Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет59/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

2. Қалау рай. Қимылды іс-әрекетті істеуді қимыл иесінің субъектінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін етістіктің түрін қалау рай дейміз. Бұл рай келер шаққа байланысты қолданылады. 1. Менің аралап қайтқым келеді (С.М.). 2. Сонда да айтқыза түсіп, танығысы келеді (М.Ә.).
Қалау рай мынадай аналитикалық жолдармен жасалады:
а) етістіктің түбіріне –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары, оларға тәуелдік жалғаулары үстеліп, кел, келмекші етістігі тіркесіп айтылуы арқылы: І көргім келеді, ІІ көргің келеді, ІІІ көргісі келеді, көпше: І көргіміз келеді, ІІ-ІІІ жоқ...
ә) етістіктің түбірі –са, -се, игі еді свөз тіркестері айтылуы арқылы: мен берсе игі едім, сен барса игі еді, барса игі еді. Қалау райдың бұл түрі «е» көмекші етістігінің тиісті жақ қосымшасын қабылдауы негізінде жіктеледі. Бұлардың болымсыз мағыналарын шартты рай жұрнағынан алдын –ма, -ме қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Келмесе игі едім, (-ң).
б) –қай, -кей, -ғай, -гей жұрнақты етістіктерге еді көмекшісі етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Көргей, барғай, едім (-ң).
в) –са+ еді, екен көрсеткіші. Ол оқуға түссе еді, айтсаңыз еді, хабарын алса екен, машинаға мінсең екен.
г)Етістіктің түбірлеріне -қай-кей, -ғай-гей жұрнағы, онан кейін жіктік жалғаулары қосылыпта қалау рай жасалады. Оқы-ғай-мын(-сың, -сыз) бармаймын(-сың, -сыз, -ғай). Қалау райының арнаулы көрсеткіштерінің бәрі де-күрделі(аналитикалық)формалар. Олардың жеке компаненттері бір-бірінен ажырамайды.
3. Шартты рай. Іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мүмкіндігі 2-бір істің орындалуына байланыстылығын білдіретін етістіктің түрін, шартты рай дейміз. Осыған уәде бермесем жөнімді айтпаймын.(М.Ә)
Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Шартты рай тұлғасындағы етістіктер жіктік жалғауларының қысқа түрімен жіктеледі І жақ жекешесінде –м, көпшесінде –к, -қ, ІІ жақ жекешесінің –ыңыз, -іңіз көпшесінде –ыңдар, -іңдер, -ыңыздар, -іңіздер жалғаулары жалағанып айтылады. ІІІ жақтың көрсеткіші болмайды. Оқысам, білсе, келтірсең, өткізбесе.
Шартты рай формасы (негізі) шарт мағынасынан басқа мынадай мағыналар білдіре алады:
1. Жұмсалуына қарай мезгіл мағынасын білдіреді. Базарға қарап тұрсам, әркім барар іздегені не болса, сол табылар (Абай). Жайлауға ерте көшсе, керейдің қонысын іздейтін (М.Ә.).
2. Салыстыру мағынасын білдіреді. Ежелден мәлім қай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл мол шығасылы болмақ (М.Ә.).
3. Қарсылық мағынасын білдіруге қатысады. Ербол ат ауыстырып мінсе де, күрең төбілдің екпіні әлі басым (М.Ә.).
4. Қалау райдың түрін жасауға негіз болады. көнсе игі едім (-ң, еді), оқыса игі еді -м (-ң, еді). Шартты рай көбінесе құрмалас сөйлем жасайды, яғни құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемі компонентінде шарттылық мағына айқын көрінеді. Енді аз бөгелсе, жұрт тағы кернеп кететін сияқты (М.Ә.).
Шарт мағынасын бермегенде, шартты райдағы етістік жай сөйлемде де қолданыла береді. Осы мен тегі ақын болсам керек. –Жесеңші, Абай. –Е, ең болмаса, сен ара ағайын болсаңшы- деді (М.Ә.).
4. Ашық рай (индикатив). Бұл рай етістік райларының ішіндегі ең негізгісі.
Қимыл, іс-әрекеттің осы шақта, өткен шақта, келер шақта болған- болмағанын, болатыны, болмайтынын көрсетіп, ІІІ жақта жекеше, көпше түрде айтылатын рай түрін ашық рай дейміз.
1. Жылағысы келіп қалғанын көріп тұрмын (С.М.). (осы шақ). 2. Күс басқан сияқты аяқтары қызарған кедей балары көрінді (М.Ә.). 3. Завод директоры ғой бір ақыл табар (келер шақ) (З.Ш.).
Ашық рай етістіктің көсемше, есімше түрлерін және шақ жұрнақтарынан кейін жіктік жалғаулардың қосылу арқылы жасалады. Дара және күрделі етістіктер ашық рай тұлғасында тұра береді. Айтамын, айта беремін, айтып беремін, бардым, барған едім т.б.
14-Практикалық сабақ.
Шақ категориясы, түрлері. Жақ категориясы, жасалу жолдары. Етістіктің синтаксистік қызметі. №7.248-249 жаттығулар.Үстеудің түрлері, морфологиялық белгілері, жасалу жолдары. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер.Одағай сөздер. Етістіктің синтаксистік қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет