз тіркестерінің арасындағы ұқсастық – фраземаның генетикаық негізі – сөз тіркесінде жатыр. екі тұлға да толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалған. Негізгі айырмашылықтары:фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылуы, ал сөз тіркестерінің сөйлеуде жасалуы, фраземалардың тұрақтылығы, сөз тіркестерінің еркінділігі, фразеологизмдер мағыналарының бүтіндігі мен тұтастығы, сөз тіркестер мағыналарының ыдыраңқылығы, яғни құрамындағы компоненттері жеке мағынада қолданылатындығы. Мысалы, қол алысу фраземасының мағынасы «келісу, шарт жасасу» болса, еркін мағынасында әр сөз өзінің жеке тура мағынасын сақтайды.
Фраземадағы номинация тұтастығы дегеніміз - фраземаның күрделі обьективті болмысты тұтас, бөліп-жармай тізбектеп, бейнелеп көрсете алу қабілеті. Мысалы, Тумаған сиырдың уызына дәмету «бос қиялдау» фраземасын «шағын сюжетті- мәтін» деп атауға болады. Ол мәтіннің мазмұны төмендегідей: ... Ша мен кемпір болыпты, бір сиырға зар болыпты. Екеуі армандапты. Шіркін, сиырым болса, ол бұзауласа... осы сияқты жалғасытра беруге болады.
Фраземаның пайда болуының негізінде ситуация жатыр. Ол екшеленіп, қысқарып, белгілі бір бейнеге бағышталып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып табылатын фразема жасауға ұйытқы болып отыр.
Фраземалардың номинативтік тұтастығы оны құрастырушы сыңарлардың мағынасынан әлдеқайда басым. Мысалы, «шексіз бақытты, әлемге сыймайтын қуаныш» дегенімізді «төбесі көкке бір-ақ елі жетпеді» дейді. Мұндағы компоненттердің ара-жігін бөлуге келмейді. Бұлар біртұтас мағына береді.
Фраземалардың даяр қалпында жұмсалуы дегеніміз- олардың сөйлеуде жиі қайталанып қолданылуы. Мәслен, фраземалар сөйлеу кезінде жасалынбайды, олар даяр қалпында қолданылады. Бұған тұрақты тіркестерде жатқызамыз. Фраземаларға тұрақтылық тән. Олардың варианттары да болады. Мсыалы, төбесі көкке жету// төбесі аспанға жетті.
Фразеологизмде мен олардың ішкі формасының арасында тығыз байланыс бар. Осы мәселе жөнінде Ә.Т.Қайдар жан-жақты классификация жасаған. Аталған еңбектерді негізге алып, фраземалардың жасалу көздерін төмендегіше топтастыруға болады:
Адамның анатомиялық атаулары мен қимыл қозғалыстары: бас қатыру, бетіне салық қылу, аузы аузына тимеу, жүрегі аузына шығу.
Жануарлар әлемі: ат басын тіреу, қой мінез, түйе үстінде сирақ үйіту.
Өсімдіктер әлемі: бетегеден биік, жусаннан аласа, басын сындырмау, бидай өңді, аузын қу шөппен сүрту, шөп желке, мүйізі қарағайдай.
Нумеративтік фраземалар: алты аласы, бес бересі жоқ, қырқынан шығару, жетісін беру т.б.
Алғыс және қарғыс фраземасы: бағың ашылсын,періштелердің құлағына шалынсын, тілің кесілгір, жолыңа тікен біткір, қара бет болғыр.
Метеорологиялық фраземалар: бие сауым жер, құнан шаптырым жер.
Табиғат құбылыстарын білдіретін фраземалар: ат құлағы көрінбейтін ақ боран, ақ түтек, қызыл шұнақ аяз.
Әдет-ғұрыптар мен тарихи этнографиялық ұғымдарды білдіретін фраземалар: ас беру, қыз ұзату, қонақ кәде, тұсау кесер, аузына түкіру, босаға майлау.
Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты фраземалар: ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама, Абылайдың ақ туы, бабай түкті шашты Әзиз, Қасымханның қасқа жолы.
Діни фраземалар: құдай жазса, құдай алды, құдайға шүкір, аруақ тәңір берсін, жаратқан ием.
Сәлемдесу, қоштасу рәсімдерін білдіретін фраземалар: Сау болыңыз, қош келіпсіз, ат-көлік аман ба?
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі-бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Соңғы 30-40 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология мәселелері әжептеуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық көрді.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты бе лгісі бар.Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2)мағына тұтастығы, 3)тіркес тиянақтылығы. Осы үш белгіні түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де, сол қалпында сөйлемнің құрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде жүмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), ережелер бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
Еркін тіркес пен фразалық тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары болады. Мысалы: Ерке магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі, 0 да осал жау емес қыран паңга. Осыекі сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркестің алғашқысы еркін тіркес те, соңғысы-фразалық тіркес.
Алғашқы сөйлемде қырық деген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұғымын тікелей білдіреді. Мұндағы қырық деген сөз пышақтың сан мөлшерін көрсетіп тұр. Соңғы сөйлемде бұл сөз өзініңсандық ұғымынан біржола қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға ауысқан. Еркін тіркестегі сөздер арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуға, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнеді. Мәселен, алғашқы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес қырық күміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына қарап, қанша деп сұрау қоюға болады. Ал соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес мұндай өзгерістің ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тұрақты тіркесті қырқысу, аңдысу дегендермен алмастыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мұндай балама атымен кездеспейді. Тура мағынадағы сөз шындық болмыспен тікелей байланысты болады да, контексте тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгіленеді. Ал фразалық байлаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі бір контекске телінді, бағынышты болып тұрады.Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатынастық байланыстар болады.
Тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы пайдаболса,фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөзбен біріккен сөзге айналып кеткен. Мәселен, отагасы, ақсақал, атқамінер, өліп-тіріліп сияқты біріккенсөздер мен қос сөздеридиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізген. Қазіргі кезде бұлар лексика-граматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан біріңғай болып, фразеологизмдерден күрделі сөзге айналып кеткен.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі-мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарынасәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмірсүрмейді.Фразеологизмдер бір бүтін еденица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас еденица ретінде көрінеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық байланысты тұрады. Ал фразеологизм біткеннің бәріне тон басты белгі-туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды немесе жағымсыз бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айрықша көзге түсетін бір ерекшелігі осында.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Үш түрлі белгі тұрақтылық, тұтастық, тиянақтылық арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бүл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады. Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп
бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысыжағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тіл білімінде академик В. В. Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі.
Фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді:
1.Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер.Мысалы:шақша бас, қарақат көз, ала қол, қамыт аяқ} мұрты шагылмаган, төбесі тесік, еңбегі қатпаган.Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып салыстырады. Мысалы:Жақсыменжолдасболсаң ,жетерсіңмұраткіа ,жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында ғана емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Мақал-мәтелдер жайдан-жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан орны бекем болады. Бұлардың компоненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен өзгертуге келмейді. Сонымен қатар сыртқы түр-тұрпаты жағынан, яғни өздерінің семантикасымен құрылым-құрылысы жағынан мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады. Фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдер қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы сөздер өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды. Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдер өте шектеулі болады. Мақал мен мәтелдер мән мағынасымен қатар құрылым- құрылысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жанамалап, меңзеп, түспалдап атайды. Мысалы: бөрік кигеннің намысы бір; палуанга оң ,терісі бірдей.Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы ойды түйіндеп айту басым болады. Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлемге ұқсайды. Фразеологизмдер керісінше, нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, сыртқы тұлғасы жағынан жеке сөзге теңесіп түрады. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойына жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Алайда, бұлардың жасалып, қалыптасу мерзімінде үлкен кереғарлық бар. Мақал мен мәтел әр заманның өзіне лайық туып көбейе береді. Фразеологизмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе-күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты (заманды) қажет етеді. Сол себептен болса керек, фразеологизмдер, әсіресе идиомдар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді. Ал мақал-мотелдер тілден тілге сөзбе-сөз де, емін-еркін де аударыла береді.
Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тілдер тобына жататындықтан сөздердің морфологиялық арианттарының болуы заңды. Жалғамалы тілдер тобында, әсіресе, морфологиялық варианттар айқын аңғарылады. Сөздердің морфологиялық варианттарының пайда болу себептері әр түрлі. Аффиксті сөздерді көбінесе үнемдеу, айтылуын жеңілдету мақсаты немесе фонологиялық айтылу жағын бір жүйеге түсіру көзделуі мүмкін. Морфологиялық варианттардың қолдану аясына кітап пен жазу дәстүрінің де әсері көп. Солай бола тұра, варианттылықтың пайда болуын ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігі екенін жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар, морфологиялық өзгеріске сөздің семантикалық-стильдік, фонетикалық, морфологиялық құрылысы, кейбір сөздердің синтаксистік қолдануының әсері де бар. Септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларының түрлері, етістіктің семантикалық және форма жағынанқұбылтуларын т.б. осы сияқты фразелогизмдердің құрылысын өзгертумен байланысты құбылыстарды морфологиялық варианттарға жатқызуға болмайды. Сонымен бірге фразеологизмді басқа сөздермен байланыстыру мақсатымен соңғы компонентте туатын өзгерістерді де морфологиялық варианттарға қосуғаболмайды. Тек осы тұрғыдан қарағанда ғана морфологиялық варианттардың жай өзгерістердің ара жігін ажыратуға болады. Фразеолгизмдердің грамматикалық варианттары белгілі бір морфологиялық түрлер мен синтаксистік конструкциялар арқылы жасалады.
Морфемдік анализ қосымша түрлерінің арғы тарихына үңілуге мүмкіндік береді. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір үстеулердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан, алғашқыда жалғаулар болғанмен, қазір оларсөздің түбірінен ажыратуға келмейтін дәрежеге жеткен. Үстеулер мағынасы әуелгі төркіндерінен (зат есімдердің, сан есімдер-дің, есімдіктердің қатарынан) алыстап кеткен. Үстеулер әдетте морфологиялық жағынан «некен-саяқтап түрленетін» өз алдына лексика-семантикалық топ құрайтын сөздер. Фразеологизмдердің мұндай морфологиялық жағынан көбірек түрленуі, үстеу мағыналыфразеологизмдік тұрақтылар екен.Фразеологизмрінің морфологиялық варианттары бір септік жалғауларының (барыс,жатыс,шығыс) орын ауысулары арқылы семантикалық құрылымына еш нұқсан келмейтіндей өзара вариант жасайды. Мысаяы: Ұзында өші, ұзыннан өші; есінен тану, естен тану.
Үстеу мағыналы, фразеологизмдер түрліморфологиялық өзгерістермен вариант қатарлар жасайды. Мысвлы:Ертеңнен қара кешке дейін/ертеден қара кешке дейін/ертеңді қара кеш/күн ара/күн аралатып.Үстеудің лексикалық табиғатына қимылдың алуан түрлі жай-күйлерін білдіретін сөздер жататынын білеміз. Қимыл белгілері дегеніміздің өзі динамикалық сипаты түрленуі, өзгеруі десек, үстеу мағыналы фразеолгизмдер айтылар ойға эмоциялы-экспрессивті жағдайда өзгеше болмыс үстеуі заңды.
Қай ұлттың болмасын мемлекеттік даму үрдісінде өзге ұлттармен қоғамдық және мәдени өмірінде бір-бірімен алыс – беріссіз тіршілігі болмайды. Мұндай тарихи, әлеуметтік, экономикалық байланыстар тілдің құрамына да өз ықпалын тигізеді. Көптеген кірме сөздер тілімізге еніп, олардың арғы этимологиясы ұмтыла бастайды. Ол сөздердің ұлт тіліне сіңісті болып кеткені соншалық, тілді тұтынушылар өз ана тілінің байырғы лексикасындай қарым – қатынасқа түсіреді. Қазақ тіліне кезінде араб, парсы, монғол, орыс т.б. тілінен енген сөздер осының айғағы. Сол шеттен енген сөздердің фразеологизм жасауға да ықпалы болатыны заңдылық. Осыған байланысты этнос тарихына қатысты фразеологизмдердің құрамына, жасалу жолдарына, тақырыптық түрлеріне қарай бірнеше түрге бөліп қарастырылды. Олар: бір компоненті басқа тілден енген тұрақты тіркестер, калька түрінде жасалған тұрақты тіркестер, діни фразеологизмдер.
1. Қазақ тілінің фразеологиялық қорында бір компоненті басқа тілдерден енген тұрақты тіркестердің сандық жағы едәуір. Ең бастысы тілде қаншалықты кірме элементтер болса, солардың фразеологизмдердің сөз сыңарларына өгей еместігі. Солай бола тұра, кейбір сөздер тек фразеологизмдер құрамында ғана кездеседі. Мысалы: Оқасы жоқ, мысы құру, қыпша бел, зығырданы қайнау, зықысы шығу, рәсуә болу, зар илеу т.б. Ал осы сияқты тіркестерді анықтап, сандық және этимологиялық зерттеуде академик Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ә.Нұрмағамбетов, Б.Сағындықұлы, А.Салқынбай, Ғ.Әнес т.б. этимологиялық еңбектері баршылық. Бұл арада бізге қажеттісі қазақ фразеологизмдеріндегі компоненттердің бір сыңарының басқа тілден енуінің себеп – салдары мен ұлттар арасындағы ауыс-түйіс сөздердің коммуникативтік қызмет деңгейінің түрін көрсету, сондай-ақ халқымыздың бағзы заманнан бері көне тарихын, рухани-мәдени өмірін айғақтайтын жекелеген сөздер тарихы екендігіне назар аудару. Фразеологизмдердің компоненттер құрамында көбінесе араб-парсы, көне түркі, жалпы түркі тілдерінің сөздері жиі ұшырасады десек, ол түсінікті де. Қазақтардың ислам дініне кіруіне байланысты өзгерген тілдік қарым-қатынас лексикалық деңгейде сөз қабылдауға мәжбүр болды. Мәселен, ол сөздер тек фразеологиялық тіркестер құрамында жиі кездесіп отырады, сондай-ақ плеонастық құбылыста қайталанып жүрген. Мысалы: Зар /парсы/ - қайғы, мұң, жылау-зар жылау, зар илеу; Шұрқ /тәжас тажік/ - сурох/ - тесік, шұрқ тесік; Қыршын /қырғыз-қырчын/ - жас тал т.б. Бұл келтірілген мысалдарда тұрақты тіркес құрамындағы шеттен енген сөздер тобы лексика-семантикалық қайталаулар болса да, фразеологизмнің мағыналық құрамына сіңгені сондай алып тастап немесе басқа мәндес сөздермен алмастыруға келмейді. Олардың тура мағыналарын тек этимологиясына қарап қана білуге болады.
2.Кірме сөзбен байланысты бір құбылыс – калька. Француз тілінен шыққан бұл сөздің қазақша дәл мағынасы-көшірме, еліктеу деген сөз. Мысалы, қазақ тіліндегі шара қолдану; принять меры. Орысшаға арғы тілдік дерек бойынша француз тіліндегі frendre les mesures деген тіркес түрінде сөзбе сөз аудару, калька арқылы енсе, қырғи-ұабақ соғыс – холодная война ағылшын тілінен cold war деген тіркестен орыс тіліне сөзбе сөз аударылған.
3.Діни фразеологизмдер қазақ фразеологиясының өзгермейтін қабаттарын құрайды. Бұл арада ұлттың дінге деген сенімді көзқарасы бұрыннан қалыптасқан компоненттердің тілдік астарында магиялық күш жатқандықтан жиі қолданысқа түседі. Мысалы: көк соққыр, көк келсін, көк қасқа атау, тасаттық беру, отқа май құю,бақсы /жын/ ойнағы т.б. Ислам дәуірі адамдардың діни сенімін тұрмыс тіршілігінің барлық саласына бейімдеп, құдайсыз қурай сынбайды, құдай берекесін берсін, құдай қаласа, құдайдың құтты күні, құдайдың ниеті түзу болса, бір құдай деп т.б. сияқты мойынсыну, мінәжат ету мен табыну тәрізді культтік ұғымдарды білдіретін тұрақты тіркестер тобы пайда болды.
Көнерген фразеологизмдерде тіл арқылы мәдениеттанудың құрамды бөлігі тарихи оқиғалар, тарихи есімдер, тарихи жер-су аттарына байланысты тұрақтала қалыптасқан фразеологизмдер қарастырылды. Тіл білімінде тарихи фразеологизмдерге көзқарас әртүрлі. Олай дейтін себебіміз, орыс тіл білімінде салыстырмалы диахронды сипатта зерттелетін тілдік фразеологиялық фактілер көбіне тарихи фразеологизмдер деп аталады. Бұлай аталуының себебі екі ұлт тіліндегі тұрақты тіркестерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердің тарихи даму ерекшеліктеріне байланысты ғылыми ой-тұжырымдар жасалады. ал қазақ фразеологиясында этнолингвистикалық зерттеу тәсілдерімен танылатын бір алуан тұрақты тіркестер тек тарихи оқиғалар мен тарихи адамдардың есіміне байланысты айтылып, бертін келе фразеологизмдер қатарына енген. Олардың жасалу жолдары әр түрлі. Егер бұл тіркестердің жасалуындағы ішкі уәжге назар аударсақ, халық, ұлт өмірінің басынан өткен оқиғаларының мазмұны мен тарихы жатады. Бұлардың кей кезде жаппай қоғамдық факторға айналуының әсерінен ұзақ уақыт халық жадынан кетпей, сол ұлттың тілінде өткен тарихи оқиғалармен байланысты белгілі бір адамдар есімі, тіпті жер аттары да қоса айтылып, халық жадында сақталып қалады.тарихи фразеологизмдерді тақырып жағынан үшке бөлуге болады. Тарихи есімдерге, тарихи оқиғаларға және тарихи жер – су аттарына қатысты фразеологизмдер.
Аталған фразеологизмдер – ұлт тіліндегі фразеологиялық қордан орын алған, ерекше мазмұндық сипаты бар тұрақты тіркес түрлері. әдетте тіл – тілдегі фразеологиялық тіркестер өзіндік образдылығы мен эмоциональды-экспрессивтілігі жағынан тілдік единица ретінде оқшау тұратыны белгілі. Ал тарихи фразеологизмдерде ақпараттық мән басым болады.
Ұлт тілінде белгілі себептермен ел аузында жиі-жиі қайталанатын атақты қазақ есімдері бар. Сол есімдермен байланысты айтылып жүрген тұрақты тіркестер қазақ халқының тарихына әр түрлі қоғамдық дәуірлерде болған оқиғалардың жайын толық айқын айтып бере алады. Мәдени - тарихи жағдайлар кейде бір ғана атақты кісі есімімен – ақ, сол ұлтқа қатысты маңызды талай сырды аңғартып, коннотациялық мәнге ие болады.
№ 7.48-49 жаттығулар.
№ 8 – пактикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |