Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет62/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Үстеудің морфологиялық белгілері
Үстеулердің сөз түрлендіретін формаларды қабылдау себебі олардың өзге сөз таптарынан қосымша сөздер ретінде ауысып келетіндіктерінен деп қарау керек. Мәселен: лажсыздан, абайсыздан, текке, алға, ертелеп, артқа, сонда, мұнда, осында т.б. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер морфемалық құрамы мен құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді. 1. Негізгі үстеулер; 2. Туынды үстеулер.
1.Негізі үстеулерге қазіргі кезде морфемаларға бөлшектенуге келмейтін, тек белгілі бір тұлғада қалыптасқан сөздер жатады. Дәйім, әбден, нақ, нағыз, тек, ілгері, шапшаң, қасақана, азар, ең т.б.Негізгі үстеулердің көпшілігіне сын есім шырайының жұрнағы жалғанады. Ерте-рек (леу), төмен-ірек (деу), жоғары, шапшаң-ырақ (дау), тым, аса, тіпті, ерте, төмен. Сондай-ақ, негізгі үстеулерден туынды үстеулер жасала береді. Әдейі-леп, кейін-де, т.б.
2. Басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің қосарлану, бірігу және тіркесу тәсілдері арқылы жасалған сөздерді туынды үстеулер дейміз. Тұлғалық құрамы мен құрылысына қарай туынды үстеулер екі топқа бөлінеді. 1. Жалаң туынды үстеулер, 2. Күрделі туынды үстеулер.
1. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтары арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеулерге айналады.
Үстеу жасайтын жұрнақтар төмендегілер:
1. –ша, -ше: ойша, ауызша, әлінше (зат есімнен), жаңаша, артықша, ескіше, түрліше, бөлекше (сын есімнен), барынша, мұнша, онша, бізше, өзінше (есімдік түбірлі), осылайша, қазірше, бүгінше, әзірше (үстеулерден үстеулер тудырып тұр).
2. –дай, -дей, -тай, -тей: қыстай, жастай, жағдай (зат есімнен). Бірдей, өлердей (түбір сан еміс етістік).
3. –лай, -лей (-дай, -дей): жартылай, тірілей, екіншілей, бұлай, олай, осылай, жағалай, ендей, бүтіндей т.б.
4. –дайын, -дейін, -тайын, -тейін: жарғадайын, түлкідейін, бөрідейін.
5. шама, шалық: мұншама, соншама, осыншама, қаншама, мұншалық, оншалық, осыншалық, қаншалық.
6. –лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп), -шылап, -шілеп: отыздап, жаяулап, темірлеп, екеулеп, жекелеп, сиыршылап.
7. –майынша, -мейінше: етістік түбірге тікелей жалғанады да, бейне үстеу жасайды: көрмейінше, қарамайынша, бармайынша.
8. –қары, -кері: ішкері, тысқары, ұшқары, сыртқары.
9. –ын, -ін, -сын, -сін: жазын, қысын, жасырын, астыртан, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет