Сабақтың тақырыбы: Әлемдік шаруашылық салалары: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы Бөлім



бет3/6
Дата25.02.2024
өлшемі1.95 Mb.
#493154
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Әлемдікшаруашылық8A

Дескриптор: Сөйлемдердің «Ақиқат/Жалған» екендігін табады;
Жалпы балл – 2 балл

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
«Мадақтау» әдісі арқылы бағаланады.




Жаңа сабаққа кіріспе

15 мин




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Суреттерге қарап, жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Жаңа сабақ түсіндіріліп, дәптерге тірек сөздерді жазып алады.
Дүниежүзілік шаруашылық туралы не білесіңдер?
Өнеркәсіптің қандай түрлерін білесіңдер?
Критерийлер:
Дүниежүзілік шаруашылықты анықтайды;
Өнеркәсіптің түрлерін анықтайды;
Дескриптор:
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды;
Жаңа сабақты түсінеді;
Дәптерге тірек сөздерді жазады;
Сұрақтарға жауап береді.

1 тапсырма.

Оқушылар 4 топқа бөлініп, жаңа тақырып бойынша постер қорғайды:


1топ: Өндіруші өнеркәсіп;
2топ: Өңдеуші өнеркәсіп -металлургия мен энергетика;
3топ: Өңдеуші өнеркәсіп – машина жасау, химия, тұтыну заттарын өндіретін салалар;
4топ: Қызмет көрсету салалары

Дескриптор:

    1. топ өндіруші өнеркәсіп саласын сипаттайды;

    1. топ өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, энергетика салаларын сипаттайды;

    1. топ өңдеуші өнеркәсіптің машина жасау, химия өнеркәсібі салаларын сипаттайды;

    1. топ қызмет көрсету саласын сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет