Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет58/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

1. Бұйрық рай (императив). Бұйрық райда алдағы уақытта орындалуға тиісті әрекет- қимыл іс сөз болады. біреуге арналып, сұрай, бұйыра айтылған белгілі бір қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік мағынасын Бұйрық рай дейміз. Жауға оқ атайық, тұр, барыңдар, келсін. Наурыз мейрамына қатысыңдар.
Қазақ тілінде де басқа түркі тілдері секілді кел, жаз, оқы, кеш секілді түбір етістікңтер 2-жақ бұйрық рай болып есептеледі.
Бұйрық райдың үш жағы, соған лайық морфологиялық тұлға көрсеткіштері болады.
І жақ: жекешесі: -айын, -ейін, -йін, -йын барайын, келейін.
Көпшесі: -айық, -ейік, -йық, -йік барайық, келейік.
ІІ жақ: жекешесі: анайы түрінің көрсеткіші болмайды. Көпшесі: -ңдар, -ңдер, -ыңдар, -іңдер; сыпайы түрінің көпшесі: -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер оқыңдар, сөйлеңдер, барыңыздар, келіңіздер.
ІІІ жақ: жекешесі де, көпшесі де –сын, -сін жұрнағы айтсын, көрсін, келсін.
Бұйрық райдың І- ІІІ жағына қарағанда ІІ жағының бұйрықты білдіруі нақты анық болады. Мәселен: жүріңдер, тыңдама, жүрейін, айтсын.
Бұйрық райдың І-ІІІ жағындағы етістіктердің бұйрық мағынасының көрсетпейтін сездері де болады; -Неге болмасын, бұл қалада келер жан жоқ дейсің (С.М.). Сол жылы мен сегізге шыққанмын, мектепке барайын деп жүрген кезім (Сералиев).
-шы, -ші жұрнағы бұйрық райға жалғанып, тілек, сұрау, жалыну, өтіну, талап мағыналарын білдіреді. Көз жіберші, барайыншы, текке кетпесінші, баршы, барсыншы.
Бұйрық райдың жағымен формаларының мағыналар жөнінде күңгірт мәселелерде дау-талас бар. Мәселен, бұйрық райдың І жақ формалары (айын, -ейін, -йық, -йік) істі жүзеге асыруды біреуге бұйырудан гөрі сөйлесуші орындауды өз міндетіне алғаны оны істеуге бекінгені анығырақ байқалады.
Осы мағыналарына сүйене отырып кейбір тіл мамандары бұл –айын, -ейін, -йық, -йік форма қосымшаларын ерікті қалау рай жасайтын жұрнаққа жатқызады (Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев. қазақ тілі, 1964, 136 бет. К.Аханов. Қазақ тілі оқулығы, 1971 –айын, -ейін, жұрнағы бұйрық райда да қалау рай жасайды деп те берілмеген).
-шы, -ші жұрнағы шартты рай тұлғасына жалғанса, ол форма шарттық мағынасын жоғалтады да, жүзеге аспайтын өтініш, жалыныш мағынасын білдіреді. Мысалы: мен оқысамшы, біз оқысақшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет