Сабақтың ортасы
|
Бұйым өру.
Бұйым үлгілерін, өру түрлерін,өру техникасында қолданылатын әртүрлі материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) көрсету. Оқушыларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен (шымши, қамшы өру және т.б.) таныстыру.
Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған. Оқушылар осы сабақта қолданылатын материалдар мен қажетті құрал-жабдықтарды, өру техникасын, түстердің үйлесімділігін өз бетінше таңдайды.
Тапсырманы бастамас бұрын техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы үшін нұсқамалық жұмыстарын жүргізу.
Тапсырма
Өру техникасында бұйым жасау.
Өру техникасына қажетті материал ретінде газеттен жасалған түтікшелер, қалық жіптер, медициналық инфузиондық түтікшелер /система/ т.б. қолдануға болады. Ұлттық қолөнер түрі – шымши тоқу қолдануды ұсыну.
Жұмыс барысында оқушыларды қолдап, көмектесіп, қажеттілігіне қарай өру тәсілдерін көрсету.
Дифференциация: бұйымдағы қарапайым, орташа және күрделі өрнекті өру орындау ұсынылады.
|
Оқушылар өру түріне байланысты материал таңдайды, мысалы макраме, шілтер өруге арналған жіптер т.б.
Оқушы материалды және өру сұлбасын орындағаннан кейін, бұйымды орындау кезеңдерін жоспарлайды.
Сұлбалармен жұмыс жасау барысында оқушылар түрлі түстермен өру түйіндер мен кейбір орындарын белгілей отырып, қажетті өрілім түрлеріне назарын аударып отырады.
|
*өру өнері туралы білімін көрсетеді;
*өрудің бірнеше тәсілдерін меңгерген;
*түрлі өру өнеріне байланысты материалдар мен құрал-жабдықтарды біледі және ажырата алады;
*шығармашылық жұмысты ұқыпты орындайды;
*өз идеяларын бірнеше ізденіс нобай ретінде келтіре алады;
*Өз іс-әрекетін жоспарлай алады.
|
Қамшыны өру https://youtu.be/ckG6BV1UoyM
Ши өру. Қазақ қолданбалы-өнерінде ши тоқу ежелден қалған қол өнері.
http://www.youtube.com/watch?v=gyRDJv... – газет түтікшелерін жасау және бояу
https://youtu.be/y9bLd9_QTA0 Шөптен өру. 3 - бөлім
|