Дифференциация: бұйымдағы қарапайым, орташа және күрделі өрнекті өру орындау ұсынылады.
|
Оқушылар өру түріне байланысты материал таңдайды, мысалы макраме, шілтер өруге арналған жіптер т.б.
Оқушы материалды және өру сұлбасын орындағаннан кейін, бұйымды орындау кезеңдерін жоспарлайды.
Сұлбалармен жұмыс жасау барысында оқушылар түрлі түстермен өру түйіндер мен кейбір орындарын белгілей отырып, қажетті өрілім түрлеріне назарын аударып отырады.
|
*өру өнері туралы білімін көрсетеді;
*өрудің бірнеше тәсілдерін меңгерген;
*түрлі өру өнеріне байланысты материалдар мен құрал-жабдықтарды біледі және ажырата алады;
*шығармашылық жұмысты ұқыпты орындайды;
*өз идеяларын бірнеше ізденіс нобай ретінде келтіре алады;
*Өз іс-әрекетін жоспарлай алады.
|