Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипаты



бет66/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипаты
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сипаты жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер «еліктеу сөздер» (мимема) деп аталады (Мимема –гректің сөзі).
Еліктеу сөздер сематикалық жағынан табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуынан туатын дыбыстарды, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимылдардан туатын, әртүрлі дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден сан табиғатта ұшырайтын құбылыстарға, жан-жануарлардың сыртқы сын-сипатына қимыл-әрекеттерінің көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Сөз бен мағына бір еместігіне байланысты «ағаш», «тау» деген сөздердің мағынасында байланыс жоқ. Ал «Еліктеуіш сөздердің» дыбысталуы мен мағыналары табиғи байланысты.
Еліктеу сөздер толық мағынаға ие болу үшін арнаулы бір сөзбен тіркеске түсуі керек. Мысалы: «ағаш», «тау» дегендер жеке тұрғанда мағынасы айқын, ал «»гүр», «шық» деген сөздер жеке тұрғанда мағынасы жоқ, сондықтан елікту сөздерді контекстен ажыратуға болмайды. Еліктеу сөздердің мағыналарындағы осы өзгешелік оларды басқа сөз таптарынан ерекшелендіріп тұрады, тіпті одағайдан да ажыратады. Одағай сөздер –дыбысқа, құбылысқа тәуелді емес. Одағай сөздерде номинативтік (атау) мағына жоқ. Бұл жағынан олар шендесіп келіп, тәуелді, туелсіздігі жағынан аралары алшақтап кетеді. Көптеген ғалымдардың одағай мен еліктеу сөздерді бір деп қарауы осы «номинативтік» мағынаның болмауынан еді. Еліктеу сөздер осындай семантикалық ерекшеліктерімен ерекшеленді. Олар лексика-семантикалық жағынан екі топқа бөледі: 1. Дыбыстық еліктеуіш сөздер. 2. Бейнелеуіш сөздер.
1. Дыбыстық еліктеуіш сөздер
Дыбыстық еліктеуіштер мына төмендегі дыбыстарға еліктеуден пайда болады.
1. Адамның сөйлеу аппаратынан шығатын дыбыстық еліктеуіштер. Мысалы: сыбыр-сыбыр, міңгір-міңгір, күңк-күңк, пыш-пыш т.б. Раушан самп-самп етіп сөйлеуге айналды (Б.М.).Бұл топқа адамның күлген кезінде шығатын дыбыстар да жатады. Мысалы: Үлкендер ақырын мырс-мырс күліп қояды (М.Ә.). Мінайдар кеңк-кеңк күлді (Б.М.).
2. Түрлі хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған сөздер: ыс-ыс, әуп-әуп, бақ-бақ, ыр-ыр т.б. Мысалы: Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз (мақал).
3. Табиғат құбылысындағы жел, дауыл, боран, найзағай, күннің күркіреуі т.б. білдіретінт дыбыстық еліктеуіш сөздер. Мысалы: Қара бұлт қоюланып келіп, көк жүзі салдыр-күлдір етті (Б.М.). Жел ыз-ыз етіп, боран басылар емес.
4. Жанды-жансыз заттардың бір-біріне соқтығысу, қақтығысуынан пайда болатын дыбыстық еліктеуіш сөздер. Мысалы: тық-тық, тарп-тарп, сықыр-сықыр, қарш-қарш, қаңғыр-күңгір т.б. Алақанының ауырғанына да қарамастан сарт-сарт соғып тұр (Ә.Ә.). Шақ-шақ шабылған қайла дауысы (С.Е.). Қайла көмірге қарш-қарш тиеді (С.М.).
5. Заттың құлауынан, сынуынан, үзілуінен, қирауынан шығатын дыбыс атаулары. Мысалы: шарт-шұрт, шырт-шырт, бырт-бырт. Жалаңаш қалған уықтар сатыр-күтір етіп, сабаған сойылдардың күшіне шыдай алмай шарт-шұрт сынды (С.М.).
Сонымен дыбыстық еліктеуіш сөздер табиғат құбылысында кездесетін алуан түрлі жанды заттардың дыбыстау аппараттарында, жүріс-тұрыстарында және жансыз заттардың бір-біріне тиюі, соқтығысуы, қақтығысуынан пайда болған.
2. Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер –табиғатта кездесетін әрқилы заттар мен құбылыстардың, заттардың, жан-жануарлардың сырт көрініс сипатын олардың қозғалыысқа түскен іс-әрекеттерінің, жүріс-тұрысындағы қимылдардың көрініс-бейнелерінің көру қабілеті арқылы танылатын адам организімінде болатын сезім-күйлердің атаулары. Құдалар қаужаң-қаужаң етіседі (І.Ж.). Жаңыл шықты, жаулығы жырым-жырым (С.Т.).
Лексика –семантикалық жағынан бірнеше топқа бөлінеді.
. Адамның, аң-хайуанаттардың, құстардың сырт тұлға көріністерінің, жүрістерінің бейне елесін білдіретін бейнелеуіш сөздер. Мысалы: тырбың-тырбың, тарбаң-тарбаң, қайқаң-қайқаң, бүкжең-бүкжең, қалбаң-қалбаң, көлбең-көлбең т.б. Ықылас аяғын әлтек-тәлтек басып, есік аузына барды (С.Е.). Күйкің-күйкің аяңдап Қанабек келеді (Ғ.С.). Ақ күміс ер-тоқымдар жарқ-жарқ етеді (М.Ә.).
2. Қимыл –процестің жүйесіз, тәртіпсіз, үсті –үстіне, астан –кестен болған құбылысты білдіретін бейнелеуіш сөздер. Мысалы: жапыр –жұпыр, апыр –топыр, шақұр –шұқыр, апалаң –топалаң т.б. Біреулер апры –топыр болып жағаласып тұра келді (Б.М.).
3. Табиғат құбылысында кездесетін әр қилы затардың, құбылыстардың жағдайын, қалпын, адамның үстіндегі киімінің көрініс –бейнелерінің елесін білдіретін бейнелеуіш сөздер. Мысалы: жалба- жалба, жалма –жұлма, жырым –жырым. 1. Қиюы қашқан тақтайлар быт-шыт болып кетті. (С.М.).
4. Адамның дене организімінде болатын алуан түрлі сезім- құбылыстарының атаулары да бейнелеуііш сөздерге жатады. Мысалы: Алтайдың тұла бойы шымыр-шымыр етті (С.М.). Маңдайынан шып-шып, суық тер бұрқ ете түсті (С.С.).
Бірсыпыра еліктеу сөздер контексте ауыспалы мағынада жұмсалады. Мысалы: Жал-жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнайды (Ж.). Қысылғаннан оның маңдайынан тер бұрқ ете түсті (С.М.). Осында бірінші сөйлемде еліктеуіш болса, кейінгі сөйлемдерде ауыспалы мағынада жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет