Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Бекіту
Үйге тапсырма
Рефлексия
|
Оқушылар сабақтың оқу мақсатымен және бағалау критерийімен танысады.
«Жастар» өлеңін жатқа айтып, мазмұнын талдау
Өлеңнің негізгі тақырыбы қандай?
Өлеңді ақын кімге арнады, кімді үлгі етті?
Абайдың қандай қасиеттерін үлгі етті?
Қазіргі кезде бір –біріңе кімді үлгі ретінде ұсынар едіңдер?
Қандай қасиеттері не істері үшін?
Opiq платформасы Параграф 3.11
Шәкәрім шығармашылығы бойынша тест сұрақтарына жауап беру
Шәкәрім туралы он дерек
1 Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
2 Кейбір деректерде Шәкәрімнің шын есімі «Шаһкәрім» деп беріледі.
3 Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді
4 20 жасында елінде болыс болады. 1881 жылы Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға өткізеді.
5 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті.
6 1909-1910 жылдары ақын елден жырақтап, оңаша елсізге кетіп, оқу, ойлау, жазумен болған. Ол елсіздегі қорада жалғыз жатады.
7 Домбыра тартып, гармоньда ойнаған. Ән айтып, саятшылық құрған, сурет салып, өмірін ғылымнан өзге осындай өнер түрлеріне арнаған.
8 Өзі ән айтумен қатар 14 жасынан бастап ән шығара бастады, түрлі аспаптарда ойнауы былай тұрсын, ағаштан ойып мандалин, қобыз сынды аспаптарды жасады, қолданбалы өнермен шұғылданып, тіпті киім тікті.
9 73 жасында ақын жазалаушылар атқан оққа ұшырайды. Бұл сұмдық уақиға 1931 жылы 2 қазан күні болған. Шәкәрімнің денесі жапандағы құр құдықта көмусіз отыз жылдай жатады.
|