Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет53/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

1. Негізгі етіс. Негізгі етістіктің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктерді де негіздері жатады. Бұл жағдайда субъекті мен объектінің іс-әрекетке деген бастапқы семантикалық мәніне қарай анықталады. Мысалы, т.б. студенттер оқыды, біз келдік, ұста барды, бала шөлдеді, ұзақ сөйледі, сенімін ақтады, Майра ән салды
Сонымен, негізгі етіс деп өзге етістерге таяныш болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырып, айқындайтын тұлғаны айтамыз.
2. Өздік етіс. Қимыл-қозғалыс субъектінің өзіне бағышталып, объекті мен субъектінің бір зат екенін білдіретін етістің түрін өздік етіс дейміз. Мысалы, Ол киінді, жуынды, таранды дегенде киген де, жуған да, таранған да, яғни субъекті де және сол қимыл-қозғалысқа түсуші объект те –ол.
Өздік етіс сабақты етістіктің түбіріне –ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мәселен, жуын, суынды, киін, шешін, сұран т.б.
Ескерту: -лан, -лен, -ден, -дан, -тан, -тен құранды жұрнағы арқылы және –ырқа, -іркен, -сын, -сін жұрнақтары арқылы жасалған етістіктер де өздік етіс мәнін білдіреді. Мысалы, мейірлен, қатулан, әурелен, қаһарлан, тұшырқан, шіміркен, азсын, көпсін т.б.
Ырықсыз етістің тұлғалық көрсеткіші болып саналатын –ыл, -іл, -л аффикстері көптеген өздік етіс мәнін беретін жағдайлар да ұшырасады. Мәселен, аурудан жазылу, иіліп, бүгілу, оқуға берілу, тұрғанда керілу.
Әдетте тексте морфологиялық талдау жасағанда аффикстердің беретін мағыналарына көңіл бөлмей тұлғасына қарай ажырататын кездер жиі кездеседі.
Сөйтіп, -ыл, -іл, -л аффикстері мен тұлғаланған етістіктердің мағынасы мен орындарына қарай әрі өздік етіс, әрі ырықсыз етіс болып келетін де жағдайы бар.
3. Ырықсыз етіс. Әрекет-қимыл өздігінен жасалғандай болып көрінетін, қимыл иесінсіз айтылатын етістің түрін ырықсыз етіс дейміз. Мысалы, кітап оқылды, егін жиналды. Мұндағы қимыл иелері айтылмаған.
Ырықсыз етіс етістіктің түбіріне мынадай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.
1. –ыл, -іл, -л мал бағылды, су төгілді, жұмыс жасалды.
2. Етістік негізінде –л дыбысы болса, -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Қар тазаланды, киім ілінді, хабар алынды.
3. Өнімсіз болса да –лын, -лін, -ныл, -ніл тәрізді күрделі аффикстердің қосылуымен жасалады, алма желінді, жоқ ізделінді, ат байланылды; Осы жазған барша сөзден байқалынар бар шынын (Абай).
Ырықсыз етіс қимыл иесінің керек етпей, оның орнына толықтауыш болатын объект сөйлемнің грамматикалық бастауышы болады. Ол сөйлем тура толықтауышсыз айтылады.
4. Ортақ етіс. Қисыл-қозғалыстың бірнеше субъектіге ортақтығын білдіретін етіс ортақ етіс деп аталады. Жүкті әкелісті, көмек көрсетісті. Мұндағы әкелісу, көрсетісу қимылдары сол қимылға қатысушылардың бәріне ортақ.
Ортақ етістің негізгі морфологиялық көрсеткіші –с, -ыс, -іс жұрнағы. Яғни етістіктің түбіріне осы жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мәселен, санас, жинас, апарыс, артыс, көріс, керіс, бөліс т.б.
Мұнымен қатар есімдерден туынды етістіктер жасайтын -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес құранды жұрнақ та ортақ етіс мағынасын білдіреді. Мәселен, мұңдасу, ақылдасу, араздасу, қоштасу т.б.
Осы тәрізді етістіктердегі лас//лес аффикстері ла//ле және с аффикстерінен құралғанымен, бұл келтірілген мысалдардағы сөздер с аффикстерінсіз ақыл-да, тату-ла т.б. болып толық мағыналы дербес сөз ретінде айтылмайды. Ара жігін ашып айтуға болатын түбірлер мен шатастыруға да болмайды. Ымдас, аралас, қолтықтас, жұлқылас т.б. Ыс, -іс, -с жұрнағы басқа мағыналы аффикстерінен тұлғалас болып та қолданылады. Бір көрген біліс, екі көрген таныс, айтыс аяқталады. Мұнда есім сөз жасалып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет