Туынды етістіктер
Туынды сөздердің белгілі марфологиялық құрылымы болады. Әдетте сол құралымның бір сыңары дербес мағыналы сөз болады, екінші сыңары бірінші компонентті белгілі бір сөз табына айналдыратын жұрнақ болады. Мәселен, екеу-ле, кел-тір, көл-бең-де, оқы-т, ойбай-лы, сабын-да т.б. Бұдан туынды етістіктер тіліміздегі негізгі сөз таптарының қайсынан болса да жасала беретін айқын көрінеді. Осыған орай туынды етістіктер жасалатын негіздеріне қарай есімдерден жасалған етістіктер және етістіктерден жасалған етістіктер деген екі салаға бөледі де, алғашқылар есім негізінде етістіктер, соңғылары етістік негізінді етістіктер деп аталады.
Есім негізде етістіктер
Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы зат, сан есімдерден, үстеу, еліктеуіш сөздерден, кейде одағайлдардан жасалады. Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
1. –ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы. Жұдырықта, көзде, иекте, арқала, өкпеле, жанбаста, білекте т.б.
2. –лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен (ла-н құранды қос.) ойлан(н), үйлен, қамсыздан, нәрсізден, намыстан, сезіктен т.б.
3. –лас, -лек, -дас, -дес, -тас, -тек (ла-с қосымшаларынан бірігіп қалыптасқан). Сөйлес, сыбырлас дегендегі –лас, -лес қосымшасын бөлшектеуге болады. , ал, сырлас, пікірлес, мұңдас, достас, көмектес дегенде бұл формалар тек бір тұлға есебінде қызмет етіп, бөлшектенбейді, сондықтан олар құранды (күрделі) жұрнақ саналады.
4. –лат, -лет, -дат, -дет. Бұл құранды (ла-т) әндет, дауылдат, түнделет, арқалат.
5. –а, -е. Ата, жаса, ойна, теңе, дем, өрт.
6. –Ай, -ей, -й. Құтай, тарай, қартай, молай, күтей, кеңей, көрікей, көбей, қарай т.б.
7. –қар, -ғар, -кер, -гер. Басқар, атқар, оңғар, суғар, ескер, теңгер.
8. Ар, -ер, -р. Жасар, жалтар, бұлтар, өзгер, қысқар, жаңар, ескір, тазар т.б. көгер, ағар.
9. Ал, -ел, біл-іл-іл. Жоғал, оңал, суал, теңел, тарыл, сұйыл, тіріл, ұял т.б.
10. –ық, -ік. Есімнен де, етістіктен де туынды етістік жасайтын көне жұрнақ. Жолық, зарық, демік, көзік.
11. –сы, -сі, -ымсы, -імсі. Ширақсы, батырсы, қамсқорсы, өгейсі, көлгірсі, үлкенсі, үлкенімсі.
12. –сын, -сін (сы-н). Адамсын, боласын, жамансын, білгішсін, көпсін.
13. –сыра, сіре (сы-ра). Қансыра, қымызсыра, ойсыра, ағайынсыра, әлсіре, жетімсіре.
14. –ра, -ре, -ыра, -іре. Бұзыққыра, тұрқыра, жарқыра, дүркіре, зіркіре, күркіре (леіктеуіш).
15. –ырай, -ірей. Кішірей, тікерей, бақырай.
16. –ы, -і. Байы, тарны, жаны, желпі, кеңі.
17. –шы, -ші. Аунақшы, дөңбекші, тықыршы,, өрші.
18. –са, -се. Суса, буса, көксе, қауса, қақса салт етістіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |