Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Бекіту
Үйге тапсырма
Рефлексия
|
Оқушылар сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийімен танысады.
Оқушылар сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздейді, топ ішінде аз-кем талқылау жасайды. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырады.
1-тапсырма. Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз
Шығарма үзіндісі
|
Салыстыру
|
Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда.
|
|
Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай аттарын, жыл аттарын жаттатты. Бірде әкеме жаттағандарымды айтып бердім. Ол мені мақтап арқамнан қақты
|
|
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. - Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол. - Мен Момыштың ұлымын. - Момыш кімнің баласы? - Момыш – Имаштың баласы. Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
|
|
|